Дипломдық ЖҰмыс 5В010300-Педагогика және психология Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Зерттеудің практикалық маңыздылығы



бет4/10
Дата16.01.2023
өлшемі142,93 Kb.
#165620
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Арзимат

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Қазақстанда ғылыми-педаогикалық институттың қалыптасуы мен дамуы туралы жинақталған тарихи тәжірибені жоғарғы оқу орындарында, педагогикалық колледждерде оқу-тәрбие жұмысында қолдануға болады. Қазақстан педагогика тарихынан дәріс оқығанда, тәжірибелік сабақтар жүргізгенде және арнаулы курстар ұйымдастыруға көмектеседі. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарының курстарында пайдалауға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • Қазақстанда ғылыми-педагогикалық институттың қалыптасуына әсер еткен саяси-әлеуметтік және педагогикалық алғышарттары;

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының даму кезеңдерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері;

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының Қазақстан Республикасындағы білім мазмұнын жетілдіруде алатын орны.

Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2008-2009 жылдар) зерттеудің мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, әдістері анықталды. Мұрағат материалдарына сүйеніп, Қазақстанда ғылыми-педагогикалық институттың даму үдерісін қарастыру мақсатында ғылыми-педагогикалық, тарихи материалдарды оқу, талдау, зерделеу бағытында жұмыстар жүргізілді.
Қазақстанда ғылыми-педагогикалық институттың даму үдерісін, қайшылықтары мен жетістіктерін айқындайтын мұрағат материалдарын, жарияланған тарихи, ғылыми-педагогикалық еңбектерді, мерзімді басылымдарда жарияланған материалдарын оқу, талдау барысында ғылыми-педагогикалық институтының жалпы, бастауыш және жоғары кәсіптік білім беру саласын жетілдірудегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, білім беру жүйесіндегі реформаларды жүзеге асыру мәселелері талданды.
Екінші кезеңде (2009-2010 жылдар) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары (1991-2008 жылдар) ғылыми-педагогикалық институттың даму үдерісін зерттеу арқылы жинақталған материалдарға, ғылыми-педагогикалық институттың даму кезеңдеріне салыстырмалы талдау жасалады және зерттеу нәтижелері жүйеленіп, қорытындыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет