Дипломалды практиканың есебі



Дата22.08.2020
өлшемі13,93 Kb.
#76406
түріДиплом
Байланысты:
Дипломалды практиканың ОТЧЕТ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ, Қазақстан тәуелсіздік жолында., Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты, МІНЕЗДЕМЕ

09.03-11.04.2020 ж. аралығындағы
Дипломалды практиканың
ЕСЕБІ

Мен Баймағамбетов Ерлан Русланұлы Халел Досмұхамедов Атырау мемлекеттік университетінің 4 курс студентімін. Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасында 9 наурыз – 11 сәуір аралығында дипломалды практикадан өттім. Бұл кәсіпорынды таңдаған себебім, дипломдық жұмысымның тақырыбы сәйкес ұйымдық құрылым болғандықтан таңдадым. Дипломдық жұмыс тақырыбы: Мектептің тарих курсында Елбасы еңбектерінің деректік маңызы. Дипломдық жетекшім, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гүлфайруз Қайырғалиқызы. Дипломалды практиканың мақсаты: кафедраның профессор-оқытушылар құрамынан диплом тақырыбы бойынша кеңес алу. Кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Лесқали Базарғалиұлы тақырып негізінде университеттің ғылыми кітапхана және облыстық кітапхана қорынан мәліметтер ала алатынымды және де қысқа да нұсқа ақпарат айтқан еді. Мен күн сайын іс-тәжірибе өту барысында кафедраға келдім, яғни таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін болдым. 16 наурыз бастап бастап мемлекет басшысы Қ. Тоқаев елімізде төтенше жағдай жариялаған еді. 16 наурыз 2020 ж. университет толықтай қашықтықтан оқуға көшкен еді. Соған байланысты, үйде отырып, қашықтықтан жұмыс жасадым. Дипломалды практика міндеттерін қалыптастыруда негізгі принцип болып табылатын ол, диплом жұмысын білімін магистратурада жалғастыруға, мүмкіндік беретін ғылыми зерттеулердің бастамасы. Осы дипломалды практиканың негізгі міндеттері: дипломдық жұмыстар жазу үшін эмпиристік материал жинау; кітапхана ісі практикасында алған теориялық білім мен дағдыларды кешенді ойластыру; кітапхана қызметі нақты бағыттарына терең жұмыс дағдыларын алу; ғылыми-қор, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, библиографиялық, ақпараттық-білім беру; кіріс акпараттарды компьютерлік өңдеу, интернет торабында жұмыс істеу; диплом жұмысын жазу мақсатында әрқилы кітапхана бағдарламалары мен жобаларын іске асыру бойынша кітапхана практикасы анықтау тәжірбиесін игеру деген түйінге келдім. Дипломдық практиканың жетекшісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гүлфайруз Қайырғалиқызы практика барысында практика бағдарламасына сәйкес жеке жұмыс жоспарын бекітті, практика мәселелері бойынша кеңес беру және атқарылған жұмыстар бойынша есептер құрастырды, жұмыс сапасын тексеру және жеке жоспарлардың орындалуын бақылады, диплом жұмысын атқару үшін материалдар іріктеу мен жүйелеуге көмектесті. Ең бастысы, дипломдық жұмыс аясында ғылыми мақалалар жазуға атсалып, орасан зор көмек берді. Нәтижесінде, сайттарда және университеттің Хабаршысына, таяуда Ақтау қ. өткенде халықаралық форумның жинағында мақалалар жарияланды. Бұл да үлкен жетістік. Практика соңында практика жетекшісі жұмысты бағалап есептерге қол қояды деп есептеймін. Ал менің міндеттерім келесідей болды: практикаға бөлінген уақытты тиімді пайдалану, практика бағдрламасы және жеке тапсырмаларда қарастырылған барлық жұмыс түрлерін толық және сапалы атқару, ұжымдағы қолданыстағы ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағыну, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін қатаң сақтау және зерттеу, атқарылған жұмыс және оның нәтижелеріне штаттағы қызметкерлермен бірге жауапкершілікте болу, ең бастысы ұжымда жұмыс істеуге (ғылыми жұмыстар жазып) үйрену еді, өзімнің 4 жылдық оқыған білімімді жинақтап, жұмыс барысында пайдалана білу болды.

«Тарих» мамандығының
4 курс студенті: Баймағамбетов Е.Р.

____________» бағаға бағалаймын. Дипломдық жұмыс жетекшісі, т.ғ.к.,


қауымдастырылған профессор
____________Қайырғалиева Г.Қ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет