Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы Шымкент, 2021


Бастауыш сынып оқушылардың тіл байлығын дамыту амалдары



бет24/29
Дата21.01.2022
өлшемі131,39 Kb.
#113132
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Амантай Диана

2.2 Бастауыш сынып оқушылардың тіл байлығын дамыту амалдары

Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына жетеді. Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.

Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер жауапкершілікпен қараған дұрыс.

Ауызша тіл дамыту әдістері мынадай жүйеде жүргізіледі:

1. Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі

Табиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды - жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыландырады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы жауапкершілігі артады. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп, сөздік қорын байытады.

2. Мәтін оқу әдісі

Мәтін оқу ауызша, жазбаша, тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория. Мәтін оқу, мәтінді мазмұндау оқушы тілін дамыту жұмыстарының әдіс - тәсілдерінің бірінен саналады.

3. Ойдан әңгіме, өлең шығарту әдістері

Оқушылар қиялға өте бай келеді. Сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытады. Оқушы тілін дамытуда жазбаша жұмыстар басты роль атқарады.

4. Жазбаша жұмыстарды:

1) Хабарлау

2) Баяндау

3) Әңгімелеу әдістері түрінде жүргізуге болады.

Оқушы тілін дамытуға еркін тақырыптар ұсынуға немесе сұраққа жауап бергізу арқылы да әңгіме жаздыруға болады. Оқушы тілін дамытудың негізгі объектісі – шығарма жаздыру. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат - оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой - өрісін кеңейтуге машықтандыру болып табылады.

5. Түрлі - түсті суреттер немесе өз ортасына байланысты баяндау әдісі

Бұл әдістер арқылы ауызша және жазбаша баяндау негізінде сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға мүмкіндік туады. Өз ортасына байланысты «Менің досым», «Менің әкем», «Менің күшігім» т. б.

6. Мәнерлеп оқу әдісі

Тіл дамыту әдісінің бір түрі мәнерлеп оқу. Мұның пайдалы жағы оқушылар сөйлеу тілі мен әдеби тілдік норманы сақтап оқуға төселеді. Поэзияны сүюге, сөз байлығын еркінше пайдаланып, жүйелеп айту шеберлігін жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. «Қай ертегіде кездесемін?», «Мені білесің бе?» деп алып кейіпкерлердің үлкейтіп салынған суреттерін көрсету арқылы кім екенін, қай ертегіде кездесетінін айтқызып, мінездеме бергізу арқылы білгендерін ауызша жеткізе білуге үйрету жұмысы да тіл дамытудың негізгі бір жолы. Мұның өзі оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Ең бастысы оқушылардың өзін сөйлету арқылы сөйлеу тілдері дамиды. Жаттау, мәнерлеп оқу, мазмұнын айта білу, сұрау - тапсырмаларға жауап жазу, кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, салыстырмалы әдіске негізделіп жазылған үлеспелі кестелерді толтыру т. б. Әдістер үзбей ақтарылып отырса, жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Ойды көрікті, мағыналы етіп жеткізуде сөздікпен жұмыс жасаудың септігі мол. Түсінігі қиын сөз, сөз тіркестерін түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөздік жұмысын үзбей қолдану барысында көркемдегіш ерекшеліктерді танытудағы басты мақсат сөздік қорды жаңа бейнелі сөздермен, сөз тіркестерімен толықтыру негізінде дамыту.

Қорыта айтқанда, қандай пән, қандай сабақ түр болсын тіл дамыту, сөздік қорды байыту үнемі жүргізіліп отыратын жұмыс.

Өкінішке орай, кейде басқа пән мұғалімдері тіл дамытуды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне тән мәселе деп қарап, оқушы тілін дамытуға онша көңіл бөлмейді. Оқушының ой - өрісін кеңейту, тілін дамыту, сөз байлығын молайту барлық пән мұғалімдерінің айрықша көңіл бөлетін мәселесі болу керек. Сондықтан мектепте түрлі әдіс - тәсілдерді, мүмкіндіктерді пайдаланып, оқушының тілін дамытуға, тіл байлығын, тіл мәдениетін арттырып, тәрбиелеуге үлкен мән берген жөн.

Ана тілді жетік білу, қастерлеу, ардақ тұту да осыдан келіп шығады.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту жолдары Синоним сөздерді оқыту

Балаларды шебер сөйлеуге дағдыландырып, тәрбиелеу үшін оларды тіліміздегі синоним сөздерді дұрыс пайдалана білудің жолдарын әр сабақта іске асыруды міндеттеу керек. Ол үшін, ең алдымен, мектептерде оқушыларды білетін сөздердің мағыналарын дұрыс танып, дәл жұмсай білуге дағдыландыру қажет. Әсіресе, синоним сөздердің алуан түрлі мағыналарын қалай ажыратып, оны қалай түсініп қолданатындықтарына зер салып, қадағалау керек. Балаға сөзді қалай болса, солай қолдандырмай, орынды, дұрыс қолдана, білуінше мүмкіншілік жасап, жаттығу жұмыстарын түрлендіріп отырғаны жөн. Синоним сөздің не екенін балаларға түсіндіргені жөн. Ол үшін мына сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерді пайдалана отырып, бұл сөздердің бір-бірінен айырмашылығының неде екенін балаларды қатыстыра отырып талдау керек. Бірінші қатардағы үш сөйлемдегі баяндауыш формалардың бірнеше қайталанып, берілетін ойдың аса көрікті болмай тұрғанын баса айту қажет. Екінші қатардағы сөйлемдер біріншіге қарағанда әрі тартымды, әрі айтылатын ойдың мазмұнын ашыңқырап, әрі дәлелдеп беріп тұрғанын салыстыра түсіндіру қажет. Демек, бірінші сөйлемдерде өтеді деген сөз үш рет қолданылса, екінші қатардағы «үлкен» деген сөздің мағынасы «тұңғыш, бірінші» сөздері арқылы біріне-бірі жуық сөздермен беріліп тұрғанын, сондай-ақ «баласы» деген сөзді «қызы, ұлы» деген сөздер арқылы тьүрлендіріп, ойды дәл, ұғымды, көріктендіріп тұратынын салыстыра түсіндіру пайдалы. Бұдан кейін мұғалім бірінші, тұңғыш, үлкен деген сөздердің мағынасы бір-біріне жуық жақын екенін, бірақ олардың әртүрлі формада келетінін мұндай сөздерді синоним сөздер деп атайтынын қортындылап, жинақтағаны жөн. Енді мұғалім бірінші қатардағы сөйлемлердің өтеді деген баяндауыш формасының бірнеше рет қайталанып тұрғанын айтып, балаларды қатыстыра отырып, өтеді деген етістіктің синонимдерін таптырып, сөйлемдерді екінші қатардағыдай етіп құрастыруды талап етуі қажет. Сонда ол былай орындалуға тиіс: Станциядан күнде товар пойызы өтеді. Пассажир пойызы да тоқтайды. Күніне бір рет экспресс те келеді. Міне, осы сөйлемдерді бірінші қатардағы сөйлемдерменсалыстыра отырып, балаларға оқытып, қайсысының әрі құлаққа естілуге, әрі жазуға ыңғайлы екенін дәлелдеу қажет. Демек, бұл сөйлемдердегі өтеді, тоқтайды, келеді деген сөздердің сөйлемге көрік, ажар беріп тұрғанын таныту қажет. Тапсырманы балалар мынадай бағытта орындауға тиіс: дидар-бет,жүз, келбет,табиғат-жаратылыс, құбылыс, болмыс тағам-ас,құрмет-сый, ат-есім, мұғалім-оқытушы, дәреже-атақ, даңқ.

Бұл сөздерді балалар сөздік дәптерлеріне жазады.

Бұдан соң осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру тапсырылады. Олар бұл тапсырманы былай орындауға тиіс: Дидары аса жылы адам екен. Оны бет-әлпетінен тани кеттім. Әлімнің жүзі суық адам. Табиғаттың сырын зерттегелі көп ғасырлар өтті. Жаратылыс құбылысы өзгергіш, құбылғыш болып келеді. Адам жейтін тағамның түрі көп. Ас- адамның арқауы. Еңбек адамды құрметке бөлейді. Ерінбей еңбек еткен адам сыйлы болады. Бұл баланың аты –Айбек. Сенің есімің Болат қой, т.б. Бұл жұмыс түрі сыныпта оқылып, талдау жасалады. Балалардың әр сөзді қандай мағынада қолданғаны тексеріліп, кемшіліктері көрсетілуі қажет. Мұғалім уақыттың мүмкіндігіне қарай, балаларды стильдік қатерден сақтандыру мақсатында мынадай грамматикалық тапсырманы ұйымдастыруына болады. Тақтада мына сөйлемдер жазулы тұрады.Балалар орынсыз қолданған сөйлемді тауып, оның орнына керекті сөздерді жазуы тиіс.Мысалы: Кешке жақын ауылдан алыс жердегі өзенге түйемен бардық. Олар бізден алыс тұрады. Асқардың үйі қаладан алыс тұрады. Олар темір жол бойынан алыс тұрады. Балалар сөйлемдегі алыс деген сөздің бірнеше рет қайталанғанын біліп, олар мына сөздерді жазуы тиіс: қашық, алыс, шалғай, аулақ, т.б. Бұл сабақта балаларды ауызша сөйлетіп үйрету мақсатында синоним ойынын былайша ұйымдастыруға болады. Мұғалім негізгі сөзді өзі айтып тұрады да, оның синонимін балалар табады. Тақтада екі оқушы бұл ойынның нәтижесін жазып тұрады. Сонда: кедей-ештеңесі жоқ, нашар, жақын-таяу, келешек-болашақ, жылдам-тез, шапшаң. Синоним сөздерді оқытуға байланысты тіліміздегі қос сөз ретінде кездесетін сөздердің бір сыңары ерекшесіне синоним болатын түрлерімен таныстырып, ондай сөздердің этимологиясына түсінік беріп отырғаны жөн. Мысалы: жылау-еңіреу, сықтау деген сөздердің қос сөзбен келген түрі-жылап-сықтап; некен-жалғыз, жарым, саяқ, оның қос сөзбен келетін түрі –жора-жолас. Балалардың сөздік дәптеріне мынадай сөздердің этимологиясын жаздыруға болады: жылау-сықтау , сықтау-алтай тілінде жылау, еңіреу деген сөз. некен-саяқ- некен-қалмақ тілінде бір, жалғыз деген сөз- жора-жолдас жора-түркмен, өзбек, қырғыз, ұйғыр тілінде жолдас деген сөз.Сөйтіп, мұғалім синоним сөздер деп мағынасы жағынан бір-біріне жуық, өзара мәндес, бір ұғымды әртүрлі жақтан белгілейтін атауларды білдіретінін қортындылап айтады. Сондықтан балалардың синоним болатын сөздерді жете білу керектігін лексикасы синонимдерге бай адам сөз мағыналарының арасындағы айырмашылықтарды дұрыс түсініп, оның жазғаны немесе сөйлеген сөзі дәл, анық, тартымды, әрі келісті, мәнерлі болатынын баса айтып түсіндіреді. Сондықтан оқушыларға синоним сөздерді жазу және сөйлеу тілінде жиі, көп қолдануды міндеттеу қажет.

Омоним сөздерді оқыту

Синоним сөздер сияқты, омоним сөздерді үйретудің маңызы зор. Омоним сөздерді үйретудегі негізгі мақсат-баланың сөздік қорын дамыту,

тілімдегі түрі бірдей, мағынасы басқаша, бөлек болып келетін сөздерді таныту, үйрету. Ең алдымен, «омоним» деген терминнің не екенін түсіндіруі қажет.Яғни, омоним деген сөз грек тілінің «бірдей, біркелкі» деген мағынадағы homos деген сөзі мен «ат, атау» деген мағынаны білдіретін «onyma» деген сөздерінен жасалған термин екенін айту керек, сондай-ақ мұғалім қазақ тілінің омоним сөздерге бай екенін айтуы тиіс.Омоним болатын сөздердің сыртқы түрі (формасы) бір, ұқсас болғанымен, олардың беретін мағыгнасы басқа, бөлек болатынын түсіндіреді. Мысалы, ай деген сөздің бірнеше мағынада қолданылатынын балаларға ауызша түсіндіру қажет. Ай Жерді, Күнді айналып, түнде жерге жарық сәуле беретін аспандағы планета. Мысалы: Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп (Абай). Ай- бұл да заттың атауын білдіреді. Жылдың он екіден бір бөлігін көрсететін мезгіл (30 күн). Мысалы, қаңтар айы суық келеді. Мысалы:

жүз-сан есім. Ауылдың жүз жылқысы бар.

жүз-өң, әлпет, бет. Мысалы: Оның жүзі суықтан тотығыпты.

жүз-етістік-малты. Балық суда жүзеді.

Міне, мұғалім ай, жүз деген сөздердің осындай бес түрлі орында қолданылатынын түсіндіреді.

Оқушылардың омоним сөздерді қалай меңгеретінін байқау мақсатында келесі грамматикалық тапсырма береді. Оны балалар дәптерлеріне орындайды. Мысалы:, қол, бас, ер, ашық деген сөздер қандай мағынада қолданылады? Сөйлеммен мысал келтіріңдер. Балалар бұл тапсырманы былай орындауға тиіс: Асқар қол алысып амандасты. Батыстан қалың қол қаптап келеді. Айша басына жалаң орамал салыпты. Аяғыңды жайлап бас. Менің артымнан ер. Атқа ер сал. Ол батыр, ер адам. Оның қолы ашық болды. Дүкен ашық екен. Екі-үш баланың жұмысы сыныпта талданады. Үйге тапсырма ретінде «дәрі, сыр, сүз жирен» сөздерінің қандай мағынада қолданылатынын біліп, сөйлем құрап келуді тапсыруға болады. Антоним сөздерді оқыту

Антоним сөздерді оқыта отырып, балалардың тілін дамытудағы пайдасы зор. Тілімізде мағынасы қарама-қарсы сөздердің көп екенін айта келіп, мұндай сөздерді антоним сөздер деп айтатынын,антоним грек тілінен «анти» -«қарсы» және опута –«ат, атау» деген сөздерінен түсіндіру артық етпейді.Балаларға тіліміздегі антоним сөздерді түсіндірудегі, үйретудегі негізгі мақсат-нәрсенің, заттың нақты мағынасын, оның қарама-қарсы мағынасы арқылы түсіндіру, сондай-ақ балаларға антонимдердің стилистикалық қызметі жағынан алатын орнын, маңызын түсіндірген

жөн. «Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып, шеңдестіруде және оны тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады». Қазақ тіліндегі антоним сөздер есім, үстеу, етістіктерден де ұшырасады. Антоним сөздер мақал-мәтелдерде де жиі қолданылатынын да оқушыларға сабақ үстінде айту артық етпейді.Мұғалім мына сөздердің балалардың сөздік дәптерлеріне жаздырып, оның қарсы мағынасын таптырады. Мысалы: кәрі-жас, кең-тар, биік-аласа, жақсы-жаман, таза-лас, жылы-суық, жұмсақ-қатты, пайда-зиян, бай-кедей, шын-өтірік, дұрыс-бұрыс т.б. Антоним сөздерді балаларға көбірек үйрету,білдіру мақсатында мынадай сөздердің қарсы мағынасын сөйлем арқылы таптыру қажет. Мысалы, тату, бақ, тарлық, ерте, жоғары, қалың, шаш, қорқақ, түн, кещ т.б. Сонда балалар сөздердің қарсы мағынасын мынадай сөйлемдер арқылы беруі мүмкін: Ербол інісі Айбекпен тату ойнайды. Адамның бағы –оның білімі. Ол бұл кітапты білуге тарлық білдірді. Ерте тұрып мектепке бардым. Біздің үй мектептен жоғары тұрады. Хайуандардың ішіндегі ең қорқағы-қоян. Түн қараңғысы енді басталды. Иса бүгін үйге кеш оралды, т.б. Ауызша тіл дамыту мақсатында зат есімнен болатын антоним сөздерді балаларға ойдан таптыруына болады. Оны балалар дәптеріне жазады.Мысалы, мынадай зат есімді атауы мүмкін: өмір-өлім, алғыс-қарғыс, пайда-зиян, өтірік-шын, бақ-сор, оңтүстік-солтүстік, қосу-алу, т.б.

Тіліміздегі ескірген және жаңадан пайда болған сөздерді балалардың активті сөздігіне енгізіп, олардың тілін дамытуға болады. Мұғалім архаизм тақырыбын оқыта отырып, оны түсіндіруі қажет. Егер бала архаизмді дұрыс түсініп меңгерсе, келесі оқылатын грамматикалық жаттығуларда, мәтіндерде әдебиеттік оқу материалдарында кездесетін көнерген сөздердіжинап, оларды білуге ынтасы артады. Сондықтан бұл тақырыпты өту барысында тіліміздегі бірқатар архаизм сөздерді түсіндіріп, олардың мағынасына талдау жасаған жөн.

Мысалы:

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. (Абай)

Бұдан кейін неологизм сөздерді түсіндіру қажет.Мұғалім неологизм сөздер деп жаңа ұғымдарға байланысты пайда болған тың сөздерді атьайтынын түсіндіруі қажет. Мысалы, кеңес, комсоиол, пионер, зауыт,, фабрика, Кеңес Одағының Батыры, Социолистік Еңбек Ері, ғарышкер, ғарыш айлағы, зымыран, жер серігі, айға ұшу, айға қону, т.б. Мұғалімнің балаларға осы сөздерді кірістіріп сөйлем құрастыруына болады.

Оқушының тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыруда төмендегідей қажеттіліктер туындайды:

- Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру;

- Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру;

Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті - оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету;

Жаңа сөздерді оқушылардың есіне сақтаудың тәсілдері мен тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар:

- Тақтаға жазып, оны буынға бөлу;

- Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары);

- Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;

- Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар;

- Әңгіме, мазмұндама, шығарма жүргізу;

- Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу;

- Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздіктер, оқушы сөздігі).

Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:

- Қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғат пен адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, танымжорықтар ұйымдастыру)

- Арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;

- Сыныпта және сыныптан тыс (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында.

Халқымыздың тарихи асыл мұрасы - тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана-сезімін, дүние-танымын кеңейтіп, ой дәлелдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру – аса игі іс. Сондықтан да тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдану.

Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздерүйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөзердің мағынасын анықтауда мыңызы зор.Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.

Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты.Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» — дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.

Сөздік жұмысының ерекшелігі :

тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі.Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның творчествалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның байлығы.Сондықтан мектепте оқушыларға сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор.

Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді.Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор.

Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып кеңітсе, екіншіден үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді.

Сөздік жұмысын жүргізуге мынадай негізгі методикалық талаптар қойылады:

Мазмұнды сөйлеу

Жүйелі сөйлеу

Ойдыайқын,сендіре, оқушысына немесе таңдаушысына әсер етебілушеберлігі.Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен роль атқарады.

оқушы өз ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндап беретін болуы шарт.Бала өзі жақсы білетін материалын алдын-ала талдап, жинақтап,әуелі не жөнінде т.б. жобалап алуға тиіс.Сөз, сөйлемді дұрыс құрмау, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан, бір ойдың қайталануынан сақ болған жөн, белгілі бір жүйемен баяндауға үйренген жөн.

Мәнерлі сөйлеу Дәл сөйлеу барысында әр сөздің стилистикасына, сөздің әсеріне, көркемдік жағына көңіл бөлу керек.Бастауыш сынып оқушылары сөзге мән, мағына беріп үйренсе, үлкен жетістік, өйткені сөз арқылы ғана ойды жеткізуге болады.Мәнерлі сөйлеу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді. Баланың сөйлеу тілінде дәлділік қажет.Әрбір сөз дұрыс айтылуы, дыбысталуды керек етеді.Онсыз сөз мағынасы, әсері болмақ емес.

Сөздік жұмысы оқу сабағында мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:

1.Балалардың сөздігін байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздер үйрету.

2.Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен салыстыру арқылы жаңа контекске пайдалану.

3.Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету.

4.Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланысты жүргізу.

5.Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау.

6.бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу.

7.Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.

Сөздікті байытудың негізгі көзі – оқулықтағы мәтін, жаттығулар, тапсырмалар және мұғалімнің сөзі.сондықтан оқулықтардағы ұлы классик сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілірінен мақал–мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқып, сусындап отырғандары жөн.Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі қадағаланады, яғни балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек.

Тіл дамыту қазіргі мектептің оқу – тәрбие ісіндегі басты проблема – оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, сөз байлығын арттыру, ойлауын дамыту т.б. қамтиды. Баланың ойлауын жетілдіріп, тілін байыту жолдарының бірі – сөздік жұмысын жүргізу.

Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдрды түсіндірумен ғана бітпейді. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу т.с.с жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушының ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады.

Тіл дамыту жұмыстары мынадай принциптерге негізделе жүргізіледі:

1. Сөйлеумен ойлаудың бірлігі принципі

2. Ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір – бірімен байланыстылық принципі.

3. Грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі.

Сөздік жұмысын үнемі бір қалыпта жүргізуден оқушы жалығады. Сол себепті оны мүмкін болғанынша, түрлендіріп отырған жөн. Осы мақсат тұрғысынан жүргізілген жаттығу жұмысының бірінде көркем мәтінде кездескен мағынасы түсініксіз сөздерді оқушыларға бірде олардың синонимдері арқылы түсіндірсек, енді бірде қарсы мәнді сөздерді ойластырамыз. Мұндай жаттығу жұмыстары түрленіп қана қоймайды, бұл тапсырманы орындау нәтижесінде тіліміздегі сөздердің жақын мағыналы және қарама-қарсы мәнді болып келетінін таниды. Сөйтіп, олар білімнің жаңа бір басқышына көтеріледі. Сондай-ақ затты табиғи жағдайда бақылау, экскурсия, суреттерді және анықтама беру арқылы, морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздердің мағынасын түсіндіруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет