Тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау.
Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін жүйелеу. Ойлау белсенділіктерін арттыру.
Әдісі: Өткен тақырып бойынша білімін байқап, бағалау, оқушыны іздендіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің сұрақтары? Мысал келтіру.
2. Дара сын есім дегеніміз не? Мысал келтіру.
3. Күрделі сын есім дегеніміз не? Мысал келтіру.
4. Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не? Мысал келтіру.
ІІІ. Сын есім тақырыбын қаншалықты меңгергендігін деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеру.
Бірінші деңгей. (5 ұпай)
Өлең жолдарынан сын есімді табыңдар.
«Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамық қар айналаң.
Сырғанақтап ойнайсың,
Қызыққа енді тоймайсың».
«Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман, тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең-байтақ даласы».
(М. Әлімбаев)
2. Қарсы мәндес сын есім сыңарын табыңдар.
Ащы – тәтті Қымбат – арзан
Жұмсақ – қатты Үлкен – кіші
Жақсы – жаман Ыстық – суық
3. Дара сын есімді табыңдар.
1. Жанар қызғылт түсті қарандашты таңдап алды.
2. Есік алдында қара ала күшіктер ұядан біртіндеп шыға бастады.
3. Біз кең көшемен жүріп келеміз.
4. Аспанда ала бұлттар жөңкіліп кетіп барады.
Екінші деңгей (10 ұпай)
1. Мына сын есімдерден сөз тіркесін жасаңдар.
1. Жасыл. 2. Әдемі. 3. Үлкен. 4. Көкшіл. 5. Қымбат.
2. Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімдерді тауып қою.
«Ақылды іс тындырады
.................. тіс сындырады»
«Мейірімді алғыс алса,
.................. қарғыс алар».
3.Дара сын есімдерден күрделі сын есім жасаңдар.
Ақ, қоңыр, боз, торы.
Үшінші деңгей (15 ұпай).
Мына күрделі сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Қызыл ала, қара көк, сары ала, көк ала.
2. Құрамында дара, күрделі және қатыстық сын есімдері бар қысқаша мәтін құрап жазыңдар.
Төртінші деңгей шығармашылық деңгей болғандықтан қабілетті оқушыларға сын есім тақырыбында реферат, баяндама жаздыру, проблемалық ситуация құру арқылы оқушыға тапсырма беруге болады.
Сондай-ақ оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды деңгейлік сұрақтар түрінде де беруге болады.
Мысалы:
Бірінші деңгей сұрақтары.
Сын есім дегеніміз не?
Сын есім сұрақтары?
Сын есімге мысал келтіру.
Екінші деңгей сұрақтары.
Дара сын есім дегеніміз не?
Күрделі сын есім дегеніміз не?
Қарсы мәндес сын есімге мысал келтіру.
Үшінші деңгей сұрақтары.
Сын есімнің өзге сөз таптарынан ерекшелігі.
Дара және күрделі сын есімді қалай ажыратамыз?
Бұл деңгейлік тапсырмаларды оқушы ешкімнің көмегінсіз орындауға тиіс. Бұл оның өз білімін қалыптастыруға өз-өзіне сенімін бекітуге көмектеседі.
Сын есімді оқытуда деңгейлік тапсырмалар:
- сын есімнің ережесін өз бетімен шығаруға және құрастыруға
- сын есімнің өзіндік ерекшеліктерін анықтауға
- берілген сын есім сөздерге сөйлем құрау арқылы өз ойын дамытуға
- оқушының сын есім бойынша өз білімін тексеруге оны қорытуға
- жоғары деңгейдегі сын есім сұрақтары мен тапсырмаларын жетуге тырысады.
Бастауыш мектепте деңгейлеп оқыту әдістемесін қазақ тілі сабақтарында қолданудың үлкен мәні бар. Ол өтілген тақырыпты терең меңгеруге сол арқылы оқушының материалды толық бекітуіне көп ықпалын тигізеді.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың айтатын ойларын жинақы әрi толық жеткiзуi үшін деңгейлік тапсырмалар маңызды рөл атқарады. Бұл үшiн мынадай мәселелер ескерiлуi керек:
Оқушыдан өз ойын шашыратпай, жинақы айтып беруi талап етiледі.
Сұрақ-жауап әдiсi арқылы шағын диалог немесе монолог құрғызу жолдары;
Қазақ тiлiнен алған бiлiмдерiн мен бiлiктерiн пайдалана алуы.
1. Бесінші сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың сапалы әдiс-тәсiлдерi және оларды қолдану жүйесін анықтау;
2. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жаттығулары мен тапсырмаларының оқу бағдарламасымен сәйкес болуы;
3. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмаларының тәрбиелiк, бiлiмдiк және дамытушылық мақсатта болуы және оларды қолдану жолдарын анықтау;
Достарыңызбен бөлісу: |