Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Екі компонентті ФТ-ның соңғы компонентін өзгерту арқылы жасалған ОФТ-лар



бет34/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Екі компонентті ФТ-ның соңғы компонентін өзгерту арқылы жасалған ОФТ-лар

Бастығымыздың алдын «күзетіп» отырған жылтың деген шықылтыр қыз есігінен баптап алған басын көрсетіп:

- Болған ағай кабинетіне шақырып жатыр,-деді де, аяғының арасында тауық қит-қиттап жүргендей өкшесі тық-тық етіп «Неге?» дегізбей тез кетті (О. Әубәкіров, 27 б.). Алдын күзету алдын торыды – жолын күтті, аңдыды деген мағынаны білдіретін нормалы ФТ-ның үлгісінде жасалған [44, 35 б.].

Домино десе құлағын төсеп құлаштап ұрады (О. Әубәкіров, 123 б.). Құлағын төсеу/құлағын тосты ‘көңіл қойып тыңдады, зейін қойды, елеңдеді, елегізи тыңдады’ деген мағынаны білдіретін [44, 360 б.] ФТ-ның субституцияланған түрі.

Ойпыр-ой, Оттауизмнің ордасын тігіп, тіпті бір кезде «Сықиған СҚ» атанғанын да білмейміз бе? (Ж. Сабыржанұлы, 308 б.). Орда бұзды ‘хан ордасын, үйін шапты, ерлік көрсетті‘ мағынасын беретін нормалы қолданыстағы болымсыз мәндегі тіркесіне қарама-қайшы [44, 419 б.] орда тікті окказионал тіркесі жасалған және бұзды/ тікті етістігімен ауысытырылған.

Ауызға абай болу керек, айналайын,- деп сәл-пәл тығынымды ашып леп шығарып алдым. Сонда да көзімде от ойнап жүр (О. Әубәкіров, 77 б.).

Қаз дауысты Қазыбектің қызынан туған Керей Жәнібек жалт-жұлт еткен көзінен от тұтанып нағашы атасының алдына келген, бұ жолы да дат айтқан... Ер жетіп ат жалын тартып мінгені іш-өзегін жайлаған арман-тілегі – жорыққа аттану (Ж. Ахмади, 15 б.). Сөздікте «көзінен оты жанған» – өткір, жігер-қайратқа толы, алғыр мағынасында [44, 262 б.] берілген. Екі сөйлемдегі етістіктер ойнау/тұтану/жану синонимдес етістікті тұлғасымен ауыстырылған, ФТ мағынасы өзгермеген.

Мыржық арқылы «биті семіргенін» білмей, оның буына бұлғақтаған әлгі пақыр әп-сәтте судан шыққан әтештей сүметіліп, өзінің табиғи сүмелек екендігі бірден ашылатын (Ж. Ахмади, 56 б.). «Буына семірді» – ішпей-жемей мас болды, біреуді мақтаныш етті [44, 126 б.]. Семірді/бұлғақтаған сөзімен ауыстырылған, бірақ бұл сөздер қалыпты қолданыста бір-бірімен синонимдес болмағанымен, ФТмен ОФТ шеңберінде мағыналық ұқсастықтары бар.

Алдыма қанша рет келсең де айта алмай тілім қырқылып отырғаны сол (Ж. Ахмади, 7 б.). «Тілін кесті» – сөзін тыйды, сөйлетпей тастады [44, 536 б.], кесті/қырқу синонимдес сөзімен өзгертілген, өзгерген формасының семантикалық мәні сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет