Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы


Тарау Оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру



бет2/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
diplom1

1 Тарау Оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру.


1.1 Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Біздің қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық көзқарасын дәйекті көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек. Оқытушылардың музыкалық тәрбиесінің тәжірибелік нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық дамуы болып саналады. Жастардың жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелерді көптеген ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында әр кезеңдерде белгілі музыка танушылары – Б.Ерзакович, М.Ахметова, А.Темірбеков, Л.И.Гончаров, З.Қоспақов, Б.Қарақұлов және А.С. Райымбергеновтар.
Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д. Кабалевский былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды»
Әрбір оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, музыкалық қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі- тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.
Адамның тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының әсері ұлан-ғайыр.
Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты. Байқасақ, әрбір жүргізілген музыка сабағының тәрбиелік мәні өте зор. Мектепке мұғалімдерді кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі нысана музыка болуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі мен рухани өмірін байыту, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу – бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.
Оқушының әсемдікпен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты, қуаныш пен қайғыны түсініп ажырата білуіне байланысты оның эстетикалық мәдениеті мен мінез-құлық дағдылары айқындалады. «Жаратылыстың, һәм өнердің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің поэмадан. Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - деп А. Жұбанов айтқандай, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетінің дамуы сынып жетекшілерінің және пән мұғалімдерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Оқушылардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан түрлі және ол оқушының жас мөлшеріне тәуелді. Музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Педагогикалық ғылым мен практика оқушының шығармашылық қабілетінің неғұрлым тиімді әдістерін анықтап отыр. Олар: оқушылардың музыканы қабылдауы мен эстетикалық мәдениетінің бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдістері:
а) қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдістері;
ә) шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық жағдайлар сияқты әдістер жатады. Шығармашылық қабілетті қалыптастыруда қолданатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Оқушыда эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда пайда болады. Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ ауызша әдіс деп те санауға болады.
Үйрету - жаттықтыру әдісінің мәні - оқушыны тыңдай, көре бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге үйрету. Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді және түрлі жағдайларда қолданылады. Аталған әдістерді кешенді пайдалана отырып оқушының қабылдау белсенділігін тәрбиелеу керек. Оқушылар әдебиетті оқуға, музыканы тыңдауға ынталы келеді. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін оқушыларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздың міндеті.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы шығармашылық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие беру саласында көп өзгерістер жаңалықтар болып жатыр. Бүгінгі күнде негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Халық тағлымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде, тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де жетерлік. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда музыка мұғалімінің негізгі міндеті толықтырылған кеңейтілген бағдарлама негізінде оқу-тәрбие үрдісін және ұстаздың педагогикалық шеберлігін дамыту. Жас өспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында, оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда оқушының музыкалық шығармашылығын дамытады. Жас өспірім – тыңдаушы, орындаушы музыкаға деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін оқушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие. Эстетика мен музыкалық шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту. Мұғалімнің міндеті оқушының жай ғана музыкалық икемін дамытып, оған музыка білім ғана беру емес, оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыкалық тәрбие әдебиет бейнелеу өнері, тіл, тарих тағы басқа пәндермен байланысты. Сонда ғана біз оқушының мәдениетті жан дүниесі бай ой-парасаты кемелденген білімді оқушы етіп тәрбиелей аламыз.
Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жас өспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканың қажеттілігі – ол музыка өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, баянды меңгеруіне көмектесу. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушының бойында рухани мәдениеттің маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол. Олардың бойында түсінігі, сезімдік қабілеттілігінің тұрақтылығы музыка тілінің ерекшелігін меңгеру. Музыка сабағында, сыныптан тыс уақыттарда бастауыш сынып оқушыларымен музыкалық тәрбие жұмысын жүргізе білуге, күнделікті өмірге музыка өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңірек пайдалана білуге даярлау.
Негізгі мақсаты: оқушының бойында рухани мәдениеттің аса маңызды ажырамас бөлігі музыкалық мәдениетті қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық музыкасына, өз халқының рухани мәдени мұрасына, салт-дәстүріне сезімдерін оятады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген достық, ұлт аралық бірлікке сезімдерін ояту, оны жетілдіру. Балалардың музыка арқылы түсінігін сезіну қабілетін музыка ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: «музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді.» Оқушыларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет