Дипломдық ЖҰмыс 5В010300-Педагогика және психология Шымкент, 2022 ф-19-01/02



бет3/10
Дата16.01.2023
өлшемі142,93 Kb.
#165620
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Арзимат

Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық институттың дамуын ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қазақстанда ғылыми-педагогикалық институттың қалыптасуының саяси-әлеуметтік және педагогикалық алғышарттарын анықтау;

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының даму кезеңдерін айқындау және әрбір кезеңдерге педагогикалық тұрғыдан сипаттама беру;

  • Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының білім мазмұнында алатын орнын ғылыми-педагогикалық негізде саралау.

Зерттеу нысаны: Қазақстанда ғылыми-педагогикалық институттың қалыптасу және даму жүйесі.
Зерттеу пәні: Қазақстанда ғылыми-педагогикалық институттың қалыптасуы және дамуы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағатының құжаттары, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы мұрағатының құжаттары, Орталық ғылыми кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қоры, ҚР «Білім» туралы заңы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім), қазақ бастауыш мектептерінің оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары.
Зерттеу әдістері:

  • Зерттеу мәселесіне байланысты мемлекеттік құжаттарды, ғылыми-теориялық және әдістемелік еңбектерді, бағдарламаларды тарихи-салыстырмалық тұрғыда жинақтап сараптау;

  • Мұрағат деректерін жинақтау және жүйелеу;

Зерттеудің ғылыми-жаңалығы:

  • Қазақстан Республикасында ғылыми-педагогикалық институттың қалыптасу алғышарттары ғылыми-педагогикалық зерттеулер негізінде анықталды;

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының даму кезеңдеріне тарихи-педагогикалық тұрғыдан сипаттама берілді;

  • Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге сүйене келе, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнынын дамытудағы алатын орыны айқындалып, ғылыми негізде сараптама жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет