Дипломалды іс-тәжірибе



бет11/12
Дата21.04.2020
өлшемі273,22 Kb.
#63186
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Рысбекова Асия Токирбайқызы

Мысал 3. АВСД квадраттың ВД диоганалы және АN қиюшысы жүргiзiлген. NВ кесiндiсiнiң ұзындығы нольге ұмтылатындай А нүктесiнiң айнала қозғалады. Осы үдерісте NВК үшбұрышының бұрыштарының шамасы, сонымен бiрге қатынасы неге ұмтылатындығын анықтаңдар?

Мысал 4. Жарты дөңгелекке АВС үшбұрышы iштей сызылған, .

С нүктесi шеңбер доғасының бойымен СВ доғасының ұзындығы нольге ұмтылатындай қозғалады. Осы үдерісте ВДС үшбұрышының ішкі бұрыштары және қатынасы неге ұмтылатынын анықта?



Мысал 5. Қысым алғашқы 10 секундта мынадай заңдылықпен өзгередi, мұндағы уақыт (секунд есебiмен) - қысым (атмосфера есебiмен)

Қысымның өзгеру үдерісі осы формулаға сәйкес шексiз ұзақ уақыт жалғасады деп ойлайық, онда – мәнiне шексiз жуықтайтындай шегi бар бола ма және егер бар болса, онда ол неге тең?

Үшiншi тапсырмада оқушылардың туынды ұғымын екiншi және үшiншi деңгейдегi қолданбалы есептерді шығаруда қолдану бiлiгi тексерiлдi.

Төмендегі функциялардың туындысын табыңдар:

1. а) , б) , г).

ә) , в) ,

Математикалық білім төңірегінде туындалған мәселелерге сай анализ ұғымына келтіретін қолданбалы бағыттағы есептерді шешуде оқушылардың қандай қиыншылықтарға кездесетінін анықтау үшін төртінші тапсырмаға функцияны зерттеу және олардың графигін құруға арналған.

1. функциясына абсциссаның x=-1 нүктесіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жаз.

2. функциясын зертте және оның графигін сыз

Жүйенiң тиімдiлiгi мынадай үш параметр көмегімен бағаланды: оқушының ұғымды меңгеруі; қолданбалы есептердi шығару бiлiктілігі; есепке қызығушылғы. Мұның ерекшелігі оқушының математикалық анализдің негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейі анықтаманы білу арқылы емес, есептер жүйесінің шешімі бойынша бағаланды. Бақылау жұмысының нәтижесін салыстыру эксперименттік сыныптағы үлгерім бақылау сыныбындағыға қарағанда жоғары екенін көрсетті. Эксперименттік сыныпта жұмысты “4” пен “5”-ке орындаған оқушылар саны 57 %-ке дейін өсті, сонда бұл сан бақылаушы сыныптар үшін 43% құрайды. Эксперименттік сыныптардағы үлгермейтін оқушылар саны мейлінше азайды.

Бақылаушы және эксперименттік топтардың қорытынды бақылау жұмысының нәтижесi 2 кестеде көрсетілген.

2 кесте -Қорытынды бақылау жұмысының нәтижесi






Бiлiм мен бiлiк элементтерi

Бақылаушы сынып

Эксперименттік сынып

1

графикалық арқылы берілген функцияның үзіліссіздігі

62,3%

76,3%

2

аналитикалық формуламен берілген функцияның нүктедегі үзіліссіздігі анықтау

53,5%

68,7%

3

Функцияның нүктедегі шегін есептеу

45,3%

73,3%

4

туынды есептеу

48%

75%

5

алғашқы функция,

интегралды есептеу



51%

72%

6

Туындының көмегімен функцияны зерттеу

58%

75%


9 сурет – Математикалық анализдің негізгі ұғымдары бойынша оқушылардың білім деңгейінің салыстырмалы диаграммасы


Диаграммадан бақылау сыныбы оқушыларына қарағанда эксперименттік сынып оқушыларының білім сапасының жоғары екенін көруге болады.

Математикалық анализдің негізгі ұғымдарын меңгеру сапасын тексеруге байланысты алынған бақылау жұмыстарының қортындысы мынаны көрсетті: эксперименттік сыныптарда оқушылар меңгерілген білімді әртүрлі жағдайларда қолдана білу білігі қалыптасқан; оқушылар функцияны зерттеудегі есептеу нәтижелерін түсіндіруде теориялық тұжырымдарды сенімді түрде қолдана біледі.

Алынған нәтижелер есептер арқылы оқытудың тиімділігін, оқушылардың бағдарламалық материалдарды меңгеру деңгейін, оқушылардың теориялық материалдарды практикада қолдану біліктілігі мен дағдысы берік қалыптасқан, - деп тұжырым жасауға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломалды практика кезінед 9-«б» сыныбының сынып жетекшінің ассистент болып бекітілдім. 9-«б» сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді практика кезінде барынша дамытуға тырыстым.

Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым.

17.03.2020ж күні 9-«б» сыныбында өзіме берілген ғылыми тапсырма бойынша «Рационал бөлшектер» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

Жалпы білім беретін орта мектепте математикалық анализдің негізгі ұғымдарын қалыптастыруда есептерді пайдалану мәселесін теориялық және эксперименттік зерттеу нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік туды:

1) Мектептiң математика курсының мазмұнына, педагогикалық әдiстерге талдау жасау негiзiнде орта мектеп мұғалiмдердiң анализдiң негiзгi ұғымдарын қалыптастыруда есептi пайдаланудың теориялық және практикалық жағдайын анықталды.

2) Есептi қолданудың психология, дидактикалық және әдiстемелiк аспектiлерiн негiзделді.

3) Орта мектепте математикалық анализдің негізгі ұғымдарын есептерді қолдану арқылы алдын ала дайындаудың бірізділігі мен мүмкіндігі, сонымен бірге интуицияның рөлі айқындалды.

4) Математикалық анализдің негiзгi ұғымдарын қалыптастыруда оқу материалдарын оқыту есептер жүйесіне келтіріліп өңдеуге қойылатын тапаптар анықталды.

5) Математикалық анализдің негізгі ұғымдарын қалыптастыруда алдын ала дайындық геометриялық және физикалық қолданбалы есептер жүйесін шығару арқылы жүзеге асырылады. Бұл есептер тақырыптар бойынша реттеп орналастырып, әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет