Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы



бет4/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
diplom1

Музыка мен әдебиеттің байланысы.

Бұл - музыка пәні сабақтарының ішіндегі аса маңызды тақырыптардың бірі.


Мұғалім тақырып ауқымының молдығына байланысты бұған өз жоспарлауымен бірнеше сабақ өткізгені жөн. Сабақ өткізген кезде оқулықтағы материалдарды негізге ала отырып, мұғалімнің қосымша мына жайларға да оқушылардың көңілін аударғаны пайдалы болмақ.
Музыка мен әдебиеттің байланысы әртүрлі музыкалық және әдебиет жанрларының арақатынасы шеңберінде алып, енді олардың өрісін ұлғайта отырып, кең, үлкен ауқымда қарастыру керек.
Бұл туралы мұғалім алдымен оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдеріне назар аударып, олардың әдебиет сабақтарында өткен халықтық және әдеби ертегілерден, әңгімелерден, прозалық, поэзиялық көркем шығармалардың тілдік ерекшеліктерінен, ырғағынан, ұйқасынан нені байқағандықтарын, алған әсерлері мен тұспал түсініктері жайында сұрап біледі. Музыка пәні сабағында әдебиет пәні бағдарламасындағы шығармаларды пайдалану және аралық байланыстың орнығып, нығая түсуіне көмектеседі.
“Музыка және әдебиет” тақырыбында үйірме ретінде жиын өткізіп, онда бәрі бірге музыка тыңдап, әдеби-музыкалық бағдарлама жасап, концерт ұйымдастырудың да маңызы зор. Әрине мұндайда музыка мен әдебиет пәндері мұғалімдері шығармашылық тығыз байланыста болуы қажет. Жүзеге асырылған мұндай шаралар оқушылардың музыка мен әдебиеттің байланысын жете түсінулеріне көмегін тигізетіні сөзсіз.
Музыка мен әдебиеттің байланысының ән жанрындағы бірлігі мен тұтастығы, бірінсіз-бірі олқы соғып тұратыны, бірін-бірі толықтырғанда ғана әннің мазмұны мен мағынасы тереңдей түсіп, маңызы артатыны жайлы түсінік орныққан соң, мұғалім біртіндеп оқушылар назарын күрделі жанрларға қарай бұрып, музыка мен әдебиеттің, әсіресе операда, одан соң балетте (музыка мен либретто), опереттада драмалық қойылымдар мен кино өнеріндегі байланыстарына жеке-жеке арнайы тоқталуы тиіс.
Мысалы, опера жанрында музыка мен сөз, яғни әдебиет бірдей тепе-теңдікте қызмет атқаратыны, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындығы дәлелдене ұғындырылғаннан кейін мұғалім оқушылардан: «Тағы қандай музыкалық жанр әдебиетпен тығыз байланысты?»- деп сұрайды. Бұл сұрақтың жауабы «музыкалық - әдеби жанр-балет болуы тиіс» дегенді балалардың өздері-ақ ойлап таба алады.
Мұнда музыка сөзсіз орындалғанымен, кейіпкерлердің айшықты образын, мінез-құлқын, іс-әрекеттерін айқындау арқылы әдебиеттегі, спектакльдегі либретто желісі бойынша алға қойған мақсатты орындау міндетін атқарысады.
Осылайша мұнда да музыка мен әдебиеттің байланысы анық байқалады.
Сондай-ақ оператта жанрында да музыка мен әдебиет арасы ажырамас бірлікте, тығыз байланыста болады. Ал сахналарда қойылатын драмалық спектакльдер мен кино өнерінде де музыка әдебиеттің көмекші құралы ретінде пайдаланылады.
Мұғалім хор, поэма, контата, оратория тағы басқа жанрлардағы музыка мен әдебиеттің байланысы жөнінде тоқталуына болады.
Ақырында «Музыкасыз әдебиет, әдебиетсіз музыка жанрлары қандай күйде болар еді? Бір-бірінсіз өмір сүре алар ма еді?» деген сұрақ төңірегінде қорытынды сабақ өткізген орынды. Мұны адам үшін мидың, жүректің немесе ақыл мен сезімнің қандай рөл атқаратынымен, қалай бағаланатынымен салыстыруға болады. Сөйтіп, музыка мен әдебиеттің ажырағысыз бірлігі мен байланысын бекіту қажет.
Музыка мен әдебиет әр түрлі көркемдік-образдық құралдар арқылы бір-бірін толықтыра байытып, өмір құбылыстарының күрделі әлемінің сырын ашуға, адамдардың оған және өзара қатынастарына, қуаныштары мен жан күйзелістеріне байланысты іс-әрекеттерін көрсетуге өзара бірлікте қызмет ететіндігі жөніндегі ұғымды орнықтырудың мәні зор.
Мұғалім тақырып саясында сабақ өткізу барысында бұрында өткен, тыңдаған, жаттап үйренген шығармалардан мысалдар келтіре отырып түсіндіруі тиіс. Сонымен бірге “музыкалық сауат” тақырыбына байланысты оқулықта өтілген материалдар негізінде лад, тоналдық, интервал, акцент сияқты терминдеріне тиісті түсініктемелерді де нақтылы шығарма мысалдары арқылы беріп отырған орынды.
Адам сезімін тәрбиелеу проблемасы бірқатар факторлармен шешіледі, оның ішінде өнер басты роль атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл-күйін білдіреді. Олай болса, бүгінгі мектепте өнердің басты бір мақсаты - ол адам баласының барлық әрекетіндегі сезімталдықты тәрбиелеу.
Адамның рухани дамуы белгілі дәрежеде сұлулықты қажетсінуінің пайда болуымен байланысты. Ал, рухани қажетсіну практикалық іске тікелей белсенді араласу нәтижесінде туады. Сондықтан жаңа қоғамның азаматын тәрбиелеуде партикалық іске қатыстырудың өзі адамның дұрыс шын мәніндегі әдемілікке, әсемдікке деген көзқарасын қалыптастырады. Бұл жерде, себеп пен салдардың өзара ықпал етуі пайда болып, өнерді қабылдауда шығармашылық процесс белгілі дәрежеде практикалық әрекеттен тауып, ал практикалық әрекет өнерді шығармашылықпен қабылдап, оның сұлулыққа деген қатынасының өзгеруін туғызады.
Педагог-ғалымдардың бірқатар жеке адамды өнер арқылы тәрбиелеуде мектептің рөліне ерекше мән береді.
Өнер табиғатының өзі адамды саяси-идеялық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиелеріне, жасөспірімдердің рухани өсуінің үйлесімді даму мәселелеріне комплексті тұрғыдан қарауды көздейді. Оның әсер ету мүмкіндігін оқу-тәрбие процесінде ескеріп отырғанда ғана іске асады. Өнердің әлеуметтік-адамгершілік, эстетикалық табиғатын ескерудің зор тәрбиелік маңызы бар.
Өнер арқылы адамды әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеуде оның педа- гогикалық негізімен қатар психологиялық аспектілерін де ескеру керек. Өнер – адамның айнала қоршаған ортамен көңіл-күй қатынасымен ғана жүзеге асатын бейнелі, образды, эмоционалды ұғымдардың синтезі. Мұнда эмоциялық таным жан-жақты дамып, субъективтік сезімталдық интеллект-парасатын айқындайды.
Жас өспірімдердің өнерге деген жоғары талғамы біріншіден, мазмұны терең және көркемдік формасы жоғары өнер шығармаларын қабылдау арқылы; екіншіден, өнер түрлерінің біреуінен жоғары қабілеттің болуы арқылы қалыптасады. Адамда мұндай қасиеттер болмаса, әсемдік қабылдауда, өнер шығармаларын таңдауда талғамы төмен, идеялық-эмоциялық бағалауы нашар болады. Осыған орай адамның үш типін анықтауға болады:
1) өнер шығармаларын дербес, өздігінен бағалай білетін қабылдауы мен эмоциялық сезімдері дамығандар;
2) айналадағы әсемдік пен әдемілікті қабылдауы мен эмоциялық сезімі онша жетілмеген, өнердің ықпалына түсе қоймайтындар;
3) эстетикалық жағынан дамымаған, өнер шығармаларынан ешқандай әсер ала алмайтындар.
Өнер арқылы тәрбие беру жүйесінде музыка мен театр ерекше орын алады.
Музыка жөнінде ертеде өткен ұлы адамдар оның үнінде адамның әрекеті мен сезіміне әсер ететін құдіреті керемет күш жатқанын айтқан. Музыканың мұндай қасиетін қазақ халқы да жоғары бағалаған. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қанатты сөздерінде бұл пікір жиі ұшырасады. Мысалы, «Тіл жеткізбегенді-үн жеткізеді», «Жақсы ән-жан азығы» т. б. Шынында да, музыка тілімен жеткізе алмайтын адамның тереңде жатқан нәзік сезімінің қылын шертеді. Атамыз Абай: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», - десе, Л. Н. Толстой: «Жақсы музыка көңіл-күйдің, жан сезімінің шежіресі», - деген.
Музыканың осындай құдіретті қасиетінің өзі-адамды барлық сұлулықты қабылдауға, оны жан-тәнімен сезінуге, адамды сүюге, құрметтей білуге, рухани байытуға арналған.
Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкасы бар. Оның дамуы ұлттық мәдениетінің деңгейіне байланысты. Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа деген көзқарасы, рухани өмір байлығы болып табылатын бай тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Соның ішінде ауыз әдебиеті шығармаларында қазақ халқының экономикалық және қоғамдық құрылысы, тұрмыс-салты, эстетикалық өз көзқарасы бейнеленген. Яғни, қазақ халқының көшпелі өмірі оның көркем шығармасы дамуына әртүрлі ықпал жасады. Осы кезеңдегі өнердің көптеген түрлерінің – ауызша поэзияның, халық музыкасының, тағы басқа да тұрмыстық өнердің қарқынды дамуы болды. Халқымызда ауыз әдебиетінің ішінде ең көп тарағаны - өлең. Оның адам өміріндегі маңызы туралы ұлы Абай былай деген:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең.
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең».
Бұл жерде ақын сөзінің өлеңге, өскелең өмірімізге тікелей қатысы бар. Ана әлдиі, бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, мереке, салтанат кештері, ақыр соңында, адамның дүниемен қоштасуы – бәрі-бәрі көз алдыңыздан өтеді. Мұның бірі - қуанышты, бірі мұңды болып келгеніне қарамастан, бәрі адамның жүрек тебіренісі мен сезім-түйсіктерінің оянуы мен байланысты.
Бұрын қазақтың көшпелі дәуірінде ауыл-ауыл болып жиылып, ел мақтанышы болған ақындарды, жыршыларды, әншілерді қонақ қылып, айлап жібермей өнерін тамашалаған. Елдің қабілдетті жастары хат танып, қағазға түсіре білмесе де, өлең-жырларды, термелерді қағып алып, кейіннен өздері нақышына келтіріп айтып жүрген. Ақын-жыраулар қабілетті жастарды қастарына ертіп, үлкен өнерге баулыған. Сонау ежелден келе жатқан өлең-жырлар мен шешендік сөздердің, ән-күйлердің қазақ елінің барлық түкпіріне кеңінен таралуы халқымыздың өнерге деген ерекше сүйіспеншілігінен екені белгілі. Мұндай ұлы дәстүрді біз күй атасы Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Сүгір күйшінің, ән атасы Біржан салдың, Қанапияның, Ақан Серінің, Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шолақтың, Естай ақынның, Жаяу Мұсаның, Мұхит әншінің, Жамбылдың, Кененнің, Исаның, Әсеттің, Мәдидің тағы басқа қазақ халқының ақын-компазиторларының, өнер мектебінен өткен ұлы адамдар шығармаларының халық ішіне кеңінен таралуынан көреміз.
Кезінде халық Біржанды «сал», Ақанды «сері» деп атап кеткен. Бұл жай емес, өнер адамдарын, аса дарынды перзенттерін халық еркелетіп, осылай деп атауы сол кездегі дәстүрге айналған.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын халқымыз өздерінің сүйікті құралы – домбыраға үлкен мән берген. Атақты компазиторлар Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап ел аралап, өз күйлерін домбырамен орындағанда, жиылған жұрт рухани азық алған.
Домбыраны қастерлеп, сол арқылы өзінің шеберлігін жан-жақты көрсете білуге, ұлттық өнерімізді дамытуға қазір де мол мүмкіндік жасалған.
«Оның үні арқылы замана сырларын аңғарамыз. Мысалы, Құрманғазының «Сарыарқа» күйінен зор пафосын және аса мәнділігін мойындаймыз», - деген еді.
Сондай-ақ, Қорқыттың күйі де бүгінгі ұрпаққа түсінікті. Ақын-күйші Тәттімбет төрт болыспен бірге Петербургке барып, патшадан түңіліп қайтқанда:
Тілім шолақ, дертім көп баяндауға,
Қолым қысқа майданда аянбауға! -
деп өлең, кейіннен «Көкейтесті» күйін шығарған.
Халықты қараңғылықта ұстауға дағдыланған үстем тап, озбыр тобыр Біржанның білегін арқанға қиғызады, Құрманғазыны қуғындайды, Ақан серіні қаңғыртады, Ықыласқа дүре соқтырады, Сейтекті итжеккенге жер аудартады. Өздері зікір салатын ишандар ән-күйге тыйым салады. Осының бәрі адам жанын азаттыққа баулитын ән-күй құдіретінен қорыққандықтан еді. Сондықтан да Сұлтанмахмұт Торайғыров патша үкіметіне: «Әнімді алдың – сәнімді алдың, сәнімді алдың - жанымды алдың», - деген болатын.
Сұлтанмахмұттың шағымы совет заманында шешімін тапты. Көне заманнан бері бірте-бірте жоғала бастаған мұра халықтың игілігіне айналды. Аты өшкен сансыз аспап аршылып, іске қосылды. Домбыраның кеудесі кеңейіп, үні ашыла түсті. Ұлттық оркестр көбейді.
Лириканың бірнеше атауы - көңіл сазы, табиғат сазы, махаббат сазы, азаматтық әуен болып тарамдалғаны сияқты, күйді де шалқыма, жайылма, ілме, ақпа, төкпе, шертпе деп бөлуге болады. Осы айтылған қасиеттерді меңгерген дарынды күйшілер халқымызда көп болған. Мысалы, Тәттімбет, Құрманғазы. Ал Сүгір шалқыма, шертпе күйдің шебері болған. Мысалы, оның «Шалқымасы» ілік-шалыс тартылып, жөргемделіп, аяғы «аһ» ұрған арманға айналады. Ықыластың ауызданған ол тіпті қобыздың сарынын да домбыраға түсірген. Ол осы екі аспаптың сарынын ұштастырғанда - бірде қамығады, бірде сағынады, бірде төгіледі, бірде сөгіледі.
Музыканы түсінген адам оны сыйламай тұра алмайды. Қуғындағы ақын Плещеевке қамқорлық жасаған Перовский тұтқындағы Құрманғазыны да құтқарады. Омбының жандаралынан көреді. Атбасар-Қараөткелдің дуанбасы Ерден баласы өліп аза тұтқанда, Ықыластың күйінен қуаныш табады.
Абай атамыз:
«Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», -
деп адамның рухын көтеретін, жан сарайын жаңартатын, шабытына шабыт, жігеріне жігер қосатын ән мен күйдің құдіретін қалай дәл берген. Ал, қазақ халқы- қашаннан ән мен жырдың отаны.
Туған өлкеміз бүгінде даму, өсу, түлеу, жаңару үстінде. Білімді де зерделі, парасатты да инабатты ұрпақ өсіп келеді. Қазіргі жыр арқауы да осылар болуы тиіс. Жырларда, шырқалған әсем әндерде, қосыла шерткен күйлерде замана үні, кешегі-бүгінгі ұрпақтар дауысы дабыл қағады.
Өйткені, халқымыздың тыныс-тіршілігінде, өнер мәдениетінің қалыптасуында музыкалық шығармалардың ролі ерекше. Мұны мынадай екі жағдайдан байқауға болады:

  1. қазақ халқының өнер шығармасының барлығы музыкамен беріледі;

2) әрбір музыкалық шығарма халық өмірінің нақты бір кезеңін, дәстүрі мен салтын, қоғамдық талғамын, халықтың сол өнерге деген көзқарасын т. б. білдіреді.
Сондықтан да қазақтың музыкасы мен күйі түсінікті, әсерлі, тез үйретуге болатын, жанға жақын келеді. Мысалы, халқымыз әнді, күйді тыңдап, кейіннен бірден домбырамен айтып кете берген. Тіпті, қазақ сахарасын, жазира даласын зерттеуге келген саяхатшылар қазақ халқының бұл қасиеті жөнінде «Әрбір екінші қазақ өлең шығарады, жыр жырлайды, өлең айтады»,-деп таңданған. Ол халық творчествасында халқымыздың ұлттық небір ұнамды жақтары, жоғары ой-өрісі, мәдениеті жарасымды көрініс табуынан еді. Яғни, халқымыздың тамаша әндері мен күйлеріне еңбекші бұқараның жарқын болашаққа ұмтылған ой-арманы, ел басынан өткен тарихи кезеңдері, туған елдің табиғаты, мөлдір махаббаты т. б. жайлар көрініс тапқан.
Мысалы:
«Жан ана, жарық күн-жанарың,
Бір сенде кеңдігі даланың,
Балаңды құшақтап сүйгенде,
Сеземін көктемнің самалын», -
деп анаға деген махаббат арқылы, ананың балаға деген махаббаты арқылы бүкіл әлемде достық орнасын деген халқымыздың ізгі тілегі жатыр.
Ал, Сәкен Сейфуллин туған жер табиғатын былай деп жырлайды:
«Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі, -
Көкірек қанша жұтсаң, - тоясың ба?»
Ия, қандай тамаша, туған өлкенің сұлу табиғат көріністері көз ал- дыңызда тұра қалады. Бір сәтке көзіңізді жұмсаңыз, даланың ермен-жусан аралас жұпар атқан иісі танауыңызға келеді. Әрине, қандай өнер туындылары болмасын жас ұрпақтың эстетикалық талғамының аясын кеңейтуде, оларға тәрбие беруде маңызы зор.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет