Дипломдық ЖҰмыс 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»


Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру



бет4/13
Дата24.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#166326
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Алишер
6 сын, 5 сынып фак, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, шығ жоба, 8 сабақ 16.11.2022, 9 сабақ 17.11.2022жэ, tarsia (3), «Физика математика ж не а паратты ж йе» б лімі, педиатрия -2
1.3 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру

Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы — жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны.


Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы- құрылтайшылар мен акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдары; комиссиялық сыйақылар; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебінен құралады
Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақысының шекті шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) инвестициялық кірістің он бес процентінен;
2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгілейді.
Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгеруі және күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жариялануы мүмкін. Комиссиялық сыйақыны алудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары көлемінде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі болады.
Зейнетақымен қамсыздандыруда қолданылатын жалпы ережелер
Жоғарыда айтылған Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (будан әрі —агент) — Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдік заңды түлғалардыңфилиалдары, өкілдіктері;
осы тулғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға)—шешім белгілеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешімге, соның ішінде шарт күшіне, ауызша шартты немесе өзге де мәмілені қоса алғанда, ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде осы тұлғаның қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға.
Акционерлік қоғамның лауазымды адамдары, оның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін халықтық акционерлік қоғамдар үшін бес және одан да көп процентін) иеленуші акционері міндетті түрде аффилиирленген тұлғалары деп танылады;
кастодиан банк— бағалы қағаздар жөніндегі құқыктарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк;
ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы— ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы — ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы— міндетті зейнетақы жарналары есебінеен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
сатып алу сомасы — зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сактандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
диверсификация—зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
ерікті зейнетақы жарналары — Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары— Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет