Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы



бет10/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
diplom1

1) Кіріспе әңгіме. Бастауыш сыныпта кіріспе әңгіме өте қысқа, ең маңыздысы, баланың сезімталдығына, күйзелісіне бағытталсын. Балаларды музыка қабылдауға қызығушылығын арттырып, алдын-ала ұйымдастыра білуін талап етеді. Бұл деген композитор, ақын туралы қысқаша мағлұмат беру, шығарманың аты, кім орындайды (қандай аспап, дауыс т.с.с.), шығарманың шығу тархы, оқиға т.б. Тыңдар алдында қойылатын сұрақтарға назар аудару (Жауапты шығарманы тыңдағансын жауап береді).
Мысалы:
а) қазір кішкене музыкалық шығарманы тыңдаймыз, оны қалай атар едіңдер? Неге?
ә) қазір біз халық композиторы Қазанғаптың «Мұғалім» атты күйін тындаймыз, қандай нақты, айқын ырғақ естіледі? (марш).
б) Н. Тлендиевтың күйі «Ата толғауын» тыңдаймыз, бір әуенді әндетуге болады, оны неше рет қайталайды және шығарманың құрылысы қандай? (рондо).
в) «Кеш» К.Қуатпаев - 3 бөлімді шығарма. Неге?
Бұл сұрақтарды, әңгімелердің арасында мұғалім музыканы түсіне білудің, оны міндетті түрде басынан соңғы дыбысына аяқталғанша дейін тыңдауы қажеттілігін ескеріп отырған жөн.
2) Шығарманы тыңдау (қабылдау). Кіріспе әңгіме арқылы музыкалық шығарманы қабылдауға балалардың қызығушылығын арттыру үшін сол тыңдалатын шығарманың орындалу сапасы өте әсер етеді. Орындалатын шығарманың мәнін мұғалім балаларға жеткізе алмаса, мұғалімнің шығарма туралы айтқан әңгімесі оның мазмұнына ашық болса, бала ол шығарманы қабылдайды. Сөйтіп, музыкалық тәрбие беру жұмысындағы үлкенсаласының бірі - музыка тыңдау, өз деңгейіне көтеріле алмайды. Оның себебі әртүрлі:
а) музыкалық шығарманы орындауға мұғалім дайын емес;
ә) күйтабақ, күйтаспада жазылған шығарма сапасыз болады;
б) балалардың ықыласы кіріспе әңгімені қабылдады, ал тыңдауға (қабылдауға) шамасы жетпеді;
в) тыңдалатын шығарма өтілетін тақырыпқа сай келмесе, көрнекілік құралдармен жабдықталса (суреттер, табиғаттың көрінісі, композитордың портреті, арнайы кабинет емес т.б.)
Сондықтан, мұғалім өз шамасына қарай шағын шығарманы өзі орындап берсе, не музыканы жақсы меңгеретін оқушыларды орындауға дайындаса, не жақсы сапалы жазылған күйтабақ, күйтаспа арқылы тыңдатса дұрыс нәтеже берері сөзсіз.
Музыканы тыңдап отырған кезде сөйлеуге, мұғалімге сұрақ беруге болмайды. Еркін отырып, қозғалмай, байсалды тыңдауына жағдай жасауына тәрбиелеп, түсінуі қажет. Әуел бастан оқушыларды музыканы тыңдай, қабылдай білуге дағдыландырса, тәрбиелесе, музыка орындалып жатқан кезде сыныпта тыныштықты сақтай білсе - адам толғанады, сезімталдығы қалыптасады да тыңдаушылық мәдиниеті өз деңгейіне көтеріледі де музыкаға деген сүйіспеншілігі мен құрметтілігі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет