Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Дене шынықтырудың сабақтан тыс жұмысы



бет33/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен

Дене шынықтырудың сабақтан тыс жұмысы.
1. Дене шынықтыру сабақтан тыс жұмыстар мектепте оқушылар мен сабақтан кейінгі уақытта өткізілетін дене шынықтырудың жаттығулар жүйесі. Сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар мектептің тәрбие жоспарымен бірге құрылады. Оқушылардың адамгершілігін, төзімділігін, жауапкершілігін арттырудағы істелінетін бірден бір жұмыс түрі. Ол оқушылардың өз еркімен қызығушылығын негізге ала отырып, таңдап алатын жұмыс. Мектептегі спорттық бұқаралық жұмысы педагогикалық ұжым ата-аналар комитеті және әріптестік өндірістік орындары қатыстырылып, ұйымдастырылады.

  1. Міндеттері:

    • дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға баулу;

    • дене шынықтыру пәніне деген қызығушылықты арттыру, дене шынықтырумен күнделікті өз бетімен айналысу тәрбиелеу;

    • күнделікті іс-әрекетте, яғни шаршағанын басуға бос уақытн пайдалы өткізуге, денсаулығын нығайтуға қолдана білу;

    • қалалық, аудандық, облыстық жарыстарға қатысу үшін мектеп командасын дайындау;

    • мектептегі дене шынықтыру белсенділерін дайындау;

  1. Сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастырудың екі түрі бар:

  1. Топтық жұмыс сабақ уақытында сабақ кестесімен бекітілген белгілі қатысушы топтарға бөлініп, секцияларда, үйірмелерде, факультативтік сабақ түрінде өтеді.

  2. Бұқаралық спорт шаралары сабақтан тыс уақытта мерекелік жарыстар, турнирлар, табиғатқа саяхат, туристік саяхат түрінде өткізіледі. Бұл жағдайда барлық мектеп оқушыларын қамту немесе бір сынып не топ болып өзгеріп тұруы мүмкін. Бұл шараға әр адамның қатысуға еркі бар.

Дене шынықтыру пәннің үйірмесі бұл топтап өткізетін сабақтың негізгі түрі. Үйірмені төменгі сыныптан 20-30 оқушыны топтап өткізеді, сабақ аптасына 1-2 рет 45 минуттан өткізіледі.
Қыздар және ұлдар болып бөлінеді. Үлгермейтін оқушыларды да бір топқа өткізуге болады. Дене шынықтыру дайындығының секциясы ол дене шынықтырудың өосымша түрі. Секция мақсаты оқушылардың спорт түрлерін таңдауға және олардың дене тәрбие дайындығын арттыруға бағытталады. 20 адамнан жасына, жынысына, дене шынықтыру дайындығына қарай топтарға бөлінеді. Аптасына 2 рет 45-60 минуттан өтеді.
Спорт секциясы белгілі бір спорт түрімен айналысуға ниет еткендер үшін өткізіледі. Міндеті:

    • спорт секциясы мектеп жүйесіндегі спортпен айналысатын қатарын көбейту;

    • спорт түрінінен жарыстарға қатысуға команда дайындау;

    • жеке спорт түрлерін жандандыру;

    • спорт секциясына негізгі медициналық топтағы дәрігердің рұқсаты бар оқушылар қатысады;

    • спорт секциясын спорт жаттықтырушысы өткізеді;

    • аптасына 2-3 рет 1-1,5 сағаттан өтеді.

Бұқаралық дене шынықтыру шаралары: туристік саяхат бос уақытын пайдалы өткізу, өлкетану, әскери патриоттық ойындарын жандандыру. Туристік саяхатты ата-аналармен сынып жетекшілер ұйымдастырады. Жұмыс мазмұнына туристік төрешілер мен инструкторларды дайындау семинарлар мен практикалық сабақтарды өмірге қауіпсіздік сабақтарын өткізу жатады.
Жарыстар жеке топтарда сынып ішінде, параллель сыныптарда бірнеше сыныптар арасында мектеп оқушылар арасында өткізіледі. Жарыстар жеке (яғни қатысушы өзі үшін) командалық (яғни команда үшін) жеке командалық болып өткізіледі.
Мекрекелік спорт шарасы бұқаралық көрсетілімді қойымдылық болып өткізіледі. Еліміздегі даталық мерекелер мен спорт өміріндегі үлкен жаңалықтарға арналып ұйымдастырылады. Спорттық меркенің бір бөлігі болып:

  1. салтанатты ашылуы;

  2. парат

  3. қатысушылар мен көрермендерді құттықтау

  4. жарыс түрлерінің өтілуі

  5. жеңімпаздарды анықтау, жеңімпаздарды марапаттау, қорытынды, мерекенің салтанатты жабылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет