Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»


III. Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану



бет3/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,1 Mb.
#28894
1   2   3   4   5   6

III. Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың дамуы осыларды келешекте басқаратын жаңа ұрпақты даярлауды қажет етіп отыр. Қазіргі заман талап етіп отырғандай, әр жеке тұлғаның иниқиативасын дамыта, білімді бойына дарыта отырып оқыту - бірінші орындағы мәселе. Сөз тіркесін оқыту барысында колданылған оқытудың интерактивті әдістері осы жағдаятты шешуге көмектесті.

Оқытудың интерактивті әдістері



Пікірсайыс

Рөлдік ойындар



IV. Тест арқылы оқушы білімін тексеру. Оқушының білім дәрежесін бағалайтын педогогикалық өлшем, шама. Оқушының сөз тіркесі синтаксисінен алған білімін тексеру, бақылау процестері тәрбиелік, жүйелік, жан-жақтылық ұстанымдарына негізделді.

Жалпы әдістеме ілімінде жаттығулар жүйесін жасау мәселесі -оқыту жүйесіндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оқулықтар мен оқу құралдарына талдау жұмыстарын жүргізгенде 60-жылдарға дейінгі тілдік, яғни, грамматикалық жаттығуларға көп мән беріліп, оқыту үрдісінде оның үлес салмағының басым болғанын байқадық. Бұл сөйлеу әрекеті грамматиканы игеру негізінде ғана жүзеге асады деген сыңар жақты пікірдің басым болғанына байланысты.

Қазақ тілін игерумен байланысты жүргізілетін жұмыс - оқушылардың алған білімін әртүрлі жағдайда қолдана білуі мақсат тұтатын оқу әрекетінің түрі. Жаттығуларды даярлау арқылы ғана оқушы ізденеді. Алдына қойған мақсатын шешуге тырысады.

Жаттығулар әдісінің негізгі қызметі - оқушының алған білімі мен іскерлегінің тез дағдыға айналуы және практикалық жағдайда орындай алуға мүмкіндік жасау. Жаттығу жұмысын жүргізу әр пәннің міндетті бөлігі. Теориялық материалдарды берік меңгерту жаттығулар жұмысының тиімді де жүйелі құрылуына байланысты. Жаттығу жұмыстары жеңілден басталып, бірте-бірте күрделене түсіп, шығармашылық деңгейдегі жаттығуға дейін көтерілуі тиіс.



Әдістемелік еңбектерде жаттығу жұмыстарын әртүрлі топтау жүйесі бар:

Әдіскер ғалым А.Әбілқаев: «Жаттығу тілді оқыту процесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Жаттығуларсыз қазақ тілі сабағын өткізу мүмкін емес», - дей келе, қазақ тілін оқытумен байланысты жаттығуларды орындай түріне қарай ауызша, жазбаша, қиындық дәрежесіне қарай оңайдан қиынға қарай деп бөлінеді де, жаттығулардың түрін көрсетеді.



Хасен Арғынов сөз тіркестерін меңгертуге байланысты төмендегідей жұмыстарды атап көрсетеді:

  • берілген сөйлемдердегі сөз тіркестерін тапқызу, олардың
    бағыныңқы, басыңқы компоненттерін атату, қай сөз табынан
    болғанын дәлелдету;

  • сөздер бері, солардан сөз тіркестерін жасату, олардың қайсысы
    есімді сөз тіркесі, қайсысы етістік сөз тіркесі деп аталатынын
    айтқызу;

  • есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің қай сөз
    табынан жасалғанын сұрау;

  • етістікті тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің қайдай
    тұлғада, қай сөз табынан жасалғанын сұрау;

  • өлеңді сөйлемдердегі сөз тіркестерін атау,, олардың сөз
    тіркесінің қай түрі болып тұрғанын айтқызу және дәлелдету.

Проф. С.Рахметова грамматиканы оқыту барысында оқушылардың тілін дамытуда жаттығулардың грамматикалық жаттығулар деп, ішінара бөледі.: «Грамматикалық жаттығулар оқушылардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді,» - дейді.

З.Бейсембаева: «Сабақтың дидактикалық мақсатына өарай жаттығулардың түрі де (дайындық жаттығу, байқау-сынау жаттығулары, машықтану жаттығулары т.б) өткізу формасы да (ауызша, жазбаша) әр түрлі,» - дейді.

Н. Құрманова өз еңбектерінде жаттығуларды аналитикалық (теориялық материалдарды игеруде оны дағдыға айналдыру мақсатында), синтетикалық (грамматикалық ішкі заңдылықтарын тілде қолдана білуге), аналитика- синтетикалық (стильді ажырата білу, редакциялау, шығармашылығын арттыру мақсатында жаттығулар ) деп бөлінеді.

Сонымен зерттеу тақырыбына сәйкес жүргізілетін грамматикалық жаттығу жұмыстарын орындау сипатына қарай екі топқа топтадық: ауызша, жазбаша.

Жаттығулардың ішкі мақсаты мен мазмұнына қарай ішінара талдау сипаты басым (аналитикалық) және жинақтау, біріктіру сипаты басым (синтетикалық) жаттығу, шығармашылық сипаттағы жаттығу (сөз тіркестерінен сөйлем құрау, оны мәтінде пайдалана білу, мәтіндегі ойды білдіруге тірек болып тұрған сөз тіркестерін таба білу ) деп бөліп қарастырдық.



І.Аналитикалық жаттығуларды орындаудың негізгі мақсаты оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, тілдің грамматикалық құбылыстарын анықтау, грамматикалық талдау.

Аналитикалық жаттығулар сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін таба білу , сөз тіркестерін салыстыру, сыңарларына сұрақ қою, басыңқы, бағыныңқы гыңарларды таба білу, олардың морфологиялық белгілерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жаттығулар сөз тіркестерінің басты негізгі фекшеліктерін тани білуге дағдыландырады. Жаттығулар бірте - бірте күрделене түседі.



Сөз тіркесін оқытумен байланысты машықтану жаттығулары т.б) өткізу формасы да (ауызша, үргізілетін аналитикалық жаттығулар жүйесі:

1-жаттығу. Мәтпіннен сөз тіркестерін табыңдар. Бағыныңқы басыңқы юмпоненттерінің қай сөз табында екенін ауызша айтыңдар. Есімді сөз піркестерін табыңдар.

Төрт жерден албыраған аспалы шамдар жақын үйдің жайын айтқызбай- ақ баяндап тұр. Бәрі де қазақ даласына бұрын келмеген карығы мол, үлкен шамдар. Қара барқытпен оюланған туырлықтың иығын шығара керней тұрған алтын бояулы уықтай шам жарығында түрын бір көрмеген салтанат сияқтанады. Бірімен - бірі араласқан ояулар, қызыл - жасылды терме бояулар, түкті кілемдер, күміс «аптырған адалбақандар бұл үйдің жасалуына бірталай - ақ ой :еткендігін айтып тұр. Біріне - бірі сай, асыл нәрселерді жарасымын ауып жымыңдысып тұрғандай.(Ғ. Мүсірепов ).

Бұл жаттығудың мақсаты - мәтіннен сөз тіркесін табу.

Міндеті - сөз тіркесінің бағыныңқы компонентінің, басыңқы компонентінің кай сөз табында жасалғанын анықтау. Есімді сөз тіркестерін таба білу. Жұмысты орындау арқылы оқушы мынадай нәтижеге жетті:

  • тексті мәнерлеп оқып, мазмұнына мән береді;

  • мәтіннен сөз тіркестерін тауып үйренеді;

  • сөз тіркесінің түрін, яғни бағыныңқы, басыңқы компонентерден
    тұратындығын, олардың белгілі бір сөз табынан
    жасалатындығын меңгерді, білді;

  • есімді сөз тіркесі мен етістікті сөз тіркесінің айырмашылығын
    білді;

  • морофологиядан алған білім-дағдыларын сипаттап
    байланыстыра алады.

2-жаттығу. Мына өлеңнен етістікті сөз тіркесін табыңдар. Етістікті сөз тіркестерінің багыныңқы сықарлары қызметіңде қай сөз табы қолданылып тұрганына жазбаша талдау жасаңдар.

Мен қуансам, жас баладай қуанам, Көрген адам талай деген «Есалаң» Мен қарғырсам, орнатамын қиямет, Жас баламын: тағы да тез жұбанам.

Күлсем егер, есім шығып күлемін, Жылағанда қап-қара қан төгемін. Қасым болса, қанын ішкім келеді, Досым болса, жолында оның өлемін.

(М.Жұмабаев).

Жаттығудың мақсаты — етістікті сөз теркестерін табу.

Міндеті - поэзиялық шығармалардан сөз тіркесін табу, қай сөз табына

жасалғанын анықтау.



Нәтижесі:

  • поәзиялық шығармалардан сөз тіркесін тауып үйренеді;

  • түсініксіз сөздерге талдау жасап, мағынасын ашуға тырысты;

  • өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықты.

3-жаттығу. Мәтінен сөз тіркестерін тауып, онық басыңқы сыңарларын ауызша атаңдар.

Түн шайдай ашық еді. Аспанда бұлт жоқ. Хамит жалғыз, ескілеу жолмен келеді. Ағаштардың жапырақтары салғырт тартып, сарғая бастаған. Кей жерлерде қыстаулар көрінеді. Қыстау маңында жайылып жүрген мал. Құбақан ат басын шұлғып келеді. Аттың пысқырғаны Хамитке жақпай келеді (С.Сейфуллин).

Мақсаты - сөз тіркесінің басыңқы компоненттерінің жасалуына назар аудару, пысықтау.

Міндеті - басыңқы компоненттерінің қай сөз табына жататына байланысты етістік, есімді, ортақ басыңқылы болып бөлінетінін нақтылау, назар аударту.

Нәтижесі:

  • сөз тіркестерін мағыналық жоқтан топтастырып, бөліп алады;

  • оларға талдау жасап үйренді;

- кез-келген тіркестік сөз тіркесі бола алмайтынына тағы да көздерін
жеткізді.

4-жаттығу. Өлеңнен матаса байланысқан сөз тіркесін тауып жазыңдар.



Бұл дүниенің қарты едің, Әулиенің арты едің, Батырлардың мәрті едің Айналайын, Қабанбай; Қайда болар тұрағың?

ұхар жырау).

Мақсаты - сөз тіркесінің байланысу формаларын табу.

Міндеті - матаса байланысқан сөз тіркесін тауып, қалай жасалғанын

көңіл аудару.



Нәтижесі:

  • септік жалғауларының байланысу формасын ажыратуда ерекше
    рөл атқаратынын ақытады;

  • мәтінді мәнерлеп оқуға жаттьщты;

  • тирихи тулға есімдерімен танысты (Қабанбай батыр, Бұхар
    жырау);

  • көмекші есімдер арқылы жасалған тіркестердің сөз тіркесі бола
    алмайтынын меңгерді.

5-жаттығу. Сөз тіркестерін анықтап, тірекесу ерекшеліктерінауызша айтыңдар.

Қырқада, айда, бөктерде Оттығып өріс, күн жылып. Мал төлдеп жатыр көктемде, Ауылдың маңы қым-қуат.

Бұлақтың көзі ашылып,

Бұлдырап келді жылғаға.

Құнанның жалына асылып,

Қуанып күліп Тұр бала.

(М.Мақатаев).

Мақсаты - сөз тіркестерін табу, оларды анықтау. Міндеті - сөз тіркестерінің тіркесу ерекшеліктерін меңгеру. Нәтижесі:

  • сөз тіркесінің байланысу тәсілін меңгерді;

  • олардың түрін ажыратады, қандай қосымшалар негізінде
    жасалғанына назар аудару арқылы іскерлік дағдыларын
    қалыптастырды.

Бұл аналитикалық жаттығулардың көздейтін мақсаты - оқушының сөз тіркесі туралы жалпы түсінігін қалыптастыру, сөйлемде, мәтінде сөз тіркесін тани білу, оның түрлерін бір - бірінен грамматикалық ерекшеліктері арқылы ажырата білуге үйрету.

2. Синтетикалық жаттығулардың аналитикалық жаттығулардан мазмұны, орындау шамасы күрделірек. Мұнда орындалатын жаттығулар, негізінде, сөз тіркестерін құрау, бір-бірімен салыстыру, ұқсас тілдік тұлғалардан ажырату бағытын көздейді.



1-жаттығу. Төмендегі сөздерден сөз тіркесін қүрап, олардың бағыныңқы, басыңкы сыңараларын ауызша атақдар.

Үлгі: алып тұлға: алып — бғгыныңқы сыңары (қандай тұлға?), тұлға (не? )- басыңқы сыңары.

Тұлға, тарих, алып, халық, жас, жасыл, үрпақ, бақ, еңбек, өткен, адал, шатыр, бала, жылы, жаңбыр, қарт, адам, жақсы. Бұл жұмыстың мақсаты - сөз тіркестерінің басыңқы, бағыныңқы сыңарларын бір-бірінен ажырату.

Міндеті - екі сөзді байланыстыру аркылы сөз тіркесін құрау. Нәтижесі:

  • мағыналық байланыстың болуы шарт екеніне көздерін жеткізді;

  • екі сөз тіркестіру арқылы сөз тіркесін жасады;

  • ойлау қабілеттерін дамытты;

  • басыңқы, бағыныңқы компонетке сұрақ қоюды үйренді.

2-жаттығу. Сөз тіркестері, тұрақты тіркестерді және күрделі сөздерді бөлек-бөлек топтап жазыңдар.

Туған жер, ардақты кісі, қой ауызынан шөп алмас, жылқы мінезді, көркем дүние, мәдениет сарайы, мектепке арнау, ауыл

жастары, ит тұмсығы өтпейтін, қара торы, қабырғаңмен кеңес, озат

оқушы, таза үй, кілем, бозторғай.

Мақсаты - сөз тіркестерін өзіне ұқсас тілдік тұлғалардан ажырата білу.

Міндеті - лексика және морфология салалрынан алған білімдерін

пайдалана білу, оны жүзеге асыру.



Нәтижесі:

  • сөз тіркесінің басты, негізгі қасиеттерінің нақтылыды,
    анықтады;

  • оған іс жүзінде көздерін жеткізді;

  • тіл білімінің басты салаларынан алған білім білік дағдыларын
    пайдалануға тырысты;

  • күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір
    компонентінің қызметін ғана атқаратына көздерін жеткізді;

  • таным деңгейі өсті.

3-жаттығу. Мына кестедегі сөз тіркесі мен тіркесті салыстырып, олардың айырмашылыгын айтыңдар. сөз тіркесіне 3 сөйлем, тұрақты тіркесіне 3 сөйлем ойлап жазыңдар.

Сөз тіркесі

Тұрақты тіркес

Таза дәптер, таза киім, әдемі киім, әдепті кісі, баланың ісі

Жүрек жүтқан (батыр), қоян жүрек (қорқақ), тіс жармау (үндемеу)

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет