Қорытындылар мен ұсыныстар:
Педагогикалық практика жан-жақты қамтиды.
Педагогикалық процесс әрдайым тілдесу арқылы жүзеге асады. Мұнда басты қағидалар: өз және сұхбаттасушының мүдделерінің қиысуы, сенімділіктің болуы, мәжбүрлікке жол бермеу, қызығушылықтарды дамыта білу, тұлғааралық қарым-қатынастардың сақталуы, оқушылардың құқықтарының қорғалуы, студенттерге құрметпен қарау болып табылады. Мұның бәрі оқу процессінде жағымды микроклимат орнатуға мүмкіндік береді.
Оқытушылар теоретикалық базаны жақсы меңгеруі керек, оқытудың әр түрлі әдістерін біліп, білім алушылардың тарапынан пәнге деген қызығушылықты оята білуі қажет.
Педагогикалық практика студенттің ары қарай педагогикалық өзін-өзі дамытуына ғана емес, сонымен қатар, өзіндік профессионалдық кредосы бар оқытушы болуына, оқу процессінде өзіндік бағытын дамытуына, педагогикалық функцияны толықтай атқаруына дайындық жүргізілуіне бағытталуы керек.
Әрдайым құндылықтық, патриоттық және эстетикалық тақырыптарда тәрбие жұмыстарын өткізіп тұруы керек.
Дәріс оқу барысында тақырыптың кейбір пункттарына ерекше көңіл болып, оларды жаздырып алу керек.
Тақырып қаншалықты меңгерілгенін білу үшін тақырып бойынша сұрақтар қойған жөн.
Фактілер мен сандық ақпараттарға аза назар аударған жөн.
Шынайы өмірде кездесетін мысалдар келтіру қажет.
Сабақ барысында әрдайым тәртіп пен тыныштық, оқытуы мен білім алушының арасында сыпайылық, субординациялық қарым-қатынас сақталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |