2 ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ОРНАЛАСУЫНЫҢ ТАБИҒИ-ТАРИХИ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1 Меркі орман шаруашылығы туралы жалпы ақпарат
Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман қорының жалпы көлемі - 440699 га, Орман орналастыру жұмыстары 1995-1996 жылдары аралығында өткізіліп, мекеме 3 орманшылыққа бөлінген (кесте 3).
Кесте 3 - Меркі орман шаруашылығы орманшылықтарының жер көлемі, га
Орманшылық
атауы
|
Жалпы көлемі,
га
|
Үлесі,
%
|
Аспара-Меркі орманшылығы
|
105 281
|
23,8
|
Тәтті орманшылығы
|
126 660
|
28,6
|
Сарығобы орманшылығы
|
208 758
|
47,6
|
Барлығы:
|
440 699
|
100
|
Меркі мемлекеттік орман қоры жері 20 айналымға бөлінеді. Мекемеде 20 орманшы-қорықшы қызмет атқарады. Орман шаруашылығының жер көлемінің категориялары кестеде ұсынылған (кесте 4).
Кесте 4 - Меркі орман шаруашылығының жер категориялары, га
№
|
Атаулары
|
Өлшем
|
2016 ж.
|
2020 ж. тексеруге сәйкес*
|
1.
|
Жалпы көлемі
|
га
|
440699
|
440699
|
2.
|
Орман алқаптарымен жабылған жер көлемі
|
га
|
194728
|
194758
|
3.
|
Орман алқаптарымен жабылмаған жер көлемі
|
га
|
106959
|
106879
|
4.
|
Орман алқабы жоқ жер көлемі
|
га
|
138771
|
138771
|
5.
|
Жинақталмаған орман екпелері
|
га
|
295
|
2295
|
*Ескерту: 01.01.2020 ж. мемлекеттік орман қоры жері: 440 695 га, шөп шабындық жерлер - 2636 га, жайылым жері - 113633 га.
Меркі орман қоры жерінде дәрі-шөп дайындайтын жұмыстар жүргізілмейді.
Меркі орман шаруашылығына тиесілі машино-тракторлық паркі: МТЗ-80,1 Тракторы 2-дана, МТЗ-80 Тракторы1-дана, МТЗ-8921Тракторы 1-дана, Уаз 374195-460-05 автокөлігі 1-дана, Уаз 220695,440 автокөлігі 1-дана, Уаз 31512 автокөлігі 1-дана, Уаз 390942 автокөлігі 1-дана, Минск -125 мотоциклы 1-дана, Лада (Нива) 21214 автокөлігі 1-дана, Тіркемелі өрт цестернасы ALET-3 1-дана, Роторлық шөп шапқыш КРН – 2,1 Б 1-дана, Соқа ПН 3-35 4-дана, Қопсытқыш КРН-4,2 1-дана, Тіркеме ПТС -6 1-дана, Дөңгелег ЛДГ 1-дана, Шұңқыр қазғыш ТВ-30 1-дана, Орман отырғызу машинасы СЛН-1-дана, Орман отырғызу машинасы СУЛА 1-дана.
Достарыңызбен бөлісу: |