Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет16/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
Жусан

Барлығы

27

100

Кестеге талдама жасайтын болсақ, Сарысу өзені аймағында кездесетін жусанның 27 түрі Қазақстандағы 3 туыс тармағына төмендегідей бөлінеді: 18 түрі Artemisia туыс тармағына жатады. Ол жалпы жусандар флорасының 66,7 пайызын құрайды, 6 түрі Seriphidium туыс тармағынан – 22,2 пайыз, Dracunculus туыс тармағынан 3 түрі бар – 11,1 пайызын құрайды.


4 кесте

Сарысу өзені аймағы мен Қазақстанның жусандар флорасының

құрамын салыстыру




Туысы тармағы

Қазақстан флорасындағы

түрлер саны



Зерттелген аймақ флорасындағы түрлер саны

Қазақстан флорасындағы жусан түрлерінің санынан

пайыздық көрсеткіші





Artemisia

27

18

67



Seriphidium

37

6

16,2



Dracunculus

17

3

16,8




Барлығы

81

27

100

Кестеден көрініп тұрғандай,еліміздің жусандар флорасында ең басымы - Seriphidium туыс тармағының өкілдері (37 түр). Зерттелген аймақта бұл туыс тармағынан 6 түр ғана өседі, ол Қазақстандағы жусандар флорасының 16,2%. Республика флорасының жусандар арасында екінші орын алатын Artemisia туыс тармағы (27 түр) зерттелген аймақта басым орын алады: 18 түрмен көрсетілген – 67%. Ал қазақстандық флорада 17 түрді құрайтын Dracunculus туыс тармағы Сарысу өңірінде 3 түрмен ғана көрсетілген – 16,8%.

Жусандар флорасының түрлер құрамының шолуы Сарысу өзені жүйесінің флорасының құрамы аралас екендігін көрсетеді. Мұның басым көпшілігі – ылғалды жердің бореалды флорасының түрлері, сонымен қатар Тұран және Иран-Тұран провинциясының шөлді аймақтарының түрлері де аз емес.


4.3. Экобиоморфалары


Б.А. Быков [7,8] өсімдіктерді ылғалдылыққа байланысты келесі экологиялық топқа (экоморфаға) бөледі:

гигрофит – су өсімдіктері;

гидрофит – су маңында, ылғалдылығы мол жерде өсетін өсімдіктер; гидрофит – ылғалдылығы жеткілікті жерде өсетін өсімдіктер;

ксерофит – құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер;

мезоксерофит – ксерофит пен мезофит арасындағы аралық топ. Зерттелген аймақ экоморфалары 5 кестеде берілген.
5-кесте

Зерттелген аймақтың жусандар флорасының экологиялық топтары




р/


Экоморфасы

Туыс тармағы



гидрофит

гигрофит

мезофит

мезоксерофит

Ксерофит

барлығы

1

Artemisia

-

-

6

12

-

18

2

Seriphidium

-

-




-

6

6

3

Dracunculus

-

-

3

-

-

3

Барлығы







9

12

6

27

Флора құрамының пайызы







33,3

44,4

22,2

100

Сарысу өзені аймағының жусандар флорасының түр құрамының талдамасы көрсеткендей, өзен жүйесінің флорасында мезоксерофиттер басым – 12 түр, ол жалпы түрлер санының 44,4% құрайды, мезофиттер – 9 түр – 33,3%, және ксерофиттер – 6 түр – 22,2% (3-кесте). Зерттелген аймақта кездесетін жусандардың Seriphidium туыс тармағына жататыны – барлығы ксерофиттер болса, Dracunculus туыс тармағының өкілдері – бәрі мезофиттер. Artemisia туыс тармағы мезоксерофит және мезофиттермен көрсетілген. Ылғалды жерлердің, гумидті түрлердің (мезофиттер мен мезоксерофиттердің) пайыздық көрсеткішінің жоғары болуы (77,7%) флораның су маңы сипатын көрсетеді. Өзен жүйесінің негізгі экотоптары: өзен жайылмалары, ылғалды шалғындар, өзеннің ұсақ жұмыр тасты жағалаулары, тоғайшықтар мен тоғандар жиегі, қарасулар болып табылады. Осы топтың біраз түрлері ендікті бойлай орналасқан кең байтақ ареалымен сипатталады: голарктикалық, палеарктикалық, еуропа-сібірлік. 22,2 пайызды құрайтын ксерофиттер негізінен су айрықтарында, құрғақ арқаларда, ұсақ жұмыр тасты топырақтарда, жартастарда кеңінен таралған.

Олардың ареалы негізінен тұрандық геоэлементтерінен тұрады.

Сонымен, Сарысу өзені дала мен шөл аймақтарында орналасса да, оның суының тіршілік қуаты флораның гумидті сипатының қалыптасып сақталуына ықпал етті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет