Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В080700 -орман ресурстары мен орман шаруашылығы


Шаруашылықтың табиғи-климаттық жағдайлары



бет8/19
Дата14.02.2023
өлшемі1,89 Mb.
#168785
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Мұхтар Бекболат дипломдық жұмыс

Шаруашылықтың табиғи-климаттық жағдайлары

Жамбыл облысының климаты жағдайын сипаттауға облыстық метеостанцияның мәліметтерін пайдаланылады. Климаты жауын-шашынның аз түсуімен және оның қысқы, көктемгі мерзімге тура келуімен ерекшеленеді. Жазғы ыстық, қысы салыстырмалы түрде суық болып келеді. Ең ыстық мезгіл шілде айы, оның орташа температурасы 28,60С. Ең суық мерзім- қаңтар айы, орташа температура 6,00С – 150С.
Жазғы жауын-шашынның аз түсуі температураның жоғары ауаның құрғақ және аңызақты желдің көп болуы ылғалдың көп булануына жағдай жасайды. Жылына булану деңгейі 1254-1395 мм-ге жетеді.
Көктемнің жазға ауысуы өте жедел жүреді. Ауаның температурасы мамыр айынан бастап, жоғарылай бастайды және маусым айының соңында немесе шілде айының жекелеген күндерінде абсолюттік максимумы 39-43-ке дейін жетеді. Күз айы әдетте жылы және құрғақ, соңғы 20 жыл ішінде, ал кеш жүруі қараша айының 26-нда жүреді. Қысы ауа температурасының едәуір ауытқи тұруымен ерекшеленеді. Жекелеген жылдары ауаның абсолюттік минимумы -32-380С дейін жеткендігі байқалған.
Көпжылдық мәліметтер бойынша суықсыз кезеңнің ұзақтығы 175-190 күн, ауаның температурасы +50С асатын кезеңінің ұзақтығы 240-250 күн, ал ауа температурасы +10-0С асатын кезеңдегі температуралардың жиынтығы 4300-44000С жетеді. Жыл ішіндегі түсетін жауын-шашынның жиынтығы 170-200мм2, оның 60-85мм2 100С жоғары температура кезеңіне келеді (кесте 5).
Бұл аймақтың тағы бір ерекшелігі қыста қардың аз түсуі және көп жатпауы. Көпжылдық мәліметтер бойынша қар жататын күндердің саны 40-55 күннен аспайды. Жауын-шашынның негізгі бөлігі қараша айларына тура келеді, ай жаз айларында шілде- қыркүйек айларында жауын-шашынның түсуі өте сирек байқалады. Ауаның жылдық ылғалдылығы 40-60 % аралығында болады [19].
Кесте 5 – Меркі ауданының метерологиялық жағдайы



Көрсеткіштер

Өлшем

Метереологиялық станция

Шілде айы, оның орташа температурасы

0С

28,6

Суық мерзім- қаңтар айы, орташа температура

0С



6,0 – 15

Жылына булану деңгейі

мм

1254-1395

Суықсыз кезеңнің ұзақтығы

күн

175-190

+50С асатын кезеңінің ұзақтығы

күн

240-250

Ауа t +100Сасатын кезең

градус

4300-4400

Жауын-шашынның жиынтығы

мм

170-200

Қар жататын күндердің саны

күн

40-55

Ауаның жылдық ылғалдылығы

%

40-60

Жамбыл облысының топырағы жер рельефіне байланысты. Қаратау жотасының Оңтүстігінен кәдімгі сұр топыраққа дейін өзгереді. Бұл топырақтар механикалық құрамы жағынан алуан түрлі, ауыр, орташа және жеңіл болып келеді. Жеңіл сазды және құнды топырақтар негізінен жоғары рельефі аймақта. Ал ауыр сазды топырақтар рельефі төмен аймақтар рельефі төмен аймақта орналасқан. Топырақтың су өткізгіштігі механикалық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы, ал ауыр топырақта өте нашар.


Бұл аймақ жер асты суларының орта деңгейде орналасуымен сипатталады. Жер асты суларының орта деңгейінің негізгі қоры болып суару жүйесінің, суарылатын танаптардың және атмосфералық жауын-шашын сулары саналады.
Жер асты суларының орналасу тереңдігі алуан-түрлі болып келеді. 9-12 м-ге дейінгі аралықта болады. Жер асты суының ең жоғары деңгейі мамыр айында, ал ең төменгі деңгейде қазан, қараша, желтоқсан айларында байқалады.
Жер асты суларының көпшілігі тұздалған, ішінара тұщы болып келеді және сонымен қатар ауданда минералданған жылы сулар да молынан кездеседі.
Ауданның су қоры мол, егіншілік үшін осы ауданнан өтетін Сырдария өзенінің, Арыс-Жамбыл каналының және бастауын Қаратаудың батыс беткейлерінен алатын Қаршық, Үшөзен, Еркетау, Шылбыр сияқты ұсақ өзендердің сулары пайдаланылады.
Шаруашылық топырағы сұр топыраққа жатады. Қара шірік қалыңдығы 25-30 см, шағыл тас 1,0-1,5 м тереңдіктен басталады. Кей жерлерде жердің ішкі қабатында әк кездеседі, егінді суарғанда ылғалға еріп, қуыс пайда болады. Ол үлкейіп шағыл тасқа қосылады. Топырақтың механикалық құрамы жер бедеріне, геологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Топырақтың құнарлығы түрлі факторлармен, яғни оның құрылысымен, органикалық заттардың құрамымен, агро-физикалық, физико-химиялық, химиялық, биологиялық т.б факторлармен сипатталады.
Облыстың орналасқан рельефіне байланысты, мұндағы өсімдік қоры да алуан түрлі болып келеді. Бұл жерлерде итсигек, адыраспан т.б дәрілік өсімдіктер, сонымен қатар жусан, алабұта кездеседі [19].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет