Дипломдық ЖҰмыс 5В010300-Педагогика және психология Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ



бет7/10
Дата16.01.2023
өлшемі142,93 Kb.
#165620
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Арзимат

2. Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ

2.1 Тәуелсіз Қазақстанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының жұмыс бағыттары

Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қол жеткен игіліктердің бірі – ұлттық мәдени-тарихи құндылықтардың қайта жаңғыруы, оның қоғам өмірінің барлық салаларында орын тебуі. Осы тұрғыдан білім беру жүйесінің әрбір буынында әртүлі бағыттағы ізгі істер бастама алды. Білім беру саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздеді.


Осы аталған үдерістер аясында тәуелсіз жылдары жалпы білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көттеру бағытындағы ізденістер өз ретімен жүрді. Жалпы білім беру жүйесіне қатысы бар негізгі бастамалардың бірі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының даму бағытын айқындау маңызды болмақ.
Жас ұрпаққа білім беру мәселелерін бір уыста ұстап, бір бағытқа салып отыратын Қазақ Ұлттық білім беру академиясының құрылыуы тарихи қажеттіліктен туған іс.
Жалпы білім беретін мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерді ғылыми-әдістемеліктермен қамтамасыз ету, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, әдістері мен құралдарының жаңа тұжырымдамалық шешімдерді әзірлеу сияқты мәселелерді бір ғана Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының шеше алмайтындығы мәлім болды. Міне, сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің 1998 жылғы наурыз айындағы № 256 қаулысымен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясын құруға шешім шығарды [33]. Академияның тұңғыш президенті болып директор қызметін атқарып жүрген А.Сейдімбек тағайындалды.
Алғашқыда Академияның құрамында «Жалпы орта білім институты» (директоры Ж.Қараев), «Жоғары білім институты» (директоры А.Әбілқасымова), Республикалық баспа кабинеті (директоры Қ.Құрманғали) және Үздіксіз білім беру орталығы (директоры Е.Сақипов) сияқты ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары жұмыс жасады.
1999 жылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академия құрамында орта білім беру институты, кәсіптік білім беру институты, жоғары білім беру институты, тәрбие институты және ақпараттық талдау орталығы жұмыс жасады.
2001 жылдың соңына қарай Академия құрылымдары бір қалыпқа түсіп, ғылыми бағыт-бағдарын нақты айқындады. Бұл кезде Академия президенті педагогика ғылымдарының доктары, профессор, ГФР-дің доктор-инжинері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов болған. Ғалымға, қазақ білімінің қара шаңырағына сіңірген еңбегі ерекше. Ол өзі басшылық жасаған мерзім ішінде академияның инфоқұрылымын кеңейтіп қана қоймай, материалдық-техникалық базасын нығайтып, ғылыми әлеуетін кеңейтуге баса назар аударған.
Академияның қалыптасу кезеңі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қиын жағдайымен тұспа-тұс келді. Бұл кейбір институттардың 1998-2000 жылдары ашылып, қайта жабылып қалуына әкеп соқтырды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министірлігінің қолдауымен Академияның құрамын тұрақтандыру үшін Тәрбие мәселелері институты мен Жоғары білім институты ашылды. Сол жылдан бастап Академияның құрамында Мектеп және мектепке дейігі білім институты, Кәсіптік білім институты, Жоғары білім институты, Тәрбие проблемасы институты, Оқулықтарды сараптау орталығы, Педагогикалық ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасады. Мұнда академияның ғылыми құрылымының 50% құрайтын 12 ғылым докторы, 59 педагогика ғылымының кандидаты еңбек етті. 2000-2002 жылдары Академия ғылымдарының мыңнан астам ғылыми еңбегі жарияланды, оның ішінде 18 ғылыми монография, 6 тұжырымдама, 57 білім беру стандарты, 69 оқу бағдарламасы, 87 жаңа буын оқулығы, 91 оқу құралы, 49 әдістемелік нұсқау, 33 дидактикалық материалдар, оқу- әдістемлік кешеніне енетін 28 түрлі оқу құралдары бар.
2002 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартын жасау жұмыстарын аяқтады. «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі Ережелері», барлық оқу пәндері бойынша қазақ, орыс, және ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептердің бастауыш, негізгі, жоғары сатыларындағы оқу пәндері бойынша 63 мемлекттік стандарт қолдануға берілді.
Қазақстандағы жаңа мемлекеттік білім стандартын жасаушы авторлар ұжымы 275 адамнан тұрады. Олардың ішінде жетекші оқу орындарының ғалымдары, педагог мамандар біліктілігін арттыру институттарының қызметкерлері, орта кәсіптік білім беру жүйесінің оқытушылары, Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА қызметкерлері және ізденуші мұғалімдер болған.
Академияның бұл институттары мен орталықтары маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізді, мәселен елімізде жалпы білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негізі жасалды.
Қазақ Ұлттық білім беру академиясына Қазақстандағы білім кеңістігінің өзекті проблемаларын шешу жүктелуде. Педагогика ғылымы, білім мазмұнын анықтау, осы салада ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізетін бірден-бір орталық осы Академия. Нақтылап айтар болсақ: Республикадағы білім берудің барлық сатысына қатысты білім стандартын жасау, сол стандарттармен үндес базистік жоспарлар дайындау, жаңадан жасалған білім стандарты мен базистік жоспарларды негізге ала отырып, әр пәннің бағдарламасын әзірлеу, сол бағдарламалардың негізінде бүкіл білім сатыларына қажет жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешен дайындау; сондай-ақ білім беру жүйесіне қатысты өзекті мәселелердің барлығын ұлттық, мемлекеттік тұрғыдан қалыптастыру. Академияның негізгі атқаратын міндеті оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен практикасын дамыту, реформалау үдерісін ғылыми және ғылыми-әдістемелік ілестіре жүру, жалпы орта және бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беруді дамытуды қолдау және жетілдіру, дүниежүзілік білім кеңістігіне интеграциялау, психология-педагогика ғылымдарын дамыту, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, жалпы алғанда қоғамның прогресті қайта құрылуындағы оның ролін жоғарлату.
Қазіргі күні академия аясында алты институт, алты орталық қызмет етеді

  • Мектепке дейінгі және орта білім беру ғылыми-зерттеу институты, техникалық және кәсіптік білім беру ғылыми-зерттеу институты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ғылыми-зерттеу институты, тұлғаны әлеуметтендіру ғылыми-зерттеу институты, білім беру стандарты ғылыми-зерттеу институты, білім беру сапасы мәселелері ғылыми-зерттеу институты, ақпаратты-талдау орталығы, білім беруді дамыту орталығы, мемлекеттік тілді дамыту орталығы, білім беру жүйесінің сандық орталғы, баспа орталығы. Бұл құрылымдардың міндет-мақсаттары өздерінің атауларынан-ақ аңғарылып тұр. Жалпы айтқанда академия еліміздегі білім беру жүйесінің барлық буындарына қатысты мәселелерімен тікелей айналысады деген сөз.

Академия бөлімдерінің құрылуы, төменде көрсетілген проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:

  • психологиялық-педагогикалық ғылымдардың бір немесе қосақталған салаларының өз бетінше және академиядан тыс ғылыми-зерттеу мекемелері мен еліміздің жоғары оқу орындары кафедраларының қатысуларының негізінде іргелі және қолданбалы іздену-зерттеу жұмыстарының байланыстылығын ұйымдастыру;

  • білім беру және педагогика ғылымдары дамуының басты бағыттары бойынша жоғары оқу орындарымен, шығармашылық одақтармен, қоғамдармен ғылыми мекемелермен бірлесе зерттеулер жүргізу;

  • білімді басқарудағы инновациялық экономикалық, құқықтық, педагогикалық және іргелі зерттеулердің нәтижелеріне сараптама жасау;

  • білім беру жүйесінің дамуы мен оның ғылыми қамтамасыз етілуін болжау;

  • зерттеу тақырыптары бойынша проблемалық және эксперименттік кеңестер құру;

  • білім беруді басқару мен экономика саласының, психология мен педагогика теориясының, білім беру әдістемесі мәселелеріне қатысты халықаралық деңгейдегі іс-шараларға ат салысу;

  • ғылыми сессияларды, республикалық және халықаралық конференцияларды, симпозиумдар мен көрмелер ұйымдастыруды белгілі бір жүйемен өткізу.

Білім академиясының жеке ғылыми-зерттеу институттарының арасында Мектеп және мектепке дейінгі білім институтының орны ерекше. 1998 жылға, яғни институт білім академиясы болып құрылғанға дейін республикадағы педагогикалық ғылымдарды зерттеу міндеті осы Мектеп және мектепке дейінгі білім институтына жүктелді.
Бұл институтқа Республикадағы педагогиканың соны да күрделі проблемалары жүктеліп келді. Нақтылап айтсақ, соңғы он жылда институт ұжымы Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беру жүйесін қайта құрудың және дамытудың іргелі және қолданбалы проблемаларын зерттеумен шұғылданды. Солардың арасында тікелей жалпы орта білімге қатысты мына проблемаларды: жалпы орта мектептің білім мазмұнын жетілдіру және жалпы орта білімнің әдістемелік жүйесін жетілдіру міндеттерінің шешілгенін айтсақ та жеткілікті. Осының нәтижесінде Жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Базистік оқу жоспары, Мемлекеттік білім стандарты, жалпы орта білім беретін мектептегі барлық пәннен жаңа оқу бағдарламасы, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жасалады. Осы маңызды құжаттар мен оқу құралдары мектеп тәжірибесіне жаппай енгізілген. Ендігі кезекте Институт аталған құралдардың оқушыларға берілетін білім сапасын жақсартуға тигізетін әсерін зерттеді.
Институтта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін 8 зертхана бар. Жоғарыда айтылған маңызды жұмысқа олардың әрқайсысы өзінше лайықты үлес қосып отырған.
Дидактика зертханасының тарихы 1988 жылдан басталады. Алғаш рет ол КСРО Педагогика ғылымдар академиясының Оқытудың мазмұны мен әдістер институтының Қазақ филиалында құрылды. Сл кездегі сұранысқа байланысты «Ұлттық мектептегі білім мазмұнын болжау» деп аталған. Оның зертеу жұмыстары қазақ тілінде оқитын мектептерде берілетін білім мазмұнында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, ерекшеліктерінің көрініс табуын анықтауға, білім мазмұнының ұлттық болмысқа сай болу факторларын ескеру жолдарын айқындауға бағытталған.
Қазақ филиалы республикамыздағы педагогика ғылым-зерттеу институтымен қосылғандықтан зертхана «Педагогика теориясы» деп аталды.
1997 жылы ол «Дидактика» зертханасы болып қайта аталды. Жалпы іргелі және қолданбалы зерттеулер аясында ғылыми-зерттеулер аясында жұмыстарын жүргізу барысында төмендегідей нәтижелер алынды: Қазақстан Республикасындағы білім беретін мектептердің даму тұжырымдамасы (1995); Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұнының тұжырымдамасы (1995); Жалпы орта білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары (1996); Жалпы білім беретін мектепте оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін қалыптастырудың теориялық негіздері (1999); Жалпы білім берудің мемлекеттік стандартының басты қағидалары (1996); Саралап оқытудың дидактикалық негіздері (2000); Жылжымалы (вариативтік) білім мазмұнын құрастырудың ғылыми негіздері (2000); Жалпы орта білім берудегі жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың негізгі қағидалары (2002).
Зертхана жүргізген ғылыми-зертеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 4 монография, 25-тен әдістемелік кітапшалар мен ұсыныстар, 80-ге жуық ғылыми-әдістемелік мақалалар мен тезистер жарық көрді. Бұл жұмыстардың бәрі ұзақ жылдар бойы п.ғ.д. М.Ж. Жадринаның басшылығымен, оның ғылыми қызметкерлері п.ғ.к. Ғ.З.Байжасарованың, п.ғ.к. С.Нашәріпованың зерттеу жұмыстарына белсене қатысуы нәтижесінде жүзеге асырылды.
Педагогикалық инноватика зертханасы. «Инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Ал кейбіреулері оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Ал біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация термині қазір де білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолдануда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды.
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Инновация (латын сөзі in-в, no-vis-жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсіндірілген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ,Нидерланд бұл термин кең тараған, ол Арабия, Жапония елдерінде «инновация» 95 мың сөздіктерде кездестіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми – педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларға зейін аударатын болсақ.
«Ғылымның қайнар көзі» – Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған: ХІХ-ХХ ғ.ғ. басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл терминді кезіктіре алмаймыз. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үдеріс өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.
Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғылымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымының әр елдегі, әр уақытта берілген анықтамалары: «Инновация» ұғымына берілген анықтама, бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджестің анықтамасы болып есептеледі. Э.М.Роджес инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».
Майлс пікірі бойынша, «инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күтеміз», - деген.
Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрылымына, материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастарды комплексті түрде біріктіретін үлкен өзгеріс», - деп түсінеді екен.
Кайхоф инновациялық үдеріс деп «инновация қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуы мен аяқталатын үдеріс», – дейді. Ол өзінің соңғы еңбегінде инновациялық өзгеріс арасындағы айырмашылықтарды айқындаған. Инновация және өзгеріс ұғымдарын көбіне синонимдік қатынаста қарастырады, егер бұл өзгеріс бүкіл мектеп жүйелерінде жайланса оны инновация деуге болады. Бірақ кез келген өзгерісті инновация деп тағы айта алмаймыз.
Инновация болу үшін алдын-ала қойылған мақсаттардың оңды нәтижесін, желісін көру қажет.
Кейіннен «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңаны енгізу мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады.
1957-1964 ж.ж. он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енді.
1) Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімдерін көтеруді ұйымдастыруында.
2) Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: «Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әр дайым жаңалықты басқарушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс», - дейді.
3) Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің де педагогтары қарастырды.
90-шы жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Н.Днепров, В.И.Загвязинский еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болды. Олар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекет деп санайды.
М.М.Потошник, А.С.Лоренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ол «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үдерісі деп санайды.
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымын қазақ тілінде анықтаған. Н.Нұрахметов болды. Ол былай дейді: «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мемлекетінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет».
Инновация негізін құраушы ұғымдарының – «инновация», «нововедение», «новшества», «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемаларымен айналысушы ғылыми-зерттеу институт ғалымдары болып табылады. Олар еңбектерінде «инновацияны» төмендегідей аудармалар жасаған: «Инновация» – жаңарту, «Нововедение» – енген жаңалық, «Новое» – жаңа, «Новшество» – жаңалық, «Инновационный процесс» – жаңарту үдерісі.
Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген «инновация» сөзі латын тілінен енген – новый, яғни аударғанда «обновлен», «жаңарту», «новинка – жаңалық», «изменение – өзгеріс» деген мағына береді.
Қорыта келгенде айтарымыз, инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдамаларды жасап, оларды қолдану деп анықталған. Жоғарыдағы мағлұматтарды бір жүйеге келтірсек, төмендегідей мағына шығаруға болады;

  • жаңалық, жаңаны енгізу үдерісі;

  • өзгеріс;

  • құрал әдіс;

«Инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Инновация термині қазіргі кезде білім беру жүйесінде теория және практика жүзінде кеңінен қолданылуда.
1987 жылы Қазақ ССР Оқу министірлігі алқасының шешімімен Ы.Алтынсарин атыдағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында ғылыми жетістіктерін мектеп тәжірибесіне ендіруді ұйымдастырудың ғылыми негіздерін зерттейтін Педагогикалық инноватика зертханасы құрылды. Ол алғашқы бес жылда мына екі тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізді: «Қазақстан мектептерінің тәжірибесіне ғылыми-ұсыныстар мен озат тәжірибені ендіруді жеделдету» (1988-1990), «Қазақстан мектептерінде базалық және бағдарлы білім беруге көшуге байланысты оқу-тәрбие жұмысына ғлыми жаңалықты ендіруді ұйымдастыру» (1991-1195).
Аталған зертхана 1991 жылдан бастап ол педагогикалық инновациялар зертханасы болып қайта құрылды және 1991-1992 жылдары Одақ бойынша педагогикалық инноватика мәселесімен шұғылданатын ғалымдармен шығармашылық байланыс жасай отырып, педагогикалық инновациясының философиялық және әдіснамалық негіздерін зерттеп, ғылыми жоба даярлады. Ол жоба - «инновациялық сана және ақпараттық мәдениет – адам дамуының және өздігінен білім алуының шарты». 1997-1999 жылдары зертхана қызметкерлері «Жалпы білім беретін мектепте инновациялық оқытудың теориялық негіздері » деген тақырыптағы жобаны іске асырды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту зертханасы 1990-1991 жылдарға дейін бастауыш білім беру зертханасы құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту зертханасы 1990-1991 жылдарға дейін бастауыш білім зертханасы құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. 1992 жылы ғана «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту зертханасы» болып жеке ұйымдастырылды. Ең алғаш бұл зертханада тоғыз ғылыми қызметкер Б.Б.Баймұратова, М.С.Сәтімбекова, Г.Х.Дүкенбаева, Ф.Н.Жұмабекова, Ә.С.Бәтібаева, С.С.Әуелбаева, Г.К.Өтебаева, А.Е Әлібаева жұмыс жасады.
Балабақшаға арналған бұрынғы одақтық бағдарламада, осы уақытқа дейін баланың жеке тұлға ретінде дамуына, нақты әсер ететіндей емес, жалпы ұжымдық мақсатқа жету жолдары ғана көзделген болатын.
Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын жаңартуға тірек болатын, қазақ халқының ерекшелігіне бейімделіп жасалған М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов сияқты ағартушылардың еңбектерін, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Қ.Ж.Қожахметова, С.Ғаббасова балалардың ақыл-ой, еңбек тәрбиесі туралы, психологиялық Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектеріне бұрынғы КСРО ПҒА-ның мектепке дейінгі тәрбие ғылыми-зерттеу институтының көрнекті ғалым профессор А.П.Усованың мектепке дейінгі тұжырымдамасын жасау, тәрбиені кешенді ұйымдастыру, оқыту мен тәрбиелеуді кешенді жоспарлау Ю.К.Бабанский, А.Т.Куракин, Я.Н.Новикова, М.Скаткин еңбектері талданып, басшылыққа алынып, жаңа бағдарлама жасалды.
Жаңа заманның болашақ азаматтарын тәрбиелеу мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие мазмұнына халықтық педагогикаға негіздей жаңарту бағытында 1992 жылы қарашада Білім министрлігінің №437 бұйрығы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының мектепке дейінгі тәрбие лабораториясына қазақ балабақшаларына арналған бағдарлама және оқу-әдістемелік кешен дайындауға тапсырыс берілген. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын жаңартуда ұлттық ерекшеліктер, ғылым мен тәжірибені жүзеге асыратын құжаттарды Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы», «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы тәрбие тұжырымдамасы» басшылыққа алына отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім мазмұнын түбегейлі жаңартуды көздеген қазақ балабақшаларын арналған ұлттық төл «Балбөбек» бағдарламасы дайындалды.
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғалымдары дайындаған «Балбөбек» бағдарламасы Білім министрлігінің мәжілісінде (5/2 22.09.1995) жоба ретінде талқылынып, бекітіліп екінші рет өңделген нұсқасы 1996 жылы 29 қарашада алқа мәжілісінде қайта талданды. Республикалық төл туынды бағдарлама құқында бекітіліп, қазақ балабақшаларына жаппай тәжірибеге енгізілді.
«Балбөбек» бағдарламасы 1992-1996 жылдары Білім министрлігі арнайы тағайындаған қазақ балабақшаларында Алматы қаласы: № 204, № 29, № 320, Өскемен қаласы қорғасын-мырыш комбинатының акционерлік қоғамына қарасты № 15 «Меруерт» балабақшаларында экспериметтік байқаудан өткізілді. Оларда «Балбөбек» бағдарламасының мазмұнына ұсынылған материалдың бала жасына лайықталған байқаудан өткізу мақсаты көзделді. Зерттеу нәтижесі бойынша 4 монография, 12 оқу-әдістемелік құрал, 50 ғылыми-әдістемелік мақала, «Балбөбек» бағдарламасы (19б) «Бөбектерге байғазы» көркем шығармалар хрестоматиясы, «Отбасында баланы мектепке дайындау», «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістемесі» және т.б. еңбектер жарияланды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім мазмұнын жаңартуда баланың психолгиялық, физиологиялық дамуын, жас шамасын мұқият ескеру, балаға меңгерілетін қарапайым сатылап, кеңейте ұсыну, материалдың баланың жас шамасына сәйкестігі, тәрбиелей отырып, білім беру, тірбиенің үздіксіздігі, бір топпен екінші топ арасындағы бірыңғай сабақтастық сақталғаны анықталды.
Ғалым Бәтібаева С.Ғ. өзінің зерттуінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім мазмұнын түбегейлі жаңартудағы басты себептер – қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің жаңаруы, жаңа типті – «Мектеп және балабақша» комплекісінің, отбасылық, гимназиялық, лицейлік, коммерциялы т.б. балабақшалардың іске қосыла бастауы; қазақ тілінде жұмыс істейтін балабақшалардың көптеп ашылуы; балабақшада апта ішінде өтілетін тәрбиелеу, білім беру жұмыстары пәндік жүйеде жүргізілуі; тәрбие аралық сабақтастықтың сақталмауы; апталық жүктеменің ауырлығы; балалардың дербес еңбек әрекетін дамытуға, шығармашылыққа үйретуге жағдай жасалмауы; бұрын жасалған бағдарламалар осы заманғы міндеттерді қазіргі талап деңгейінде жүзеге асыруға толық үйлесе бермейтіні, өйткені осы уақытқа дейін қолданып келген «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы» тікелей аударылып, аздап қана толықтырумен шығуы; бұрын әдеби, мәдени салт-дәстүрлерді тәрбие үдерісінде кеңінен пайдалануға тежеу жасалуы» деп көрсеткен [37].
1995 жылға дейін Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту зертханасы «Қазақ балабақшаларындағы балаларды тәрбиелеу, білім беру мазмұны, формалары мен әдістерінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ғалым Бәтібаева С.Ғ. өзінің зерттуінде «Мектепке дейінгі кезеңде тәрбиелеу, білім беру мазмұнын анықтау мақсатында жүргізілген тарихи-теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижесінде жаңалықтар енгізілді:

  1. Балабақшада өтілетін тәлім-тәрбие мазмұнының халықтық педагогика негізінде жаңартылуы;

  2. «Балалардың жас шамасына сай даму ерекшеліктері» деп аталатын бөлімнің М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі негізінде толықтырылуы;

  3. Баланың мінез-құлқын қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді қалыптастыру көзделіп, бағдарламаға «Имандылық-инабатылық тәрбиесі» атты бөлімнің қосылуы. Бұл бөлімге халықтық педагогиканың бала жасына лайықты, түсінігіне қонымды материалдары таңдалып, «Келші, келші, балашым», «Адамдық – асыл мұра», «Жер байлығы – ел байлығы», «Еңбек түбі – зейнет», «Ақ дастарқан», «Ақ боз үй», «Бабалар өмірі – ұрпақтарыңа үлгі » деген тақырыптарға топтастырылуы

  4. Әр топтағы күн режиміне өзгерістер енгізілуі.

  5. Жыл аяғына балардың білім мен тәрбиесіне қойылатын талаптардың нақты көрсетілуі.

  6. Экологиялық, экономикалық тәрбиенің алғашқы қарапайым негіздерін қалыптастыру жайында мағұлыматтардың берілуі.

  7. Бағдарлама мазмұны «Отбасы», «Балабақша», «Ойыншықтар», «Жыл мезгілдері», «Қазақстан – Республикам менің», «Жануарлар әлемі» деп аталатын нақты тақырыптар арқылы игерту. Мазмұндағы мақсат – бала білуге тиісті білім-білік көлемін толық аңғарып, тәрбие мақсатын дәл анықтауға мүмкіндік беріп, тәрбиешінің жұмысын жеңілдету.

  8. Осы тақырыптар бойынша балаға меңгерілетін сөздіктер тізбесінің жасалуы.

  9. Бағдарламада көркем әдебиет бөлімі жоғарыда аталған әрбір тақырыптың мазмұнына сәйкес жүйеленуі.

  10. Тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру арқылы жүктеменің азайтылуы» - деп көрсеткен [37].

2000-2002 жылдары зертхана «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудің ғылыми негіздері» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін ғылыми тұрғыда, ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етуге мақсатты, тұрақты сипат беру барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2000 жылғы 7 шілдедегі №696 бұйрығына сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің базасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» институты ашылды.
Зертхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің бұйрығымен мектепалды топтары мен сыныптарына арнайы дайындалған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар кешенін жасауға қатысты. Осы зерттеулер бойынша зертханада 7 ғылым кандидаты дайындалды.
Бастауыш және шағын жинақталған мектептердегі білім проблемалары зертханасы 1990 жылдарға дейін «Бастауыш білім беру әдістемесі» бөлімінің ғылыми-зерттеу жұмысында негізінен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға көбірек көңіл бөлінген. Ал бастауыш білім берудің жалпы іргелі мәселелері бойынша арнайы зерттеу жұмыстары 1990 жылдан басталды.
2002 жылы бастауыш білім зертханасы шағын жинақталған мектеп зертханасымен біріктірілді. Зертхана «Бастауыш және шағын жинақталған мектепте білім беру проблемалары» деп аталып, оның жетекшілігіне Н.М.Сламбекова тағайындалды.
1990-1993 жылдары зертхана «Төрт жылдық бастауыш мектептің 1-2 кластарында интеграциялық-кешенді оқытудың құрылымы мен мазмұнын жаңарту», «Шағын жинақталған бастауыш кластарда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Бастауыш мектептің білім мазмұны мен оқыту әдістемесін жетілдіру» тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінде «Бастауыш білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1993), және «Бастауыш білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңартудың кейбір мәселелері» атты мақалалар жинағы жарық көрді.
1993-2002 жылдары зертхана «Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнын жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген . Тақырып жетекшісі – К.Жүнісова (1993-1999, М.Ералиева (1999-2001). Зерттеу жұмысында П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова, С.Нұрсейітова, С.Дүйсебаев, Ә.Наурызбаева, З.Айдарова, Н.Декембаева, З.Бейсембаев қатысты.
Нәтижесінде 1998 жылы «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының оқу бағдарламалары» (1-4 сыныптар) қазақ, орыс ұйғыр, мектептері үшін барлық пәндер бойынша жарияланды.
1998 жылы «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы» жарияланды.
1997-2000 жылдары 140 атаумен қазақ, ұйғыр, орыс мектептері үшін 1-4 сыныптардағы барлық пәндер бойынша жаңа буын оқулықтары баспадан шықты. Әрбір оқулыққа оқушы дәптері, хрестоматия, дидактикалық материалдар, мұғалім үшін әдістемелік және т.б. оқу-әдістемелік кешендер толығымен қоса дайындалып, олар да жарық көрді.
Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындап басып шығару ісінде бастауыш білім беру зертханасы авторлардың, баспагерлердің жұмыстарын үйлестіріп, бақылап, жүзеге асырып отырды. Оның қызметкерлері – бәрі дерлік жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендердің авторлары.
Зертхана қызметкерлері бастауыш білім мазмұны мен оның әдістемелік негіздері бойынша 47 ғылыми-әдістемелік мақала және түрлі халықаралық ғылыми практикалық конференцияларда жасалған баяндамалар жариялады.
Зертхана К.Жүнісова басқарған жылдары (1993-1999) тұжырымдама, стандарттар, бағдарламалар, жаңа буын оқулықтары дайындалып, нәтижелі жұмыс атқарылды.
Шаған жинақталған мектептердегі педагогикалық үдерісті жетілдіру мәселелері бойынша осы зертханада ғылыми-әдістемелік зерттеулер көп уақыттан бері жүргізіліп келді.
2000 жылы Шағын жинақталған мектептердегі оқыту проблемасы бойынша зертхана ашылып, «Шағын жинақталған мектептерде оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша зертхана жетекшесі К.Мамырованың басшылығымен С.Нұрсейітова, Ж.Кембебаева, Р.Ахметовалар ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде «Шағын жинақталған мектепте білім беру – Образование в малокомплектной школе» деп аталатын еңбек жарыққа шықты.
2003 жылы Бастауыш және шағын жинақталған мектептерде білім беру проблемалары зертханасында ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасы ретінде: «Мектептің бастауыш сатысында білім беру сапасын мониторингілеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» және «Шағын жинақталған ауыл мектептеріндегі оқытуды технологияландырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыптары белгіленді, оған Н.М.Сламбекова басшылық етті.
1993 жылы институттың Білім проблемалары болып өзгеруіне байланысты бөлімдердің де аты өзгерді: қазақ тілін оқыту, қазақ әдебиетін оқыту, орыс тілін оқыту, орыс әдебиетін оқыту. Институтың Академияға айналуына байланысты қазақ және орыс тілдеріндегі мектептердегі қазақ тілін пәндерін оқыту зертханалары қайта біріккен.
1990-1993 жылдардағы зертхананың негізгі зерттеу тақырыбы «Жалпы білім беретін мектептердегі тіл мен әдебиет мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» деп аталды.
Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің, орыс тілін, орыс әдебиетінің мектепте оқытылу бағытын айқындайтын жаңа тұжырымдамалық сипаттағы құжаттар: пәндерді оқыту тұжырымдамалардың алғашқы жоба нұсқалары жасалған. Мысалы, «Қоғам және мектеп реформасына сай қазақ тілін оқыту тұжырымдамасы», «Әдеби білім тұжырымдамасы», «Концепция обучения рускому языку» және т.б.
1990 жылдары білім мазмұны мен оқыту әдістерін қоғам мен мектеп реформасына сәйкес жетілдіру ісі қолға алынып, оқушыларға берілетін әдеби білімнің негізгі және тереңдетілген деңгейлері айқындалып, нақтыланды. Халқымызға қайта оралған көптеген асыл қазыналарымыз, соның ішінде Мағжан, Ахмет, Шәкәрім, Жүсіпбек, Міржақып шығармалары мұқият қарастырылып, әдеби білім мазмұнына іріктеп алынды. Нәтижесінде «Қазақ әдебиетінің 5-11 сыныптарына арналған бағдарламалар», «7-11 кластарда қазақ әдебиетін теориялық әрі практикалық жағынан тереңдетіп оқыту бағдарламасы» жасалды.
1990 жылы Ұйғыр тілі мен әдебиетін оқыту бөлімі зертхана болып өзгертілді. 1991-1995 жылдары «Жалпы білім беретін мектептердегі ұйғыр тілі мен әдебиетінің білім мазмұнын жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» және 1995-1998 жылдары «Жалпы білім беретін мектептердегі ұйғыр тілі мен әдебиетінің оқыту әдістемесін жетілдірудің ғылыми әдістемелік негіздері», ал 1998-2002 ж.ж. «Жалпы білім беретін мектептердегі ұйғыр тілі мен әдебиетінің білім мазмұнын жаңартудың дидактикалық негіздері» тақырыптары зерттелді. Бұларда республикамыздың ұйғыр мектептеріндегі оқыту үдерісін әдістемелік жағынан жетілдіру, оқушыларға сапалы білім беру жолдары, оқу жоспарларының, бағдарламаларының мазмұны, жүйесін жетілдіру, оқу пәндерінің білім мазмұнын ғылыми тұрғыда анықтау мәселелері ғылыми-зерттеуге алынған. Зерттеу жұмыстарына ғылыми қызметкерлер: Б.Алахунова, А.Наметова, О.Ушурбакиева, Г.Айсарова, Г.Масимова, А.Аблесенова, А.Мусаева, Р.Камаева, А.Арзиева т.б. қатысқан.
Жоғарыда айтылған тақырыптар бойынша педагогикалық эксперименттер Алматы облысының Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандарының ұйғыр мектептерінде жүргізілді. Педагогикалық эксперименттер нәтижесінде білім мазмұнын жаңартудың методологиясының негізі қаланды.
Институтта алғаш физика-математика цикліндегі пәндерді және химия, биология, география оқыту зертханалары құрылды. Бұл зертхана жаратылыстану-математика пәндерін оқыту деп атады. Зертхана қызметкерлері «Жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану-математика пәндерінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» және «Дәстүрлі мектептегі оқыту процесін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету» проблемаларын зерттеді. Нәтижесінде «Қазақстан Республикасы мектептеріндегі географиядан білім беру тұжырымдамасы», «Биологиялық білім беру тұжырымдамасы» бірқатар көлемді еңбектер және басқа да көптеген ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрген.
С.Шәкілікова, Қ.А. Қасымова, Т.Қ. Оспанов, Б.С.Жаңбырбаев Ж.А.Қараев бастаған авторлар ұжымы Қазақстан Республикасында математикадан білім беру тұжырымдамасының жобасы дайындалды.
«Химияны оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері және мектептегі оқу үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамсыз ету» деп аталатын зерттеу тақырыбы құрамында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде химияны оқытудың тұжырымдамасының жобасы жасалды. Оның негізінде демократияландыру, ізгілендіру, таңдау, саралау, аймақтандыру, реалистендіру сияқты өзекті қағидалар алынды.
2001 жылы жаратылыстану-математика пәндерін оқыту мазмұны мен әдістері зертханасы құрылды. Оны п.ғ.д., профессор С.Шәкілікова басқарды. Бұл жылдары зертхана қызметкерлері «Жаратылыстану-математика пәндерінен оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар жүйесін дайындау» жобасы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді.
Институттың Қоғамдық пәндерді оқыту зертханасына келетін болсақ, құрылғаннан бері аты бірнеше рет өзгерді, бірақ зерттейтін негізгі пәндері – тарих, қоғамтану, құқық. Кейінгі жылдары маңызды екі тақырыпты зерттеумен айналысты. Олар: «Қоғамдық пәндердің білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері» және «Қоғамдық пәндердің әдістемелік жүйесін жетілдірудің ғылыми негіздері».
Осы зерттеулердің нәтижесінде алдымен орта метептегі тарих, құқықтану, қоғам және басқа қоғамдық пәндердің білім мазмұны ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделіп, аса маңызды құжаттар жасалды. Олар: «Орта мектепте тарих пәнін оқыту тұжырымдамасы», «Тарих оқу пәнінің Мемлекеттік білім стандарты», негізгі мектепке (5-9 сыныптар) арналған тарих пәнінің оқу бағдарламалары, тарих пәнінің бағдарлы орта мектепке (10, 11 сыныптар) арналған оқу бағдарламалары.
Осындай маңызды ғылыми-әдістемелік жұмыстар қоғамтану, құқық пәндері бойынша да жүргізілді. Бұл пәндер бойынша Мемлекеттік білім стандартының жетілдірілген жобасы 2002 жылы бекітіліп, басылып шықты. Пән бағдарламалары да бірнеше рет қайта жарық көрді, үнемі жетілдіріліп отырды. 9-сыныпқа арналған жаңа буын оқулығы «Адам. Қоғам. Құқық» хрестоматиясымен, дидактикалық материалдары толық кешенде екі тілде 2000-2001 жылдары жарияланып, тәжірибелік бақылау жүргізілетін мектептерге ұсынылды. 2003 жылы қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептің 10-11 сыныптарына арналған «Қоғамдық білім негіздері», жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептің 11-сыныбына арналған «Адам және қоғам» курстары кешенімен байқау оқу құралдары ретінде басылды. 1997-2002 жылдар арасында «Қоғамдық білім негіздері» деген атпен төрт негізгі курс, онға жуық қолданбалы және таңдау курстары бар ұстанымды жаңа пән толық қалыптасады. Бұл еңбектер жетекші ғылыми қызметкер, философия ғылымдарының кандидаты., Қ.М.Жүкешевтің тікелей басшылығымен және белсене қатысуымен жүзеге асты.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер академияның мектеп және мектепке дейінгі білім институтының сапа жағынан да маңызды жұмыстар атқарғанын көрсетеді.
2000-2002 жылдардың сандық көрсеткішіне сүйенетін болсақ «Қазақстан Республикасында жалпы білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша: 5 монография, 37 стандарт, 41 бағдарлама, 48 оқулық, 31 оқу құралы, 23 әдістемелік нұсқау ұсыныстар, 20 дидактикалық материалдар, 100-ден аса ғылыми әдістемелік мақалалар дайындалып, жарияланғаны және ғылыми-қызметкерлердің 81 ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасағанын айтсақ та жеткілікті.
Кейін бұл институт (Мектеп және мектепке дейінгі) 2005 жылы Жалпы орта білім беру институты болып қайта аталды. Бұл кезде институттың құрамында 15 зертхана, 50 қызметкер жұмыс жасады.
Институт өзінің ғылыми-зерттеу жұмысытарын үш бағытта жүргізді:
Бірінші бағыты бойынша іргелі зерттеу «Орта білім беруді реформалаудың теориялық негізі» бағдарламасы бойынша іске асты. Бұл бағдарлама бойынша «Диактика», «Психология», «Педагогикалық инноватика және ғылыми жұмыстарды үйлестіру» зертханалары осы салалар негізінде жүйелі зерттеулер жүргізді.
Екінші бағыты үкімет қаулысына сәйкес жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешен дайындады.
Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының объектісі – Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің жаңа білім мазмұны болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат – жалпы білім беретін мектептердің білім аймағы мен жеке пәндердің білім стандарттарын жобалаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау. Осы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде білім мазмұнын қалыптастырудың негізгі параметрлері анықталған және жеке пәндер бойынша іргелі мазмұнның құрамы мен құрылымының негізгі ұстанымдары айқындалған. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің жаңа моделі жасалып, ол жөнінде стандартта дайындалған. Сондай-ақ бастауыш, негізгі және орта мектеп білім мазмұнының инварианты нақтыланып, оның негізінде базалық оқу жоспарының инварианттық бөлігі жасалынып шықты және пәндері мен білім аумағының деңгейінің ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар белгіленген.
Ал іргелі зерттеу бойынша:

  • Ұлттық бағдарға негізделген мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім мазмұнының үдерістері мен критерийлерінің ерекшеліктері;

  • Оқыту үдерісінің практикалық бағытын арттырудағы жалпы білім беру мазмұнының даму тенденциялары;

  • Оқушылардың білім деңгейін анықтау өлшеуіштерінде көрініс тапқан оқушылардың білім, біліктеріне қойылатын талаптар;

  • Оқушылардың оқу жүктемесін саралауда іске асыру жолдары;

  • Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары және оқу бағдарламаларын әзірлеу мен сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар нақтыланып анықталған. Мемлекетіміздің үздіксіз білімді дамыту мақсатында құрылған Академия құрамындағы ғылыми-зерттеу институттарының құрылуы да Республиканың білім жүйесі болашағынан үлкен үміт күттірері рас.

Академияның Жоғары білім институтының жұмыс бағыттарына тоқталып кететін болсақ, институттың басты міндеттерінің бірі – жоғары білімді дамыту мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ұйытқысы болу, олардың нәтижелерін жүзеге асыру. Осы бағытта келесі мәселелер негізгі болып табылады.

  1. Дүниежүзіндегі елдердің жоғары білімдегі іс-тәжірибесін, жай-күйлерін және ғылыми-зерттеулердің даму тенденцияларын талдау, іс-тәжірибеде пайдалануға байланысты ұсыныстар жасау.

  2. Жоғары білім дамуының ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін зерделеу

  3. Осы айтылғандарды ескере отырып, халықаралық деңгейде танылған білім стандарттары үндестірілген мемлекеттік білім стандарттарын, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалар жасау.

  4. Жоғары білім жүйесінде оқыту технологияларын жетілдіру, оқытудың жаңа әдістемелері мен әдістерін жасау.

  5. Дүниежүзінің жоғары оқу орындары қауымдастығына интеграциялану мақсатында жоғары педагогтік білімнің құрылымын және мазмұнын жетілдіру, себебі жоғары білім беру сапасы көп факторлардың ішінде жоғары оқу орындарында дәріс беретін оқушылардың білімі мен кәсіби деңгейіне, педагогтік шеберлігіне тікелей байланысты.

  6. Жоғары білім жүйесіне кеңінен ақпараттық-саралау қызметін көрсету, оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ат салысу.

Алға қойылған осындай міндеттерді жүзеге асыруға бастамашы болып отырған зертханалар болса, олардың жұмыстарын бір жүйеге келтіріп қадағалау институттың ғылыми кеңесіне жүктелген.
Институт республикамыздағы жоғарғы білім беру теориясы мен практикасын құзырындағы зерттеулердің үйлестіруші рөлін атқаруда.
Институт жанында құрылған ғылыми-әдістемелік үйлестіру Кеңесінің басты мақсаты жоғары оқу орындарын оқу-әдістемелік құралдармен қамтамсыз ету мен ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру болғандықтан, республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары ғылыми-әдістемелік үйлестіру Кеңесінің және оның 27 секциясының мүшелері ретінде жоғары білім мәселелерін зерделеуге тікелей атсалысуда. Осы 27 оқу-әдістемелік үйлестіру кеңесінің секциясы Министірлік бекіткен классификатор бойынша 304 мамандықтың бәрін, білім саласындағы, пәнаралық байланыстарды ескере отырып, қамтиды. Кеңес жұмысы Білім комитеті бекіткен «Ғылыми-әдістемелік үйлестіру кеңесі» ережесіне сәйкес жүргізілді.
Сонымен қатар Институтта мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаларды ресурстік қамтамсыз ету Департаментімен бірігіп ғылыми-техникалық Кеңес жұмыс жасауда. Оның мақсаты республикамыздағы салалық жоғары оқу орындарының аралық ғылыми-техникалық бағдарламасын үйлестіру және тиімділігін арттыру. Бұл Кеңес мүшелері – Қазақстан, Ресей және ТМД елдері мен басқа елдерге беделді, педагог-ғалымдар мен Ғылым және жоғарғы білім министрлігі Ғылым академиясының, Министрліктің өкілдері. Ғылыми-техникалық Кеңес республикада жоғары білімнің дамуы барысындағы басымдық бағыты бойынша ұсыныстар жасайды.
Ғылыми, шығармашылық қызметтестік атқарудың тағы бір бағыты – жоғары оқу орындарынан келіп жатқан ізденуші, аспиранттар, докторанттар корпусымен жұмыс істеу. Олар зертханаларда өз жұмыстары талқылап, сараптауға салса, екінші жағынан, зертхана институт деңгейінде пікірсайыстарға қатысады.
Келесі бағыты – жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық, оқу құралдарының авторларымен жұмыс жүргізу.
Институт жүргізіліп жатқан зерттеулердің сапалы болуын талап етеді. Жоғары сапаны қамтамсыз ету үшін кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыруға, ғылыми-әдістемелік білімін және педагогикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерін көтеруге аса көңіл бөлуде.
Жоғары білім институтының, оның ғылыми Кеңесінің және басқа да қоғамдық құрылымдарының атқарған жұмыстарына көз салсақ, ұйымдастыру кезеңінен өтіп, елімізде жоғары білім беру мәселелерінің зерттеуде шынымен ұйытқы болып жан-жақты жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары үйлестіріп, оларды ғылыми-әдіснамалық негіздерін, жоғары білім берудің тұжырымдамасы мен модулін белгілеп, оқытуда жаңа технологиялар енгізуде мұрындық бола алатынын дәлелдеп келе жатыр. Келешекте елімізде қанат жайған жаңа мамандықтардың және бұрыннан қалыптасқан болса да ғылымның жаңа көзқарастарына өзгерістерді талап ететін мамандықтарды мемлекеттік стандарты, оқу жоспарлары және оқу әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету бірінші кезекте шешімін күтеді.
Жүйелей келетін болсақ Жоғары білім институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты саласы педагогикалық білім беру проблемасы болып табылады.
Жоғары білім беру институты педагогикалық білім беру проблемаларына байланысты мынадай зерттеулерге басымдық береді:

  • Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім берудің ХХІ ғасыр талаптарынан туындайтын ұлттық моделін дайындау;

  • Еліміздің өскелең әлеуметтік және мәдени мұраттары мен сұраныстарына сәйкес келетін педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік классификаторларын, стандарттарын, типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын айқындау;

  • Барлық мамандықтар бойынша педагог кадрларын даярлайтын оқу орындары үшін оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар кешенін жасау.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Қ.Е.Көшербаевтың бұйрығымен 2000 жылғы мамардың 27-сінде Қазақ білім академиясының құрамында Тәрбие ғылыми-зерттеу институты шаңырақ көтерді.
Аталмыш ғылыми-зерттеу институты Қазақ білім проблемалары институтының 1994 жылдан қызмет атқарып келген этнопедагогика және тәрбие зертханасының негізінде құрылды. Бұл зертханада этнопедагогика ғылымына белгілі үлес қосқан педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Қ.Қалиевтің басшылығымен «Қазақ ой-пікір антологиясы (I-IIтом)», «Ы.Алтынсариннің таңдамалы мұралары», «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» (монография), «Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» (қазақ, орыс тілдерінде), «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» және «Қазақ этнопедагогикасына арналған бағдарламалар» жарық көрді.
Тәрбиенің көпқырлы, күрделі үдеріс екені белгілі. Жас ұрпаққа өмір талаптарына сай тәрбие беру мәселелері зертхана қызметкерлерін толғандырып, олар Тәрбие ғылыми-зерттеу институтын ашу туралы мәселе көтерді. Бұл мәселе ҚБА-ның сол кездегі президенті Ө.О.Озғанбаев пен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Қ.Е.Көшербаев тарапынан қолдау тапты.
Тәрбие ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметіне доцент Р.Б.Башаров, директордың орынбасары – ғалым-хатшы қызметіне доцент Қ.Л.Қабдолова тағайындалды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары үш зертхана аясында өрбіді. Этнопедагогика және мектептегі тәрбие зертханасы іргелі және қолданбалы зерттеулермен шұғылданды, зертхана меңгерушісі қызметін профессор С.Қ.Қалиев атқарды. Ондағы зерттелген мәселелер:

  • Жалпы білім беретін оқу үдерісіндегі тұлғаны қалыптастырудың әдіснамалық негіздері;

  • Мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың психологиялық, педагогикалық және тәрбиелік мүмкіндіктерін кіріктіре пайдалану;

  • Қазіргі кезеңдегі полимәдени оқушы тұлғасын дамыту мен тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері.

Кәсіптік және қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие зертханасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы Қ.М.Рахымбек, ғылыми-зерттеу жұмыстарын мынадай бағыттарда өрбітті:

  • Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі Қазақстан мамандарын даярлауда ұлттық тәрбие негізін қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім жүйесіндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері;

  • Қозғалыс мүшелері зақымданған, қабілеті төмен балалардың дамуын ғылыми-педагогикалық тұрғыдан қаматамасыз ету.

Отбасы тәрбиесі және психология зертханасының меңгерушісі психология ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Тынышбаева ғылыми-зерттеулерді мынадай тақырыптарға шоғырландырды:

  • Тұлғаны отбасы арқылы әлеуметтендіру;

  • Отбасындағы дәстүрлі діни бірлестіктер мен діни секталардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  • Оқушылардың есірткіні пайдаланудың алдын алудың психологиялық және педагогикалық негіздері.

  • Балалар мен жасөспірімдерге гендерлік және рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Тәрбие институтында барлығы – 12 адам, оның екеуі – педагогика ғылымдарының докторы, алтауы – ғылым кандидаттары және аспирантура бітірген қызметкерлерден құралды.
ҚБА-ның бірінші легі Астанаға көшуіне байланысты 2001 жылдың қазан айында Тәрбие ғылыми-зерттеу институты жабылды. Бір жыл төрт ай аралығында институт ұжымы ауқымды еңбектер жазып, оларды баспадан шығарды. С.Қ.Қалиев, Ш.Майғаранова, А.Көшербаева, т.б. «Қазақстан республикасының білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасын» даярлап баспадан шығарды. С.Қ.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері», «Тәрбие хрестоматиясы» (V-XI сынып жетешілері үшін) және зертхана қызметкерлерінің қатысуымен «Үлгілі үйдің ұл-қыздары» атты кітапта Қазақстандағы түрлі халықтардың бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлері жазылды. «Болашақ» оқушылар қоғамдық ұйымының ережесі мен жарғысы басылып, республика мектептеріне таратылды. Сонымен бірге, Ш.Майғаранованың «Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері» атты еңбегі жарық көрді. А.А.Тынышбаева «Мектептегі психологиялық қызметтің үлгісін» жасады.
Тәрбие институты негізінде «Білім беру ұйымдарында жетім балаларды тәрбиелеу: қазіргі жай-күйі, мәселелері, әлеуметтік бейімделудің болашағы» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, мақалалар жинағы баспадан шығарылды.
Қоғамдағы жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін үздіксіз білім беру жүйесінде жүзеге асыру мақсатына байланысты ҚБА-ның құрамында «Тәрбие мәселелері ғылыми-зерттеу институты 2003 жылдың қаңтар айында қайта шаңырақ көтерді. Институт директоры қызметіне педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж.Қожахметова, директордың орынбасары – ғалым-хатшы қызметіне социология ғылымдарының кандидаты М.Е.Демеуова тағайындалды.
Институт қызметкерлері алдындағы мақсат – қазіргі кезеңдегі тәрбиенің өзекті мәселелерін, оқу үдерісі мен сыныптан тыс кездегі тәрбие ерекшеліктерін, тәрбие әдіснамасы мен теориясын, мектептегі, кәсіби және қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие мәселелерін, этнопедагогика және отбасы тәрбиесін, тәрбиедегі инновациялық үлгілерді және технологияларды зерттеу. Тәрбиедегі ең маңызды құндылық адам, тұлғаны рухани дамыту, оның құндылық бағдарын анықтау. «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» дегендей тәрбие баршамызға ортақ, оны отбасынан бастап, мектепке, жоғары оқу орындарында, қоғамдық ортада ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негіздей отырып жүргізу, егемен еліміздің азаматын тәрбиелеу әр адамның міндеті екенін естен шығаруға болмайды.
Бүгінгі кезеңдегі тәрбиенің көкейкесті мәселелерін зерттеу, оны жоғарғы деңгейге көтеру үшін институттың құрамына үш зертхана ашылды.
Тәрбие әдіснамасы мен теориясы зертханасы (Ш.М.Майғаранова, меңгеруші қызметін атқарушы) іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданады. Қазіргі тәрбиедегі басты бағдар, тәрбие жүйесін теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. Білім жүйесіндегі тәрбиені жаңарту үшін тұжырымдама даярлау, білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес оқыту мен тәрбиелеуді бірлікте жүргізу, білім ұйымдарында тәрбиенің әлеуметтік мәнін көтеру және оның ғылыми негіздерін жасау, тәрбиедегі психологиялық қызметтің ықпалын күшейту мәселелері қамтылды.
Тәрбиенің келесі мәселелерін жан-жақты зерттеу үшін түрлі ғылым салаларын кіріктіріп, яғни интеграциялап пайдалану көзделеді. Ұрпақ тәрбиесіндегі әдіснамалық ұстаным оқушының тәндік және рухани қажеттіліктерін үйлесімді дамытуды жүзеге асыру. Түрлі тәрбие жүйелерінің ғылыми негіздерін зерттеп, оны ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету бүгінгі мектептің қажеттілігінен туындап отыр.
Этнопедагогика және отбасы тәрбиесі зертханасы (С.С.Қоңырбаева, меңгеруші қызметін атқарушы) қазақ этнопедагогикасы мен басқа этностардың отбасы тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерінің ортақ және айырмашылықтарын айқындап, көп ұлтты Қазақстан Республикасындағы ұлттардың қарым-қатынасын жетілдіру, мемлекеттік мүддеге қызмет ету, Қазақстан Республикасының азаматы атағына лайықты болу мәселелерін тәрбие барысында қалыптастыруды, соның әдістемелік жүйесін жасауды жүзеге асырады. Өз халқының дәстүрін жалғастырушы, оны қорғаушы, адамшылығы мол, білімді, ұлттық ар-намысын қорғай білетін, рухы биік Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу күннің талабы.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушылар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері зертханасы. (Л.Б.Аратай, меңгеруші қызметін арқарушы) қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрмыста оқушылардың тәртіп бұзушылығына, ЖҚТБ/АҚТҚ індетіне, нашақорлыққа ұрынуының алдын алу мәселелерін зерттейді. Осы мәселе төңірегінде қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Қазіргі кезеңде институт қызметкерлері мектептердегі тәрбие мәселесінің жайын анықтау мақсатында республика көлеміндегі мектеп оқушыларынан, педагогтар мен ата-аналардан сауалнамалар алып, материалдар жинақтады. Олар алынған деректерді талдап, педагогикалық-психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан негіздеп, нақты зерттеулер жүргізу барысында анықталған жағдайларды ескеруді белгілеп отыр. Тәрбие мәселесіне соңғы жылдары көрсетілген селқостықтың салдарынан қазіргі жасөспірімдердің келеңсіз мәселелермен айналысуы байқалады. Сондықтан институт ұжымы мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүйелі түрде жүргізу, тәрбие мәселесін алғы шепке ұлттық құндылықтарды, әсіресе этнопедагогика мен этнопсихология жетістіктерін кеңінен қолдануды іске асыруды көздейді.
Институт ұжымы эксперименттік тәжірибе алаңдарының құрамына авторлық, инновациялық тәрбие технологияларын ұсынатын мектептерді шығармашылық бірлестікте қызмет етуді негізгі нысанға алады.
Институт зерттеу жұмыстарын Ресей білім академиясы, Республикалық оқушылар сарайы, Республикалық «Бөбек» қоры, қоғамдық жастар ұйымдары, діни қауымдастықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық қорлар, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, Мәдениет, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, шығармашылық одақтармен тығыз байланыста қызмет атқаруды жоспарлайды. Өйткені тәрбиенің көп қырлы, күрделі мәселе екендігін айқын.
Тәрбие мәселелері институтының мектептегі тәрбиеге байланысты жүргізетін зерттеу жұмыстарының ауқымы өте үлкен. Оқу үдерісіндегі тәрбие мәселесі білім мазмұны арқылы іске асырылатыны белгілі. Ол тәрбие теориясы мен әдістемесіндегі бір сала. Сонымен бірге сыныптан, мектептен тыс жүргізілетін тәрбие өзінше бір сала.
Тәрбие мәселесі оқушының психологиялық дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ықпалы, ата-аналардың жұмыссыздығы балалардың психикалық жағдайына салмақ түсіріп, олардың жүйкелеріне ауытқу туғызады. Оқушыға псхологиялық жағынан көмек көрсету үшін мектептерде «Сенім» телефондарын ұйымдастырудың маңызы зор.
Компьютерлік ойындар мен мазмұны төмен бейне фильмдердің бала санасын улауы, нашақорлық, онан туындайтын түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуда мектептегі психологиялық қызметті толық мәнді тұрғыдан ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік жақтарын зерттеу қажеттігі тұр.
Мектептің өмірі қоғамның күнделікті өмірімен, өзгерісімен бірге қадам басады. Қазақ мектептерінің басым көпшілігі ауыл-селолық мектептер. Олардағы оқу-тәрбие мәселелерінің өзіндік қырлары бар. Селолық мектептердегі сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбиеде фермерлік жұмысқа, кәсіпкерлікке, қолөнерге баулу, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, село мәдениетінің қалыптасуына ат салысуға, оларды келешек өмірлік мәселелерді шеше білуге тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жақтарын зерттеу де басты міндеттердің бірі.
Мемлекетіміздің үздіксіз білімін дамыту мақсатында құрылған академия құрамындағы ғылыми-зерттеу институттары заман, қоғам талабына сай өз құрылымын әр жылда өзгертуде. Академияның ғылыми қызметкері Ғ.Бейсенбаев «Мемлекетіміздегі үздіксіз білімді дамыту мақсатында құрылған Академия құрамындағы ғылыми-зетттеу институттарының құрылуы да Республиканың білім жүйесі болашағынан үлкен үміт күттірері рас » дейді [36, 6 б]. ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғында педагогика саласында үздіксіз білім беру мәселелеріне арналған жүйелік зерттеулер жүргізіле бастады.
80-ші жылдардың ортасынан бастап үздіксіз білім теориясы педагогиканың дербес саласы болып қалыптасты. Кеңестік педагогикада үздіксіз білім туралы алғашқы идеяларды А.В. Даринский және В.Г.Онушкин жасады. Олар үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыруға арналған белгілерді негіздеді және үздіксіз білім беру мәселелерінің маңызды теориялық негіздерін ашты. Сондай-ақ, үздіксіз білім беру теориясының дамуына С.Я.Батышев, В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский, А.М. Новиков және т.б. үлкен үлес қосты.
Р.Давенің анықтамасына сәйкес: «үздіксіз білім – жеке адамды, оның жеке, әлеуметтік және кәсіптік өмірінде біршама толық даму мақсатына жету жолымен оның бүкіл өмір бойына созылатын оқыту». 
Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру беруді дамытудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының білімін дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында қамтылған.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүнеиежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелект байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру » делінген [1].
Кәсіптік білім беру – жеке тұлғаның кәсіби білім, білік және дағдыларын типтік үлгідегі әлеуметтік және кәсәби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау арқылы жетілдіру.
Кәсіптік білік – алынған білім негізінде атқарылуға тиіс әрекеттің ерекшеліктерін меңгере отырып, оны пайдалана білу әрекеттерінің жиынтығы.
Кәсіптік біліктілік – белгілі бір деңгейдегі күрделі нақты іс әрекетті орындауға қажетті қызметкердің кәсіптік әзірлік сатысы.
Жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби даярлығын қалыптастыруда Б.Әбдікәрімұлы, Ш.Ә.Әбдіраман, Ә.А.Байдалинова, В.В.Егеров, Б.К.Момынбаев, В.А.Сластенин, О.С.Сыздықов, Г.А.Уманов; кәсіптік жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарын жасаудың теориялық негіздері мен үдерістері туралы Т.Б.Әбенова, К.Ә.Дүйсенбаев, Е.Келдібеков; Қазақстан Республикасының білім саласындағы жоғары кәсіби білім беру жүйеін жетілдіру бағыттарын қалыптастыруда А.Е.Әбілқасымова, Ғ.К.Ділімбетова, Қ.К.Жанпейісова, А.Г.Қазмағанбетова, М.Ә.Құдайқұлов, К.Ө.Өстеміров т.б өз үлестерін қосты.
Соның бірі Қазақ білім беру академиясы тұсында 1999 жылы ашылған «Кәсіптік білім институты». Академия қызметкері п.ғ.д., профессор Ш.Таубаева «Академия аясындағы институттарға ірі ғалымдарды жұмысқа тартып, олардың потенциалын Отандық орта, кәсіптік, жоғары мектепке бағыттау қажет болар. Кәсіби ғылыми маман даярлау (педагогика саласында) мемлекет тарапынан қамқолықта болуы керек», дейді [36,8 б]. Бұл институттың негізгі мақсаты білікті мамандар дайындау. Осы жылдан бастап, кәсіптік білім институты әлемдік білім деңгейіне сай педагогика мен психология ғылымдары саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, кәсіптік білім беруді реформациялаудың стратегиясын және тұжырымдамасының негізін әзірлеп, алынған нәтижені практикаға енгізіп, жоғарғы білікті ғылыми мамандар дайындап, олардың біліктілігін үнемі көтеріп отыру сияқты міндеттерді атқара бастады.
2000 жылы «Кәсіби білім берудің үздіксіз жүйесін дамытуды ғылыми- педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету» деп аталатын қолданбалы ғылыми зерттеу жобасын жасады. Мұның нәтижесі ретінде «Кәсіптік бастауыш және орта білім мамандықтарының тізбесі», «Кәсіптік бастауыш және орта білім кәсіптері мен мамандықтарының тізбесі», «Кәсіптік бастауыш және орта білім Мемлекеттік стандарттарын құрастыруға арналған әдістемелік құрал», «Кәсіптік бастауыш және орта білім оқу жоспарларының типтік моделі» еңбектерін атауға болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы №409 сәуірдің 29-ғы Қаулысымен бекітілген «Арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешердерін жасап шығару» бағдарламасына сәйкес кәсіби білім беру оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасап шығару осы кәсіптік білім беру институты арқылы ұйымдастырылды [33, 83 б].
Кәсіби білім беру оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін жасауға бірқатар ғалымдар мен ұстаздарды үлестерін қосқан. Мысалы, кәсіптік білім оқу орындарына арнап жазылған «Электротехниканың теориялық негіздері» атты оқулықтың авторлық ұжымына жетекшілік еткен 2001-2003 жылдар аралығында академия президенті болған педагогика ғылымның докторы, Асқарбек Кабыкенұлы Құсайынов, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Кәсіптік білім институтын басқарған, кәсіби білімнің негізін салған, академияның вице-президенті болған п.ғ.д., профессор Байзақ Көпірбайұлы Мойынбаев, 1999-2000 жылдары кәсіптік білім институтын басқарған Гүл Құмашқызы Нұрғалиева және т.б. ғалымдар үлес қосқан.
2003 жылы Кәсіптік білім институты 2003-2005 жылдарға арналған бастауыш және орта кәсіптік білімнің ұлттық моделінің жаңа үлгісін әзірлеу міндеттерін алға қойды.
Бұл іргелі жоба «Кәсіби біліктілігі жоғары жұмысшылар мен мамандар дайындауға арналған бастауыш және орта кәсіптік білім құрылымының жаңа сапалы моделін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негізін әзірлеу» деп аталады. Оның негізгі мақсаттары үздіксіз білім беру жүйесін, алыс шет елдер мен ТМД мемлекеттеріндегі бастауыш және орта кәсіптік білім беруде білікті жұмысшылар мен мамандар дайялаудың жетістігін салыстыра отырып зерттеу, бастауыш және орта кәсіптік білім алушылардың кәсіби біліктілігін шыңдаудың теориялық-әдістемелік негізін әзірлеу; білімді жұмысшылар мен мамандардар дайындауда кәсіптік бастауын және орта білім берудің жаңа сапалы моделін құру.
Кәсіптік білім институты құрылған жылдан бастап іргелі және қолданбалы зерттеу бойынша білікті жұмысшылар дайындаудың тиімді әдістерін зерттеулерді практикалық тұрғыда жүзеге асыру үшін педагогикалық ұжымдарда лицей, колледж, кәсіптік мектеп, кәсіптік білім институтының эксперимент алаңдарын құрды. Мысалы, Щуинск қаласындағы №4 кәсіптік лицей, Өскемен қаласындағы №2 кәсіптік мектеп, Алматы қаласындағы №2 педагогикалық колледж, Алматы қаласындағы №4 кәсіптік лицей, Алматы аграрлық колледж, Қарағанды қаласындағы №3 кәсіптік мектеп, Талдықорған политехникалық колледжі және т.б.
Осы айтылған кәсіптік мектептер, колледждер, лицейлер белгілі бір тақырып бойынша эксперименттік жұмыстар істеді. Атап айтатын болсақ 2003 жылы Алматы қаласындағы №18 кәсіптік мектеп дәстүрлі емес оқыту әдістемесі бойынша жұмыс істесе, Алматы индустриалды педагогикалық колледж базасында «Лицей – колледж – академия» үздіксіз кәсибі білім мазмұнын кешенді дамыту жүйесі бойынша жұмыс атқарса, 2006-2008 жылдары Алматы қаласындағы №2 педагогикалық колледж «Модернизация педагогического процесса на основе инновационной деятельности при подготовке компетентных педагогических кадров (специалистов)» тақырыбы бойынша, Алматы қаласындағы №1 педагогикалық колледжі 2006-2008 жылдарға арналған «Жеке тұлғаға бағдарланған технология – білім беруді іске асырудың жана моделі» тақыбыры бойынша эксперименттік жұмыстар атқарды.
Кәсіптік білім институты қызметкерлері экспериметтік алаңдар мен Қазақстанның басқа да кәсіптік мектептері мен колледждері, жоғары оқу орындарымен дөңгелек үстел, семинарлар, конференциялар өткізіп отырды.
Мысалы 2006 жылы Алматы қаласындағы Құқық және Экономика колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беруде кредиттік технология» (Жанабердиева К.А., Ошакбаева Г.О.) атты тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті, 2006 жылы 28 наурызда Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында «Мектеп-кәсіптік мектеп-колледж-ЖОО» жүйесінде өзара әрекеттестік байланысты нығайту жолдары бойынша (Даулеталиева Р.Р., Жаңабердиева К.А., Тлеубердиева А.Т.) халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті. Біз бұдан кәсіптік білім институты педагогикалық ғылыми зерттеу жұмыстарында білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық ғылыми орталықтарымен, университеттерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс жасап отырғанын аңғарамыз.
Заман, қоғам талабына байланысты 2003 жылы кәсіптік білім институты Үздіксіз білім беру институты болып өзгертілсе, ал 2005 жылы Кәсіптік және техникалық білім беру институты деген жаңа атауға ие болды.
Кәсіптік және техникалық білім беру институтының жаңа ғылыми бағыты «Бәсекеге қабілетті мамандарды қолыптастыруға бағдарланған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың ғылыми әдістемелік негізі».
Оның негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беру дамытуды теориялық-әдістемелік түрде ілестіре жүргізу;

  • Құзыреттілік тұрғы жағдайында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың концептуалдық негіздері мен басым міндеттері;

  • Дүниежүзілік ғылым беталыстары мен жетістіктеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми-теориялық негізі;

  • Мамандарды көп деңгейлі даярлау жүйесіндегі білімдік құрылымдардың (мектеп, кәсіптік мектеп, колледж, ЖОО) өзара әрекеттестігінің ғылыми-әдістемелік негізі;

  • Кәсіптік білім беруде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану;

  • Халықты кәсіптік оқытуды дамытудың стратегиялық міндеттерін әзірлеу.

Осы мәселелерді шешу мақсатында институт қызметкерлері 2006 жылы бірнеше семинарлар өткізген: «Техникалық және кәсіптік білім жүйесінде модулдік оқыту» (Алматы, 24 ақпан) «Кәсіптік білім ұйымдарында кредиттік технологиямен оқыту» (Алматы 31 наурыз).
Кәсіптік және техникалық білім беру институтында екі ғылыми зертхана жұмыс жасады. Олар: техникалық және кәсіптік білім беру әдіснамасы, педагогикасы және психологиясы зертханасы, ересек тұрғын халықты кәсіптік оқыту зертханасы.
Кәсіптік білім беру институтының, оның ғылыми зертханаларының және басқа да қоғамдық құрылымдарының осы күнге дейін атқарған жұмыстарына көз салсақ, елімізде кәсіптік білім беру мәселелерін зерттеуде ұйтқы болып жан-жақты жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп, олардың ғылыми-әдістемелік негіздерін, кәсіптік білім берудің тұжырымдамасы мен ұлттық моделін белгілеп оқытуда, жаңа технологиялар енгізуде негізгі рөл атқарғанын көре аламыз. Келешекте елімізде кәсіби білім беру саласы бойынша оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді жасап шығару осы кәсіптік білім беру институты арқылы қамтамасыз ету бірінші кезекте шешімін күтеді.
Демек, Академияның негiзгi атқаратын мiндетi оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен практикасын дамыту, реформалау үдерісін ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк негізде жүргізу, жалпы орта және бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм берудi дамытуды қолдау және жетiлдiру, дүниежүзiлiк бiлiм кеңiстiгiне интеграциялану, психология-педагогикалық ғылымдарды дамыту, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы, жалпы алғанда қоғамның прогрестi қайта құрылуындағы оның ролiн жоғарлату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет