Дипломдық ЖҰмыс девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс



бет10/12
Дата18.05.2022
өлшемі354 Kb.
#143712
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дипломды Ж мыс девиантты мінез – лы ты жас спірімдермен леум

ҚОРЫТЫНДЫ
Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқының формасына нашақорлық, маскүнемдік, коррупция, өзімшілдік және топтық эгоизм т.б жатады.
Осы мәселенің мүмкүн боларлық шешу жолдары екінші тарауда қарастырылған, яғни девиантты мінез – құлықтың негізгі себептері әлеуметтік теңсіздік болып табылады. Девиантты мінез – құлықтың өсу деңгейін төмендету әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, құқықтық, экономикалық тәжірибенің алдына көптеген міндеттер қояды. Біздің көзқарасымыз бойынша жасөспірімдермен жүргізілген алдын – алу жұмыстарының мақсаты балалардың тиімді әлеуметтенуіне және баланың қалыптасу процесінде өмірге қабілетті және жауапкершілікті болып қалыптасуына көмектесу. Сонымен қатар зерттеу кезінде біз
жасөспірімдердің әлеуметтенуі әлеуметтік тәрбиенің тиімділігіне байланысты деген қорытындыға келдік.Сонымен қатар тәрбие жұмысы әлеуметтік бақылаумен толықтырылуы қажет.
Өзінің эгоистік қызығушылықтарын бірінші орынға қойатын жасөспірімдерге мәжбүрлеу шаралары қолданбаса, онда ешқандайда гуманды идеялар бала өмірін қайта қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін емес.
Бірақ сонымен қатар отбасының материалдық жағдайын қарастыра отырып, рухани аспектілерді де мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Біздің ойымызша қазіргі жасөспірімдердің арасындағы күрделі мәселелердің туындауы олардың алдарына нақты мақсат қойып және барлық қиындықтарды жеңіп оған жетуді ұмытқан. Сонымен негізгі экономикалық және рухани факторларды бір – бірімен байланыстыра қарастырыу қажет. Болмаса девиантты мінез – құлықты бір жақты қарастыру күрделі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сонымен девиантты мінез – құлытң феноменін жан – жақты талдау осы мәселені үш негізгі бағытта зерттеудің қажеттілігіне әкеледі;
1. девиантты мінез – құлықтың болу себептері;
2. девиантты мінез – құлықтың алдын – алу мәселелері;
3. девиантты мінез – құлықпен күресудің әлеуметтік – педагогикалық мәселелері.
Оқыту және тәрбиелеу жұмыстары барысында девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарды сіңіру және оның алдын – алу үшін төмендегідей нұсқауларды ұсынамыз:

  1. мектеп ұжымы жас ұрпақты адамгершілік тұрғыдан әлуметтендіру мәселесіне қатысты тәлім – тәрбиелік шараларды іс жүзіне асыру барысында, оқушылардың бойына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың өнегелік үлгілерін үйлестіре дарыту заңдылығының қазіргі кезде үлкен мәнге ие екенін есте сақтау қажет;

  2. өскелең ұрпақты тұлға ретінде қалыптастыру үшін олардың бойына өздерінің адамдық бітім болмыстарының, адамгершілік қадір – қасиеттерінің, әлеуметтік тәжірибенің өнегелік үлгілерінің, рухани құндылықтар мен рәсімдердің, салт – дәстүрлер мен жөн – жоралғылардың алдағы бүкіл өмір бойы сіңірілуіне түрткі болып отырған қабілеттілікті дарытуға күш салынуы керек;

  3. адамгершілік тәрбиесін тәрбиенің барлық түрлерімен кіріктіре жүргізудің басты шарты ретінде өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіне қатысы бар барлық әлеуметтендіру институттарының - мектептің, отбасының және ортаның, ақпарат құралдарының, қоғамдық тәртіп сақтау органдарының, түрлі жастар ұйымдары мен бірлестіктердің жұмыстарын үйлестіре жүргізген жөн;

  4. осы қарастырылып отырған мәселеден шығудың тиімді жолы алдын – алу жұмыстарына орта мектепке және басқада білім беру мекемелеріне әлеуметтік педагог пен психологтарды көптеп орналастыру;

  5. оқушылармен ағартушылық жұмыстары бастауыш сыныптан бастап, оқу бітіргенге дейін жүргізілуі тиіс;

  6. мемлекет тарапынан педагогтарды әлеуметтік және экономикалық жағынан қатамасыз ету;

  7. мемлекет тарапынан өзіне - өзі көмектесуге арналған орталық ашу(онда девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерге жан – жақты медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық көмектердің қамтылуы қажет).

Сонымен қатар оқушы жастардың, жасөспірімдердің теріс қылық жасаушылықтарын батырлыққа, ерлікке бағалап, олардың осындай жағымсыз қылықтарды көптеп жасауларына ықпалы көбірек болып отырғаны ақпарат көздері, мемлекеттік емес газет-журналдар, тобырлық санаға арналған басылымдар, лас бейнефильмдер көрсетіп, тек жарнама жасау арқылы байып отырған теледидарлар.
Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне, ұлттық болмысымызға тән тәлім-тәрбиелік құндылықтарды игеруіне мүмкіндік жасайтын, балалардың танымдық ерекшелігін ескерген арнайы көркем эстетикалық сапалы бағдарламалардың ақпарат көздерінен орын алуы тиіс деп санаймыз.
Бұл мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті [11].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет