Дипломдық ЖҰмыс «Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері» «050207-Аударма ісі»


 Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің



Pdf көрінісі
бет10/42
Дата03.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#137708
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ диплом 2010

1.2 Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің 
функционалды-стильдік ерекшеліктері 
 
Бөлек функционалды стильдер әдеби тілдің тарихи даму процесінде 
пайда болады; олар бір-бірінен тілдік қатынастың мақсаты мен міндеттерін 
анықтайтын тілдік құрал жүйесімен ажыратылады. Әдеби тіл мен 
функционалды стильдің арасында жалпы және жалқы қатынас бар; әрбір 
функционалды стильде әдеби тіл нормасының дамуының жалпы бағыттарын 
көруге болады; әдеби тілдің функционалды стилі әдеби тілдің дамуының 
әрбір сатысындағы бірлікті қамтамасыз ететін өзара әрекеттестік процесінде 
болады. 
20 ғ. бағытталған ғылыми техникалық прогресс өмірде қарқынды 
ақпараттың алмасуы мен басты қызметі когнитивті ақпарат болып табылатын 
ғылыми техникалық стильдің қалыптасуына түрткі болды. Лингвистикалық 


11 
зерттеулердің нысаны болып табылатын көркем әдебиет тілінен өзгеше, 20 ғ. 
Лингвистердің назарларын аударатын ғылыми техникалық басылымдардың 
қарқынды дамуы байқалды. 
Техникалық әдебиет тілін лингвистика жағынан зерттеулер, 
техникалық әдебиеттің барлық түрлерінің тілдік қарым-қатынас құралы 
ретінде маңызды дәрежеге ие екенін, өзіне қатысты ерекшеліктері мен белгілі 
тілдік құрылымдық стилі бар екенін көрсетеді. 
Техникалық әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктері оның лексикасына, 
грамматикасына және стилистикалық белгілеріне де қатысты. Бұл жерде ең 
маңызды мәселе, техникалық әдебиет барлық тілдерге тән болғанымен де, 
оның ерекшеліктері, тілден тілге сол күйінде берілмейді, әр тілде өзінше 
аударылады. Бұл өзіндік сандық және сапалық сипатқа ие. Сапалық өзіндік 
әр тілдегі белгілі қатынас немесе ерекшеліктері ұқсас тілдік құрал арқылы 
емес, лексикалық құрал грамматикалыққа ауыстырылып берілуіне, ал сандық 
ерекшелік лексикалық, грамматикалық немесе стилистикалық құралдардың 
әртүрлі жиілікте қолдануында көрінеді. 
Сонымен қатар, техникалық әдебиет аудармасымен жұмыс істей 
отырып, жүйелі-адекватты аударма алу үшін берілген тілдің ғылыми 
техникалық әдебиетін жалпы және арнайы ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. 
Жалпы әр функционалды стильде аударма барысы мен нәтижесіне маңызды 
әсер беретін кейбір тілдік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалыға 
Комиссаров В.Н. [8,56] бойынша ғылыми техникалық стильде ғылыми 
техникалық материалдардың лексико-грамматикалық ерекшеліктері, бірінші 
орында терминология және арнайы лексика болып табылады. Техникалық 
стильге қатысты ерекшелік – оның ақпараттылығы (мазмұндылығы), 
қисындылығы (қатаң жүйелік, басқы ой мен бөліктерінің арасындағы 
байланыс), дәлдік және дұрыстық және осы ерекшеліктерден шығатын 
айқындық пен түсініктілік. 
Осы стильге қатысты мәтіндер аз немесе көп дәрежеде ережеге сәйкес 
ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Бірақ та осы сияқты мәтіндерде, осы сала 


12 
қарым-қатынасына түрткі болатын, басымырақ қолданысқа ие құралдар бар. 
Лексика саласында барлығынан бұрын техникалық терминология және 
арнайы лексиканың қолданылу аясы бірінші орында тұратыны анық.
Қандай да болсын ғылым саласымен байланысты ұғымдар жүйесі – 
термин проблемасына тоқталатын болсақ: «Тілдің ілгері басып өсуі үшін 
оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешімді болмайды. Болмайтын 
себебі: өркендеп алға барған тілдің тарауының бәрі де сол емле, 
терминологиямен сабақтаса да отырады» - дейді қазақ тіл білімінің ғылыми-
теориялық негізін қалаушылардың бірі, профессор Қ.Жұбанов. Оның 
терминге берген анықтамасы: «Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы 
сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға – ғылым жолы қандай сатыда 
тұрса, міне осыны теліп отырады, сонымен қатар термин сөзінің терминдік 
ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа 
болуы мүмкін».
Жалпы «термин» сөзін латыннан аударғанда «шек», «шекара» деген 
мағынаны білдіреді. «Термин» атауының өзі жайлы С.Әсілжанов былай 
дейді: «Соңғы кезде қазақ тілінде термин сөзін «атау», «аталым», «атауыш» 
деген қазақша балама сөзбен ауыстырып қолдану кездеседі» [9,357]. 
«Терминді тұрақтандыру, жаңа терминдерді қабылдау ісіндегі 
кемшіліктің басы – термин деген ұғымды ғылыми негізде түсінбей, оған 
жалаң, схоластикалық тұрғыдан келуде жатыр. Сол үшін ең алдымен термин 
деген сөздің мәнің ұғынуымыз қажет. Онсыз жерде, қазыргі аудармада 
кездесіп жүрген былықтан құтылу мүмкін емес» - деп 1956 жылы Қазақ 
әдебиеті газетінің қарашадағы санында жарық көрген филология 
ғылымдарының кандидаты Ғ. Мұсабаев жазған пікірі болатын [10,178]. 
Содан бері жарты ғасыр өтсе де, қазақ тілінің өндіріс саласындағы 
техникалық терминологиясы әлі де ақсап келеді.
Мәтіннің терминдік деңгейде қолданарлықтай, түсініктемесі негізі 
толығымен қалыптаспаған. Мәтіннің әртүрлі түсініктемесі И.Р.Гальпериннің 


13 
«Текст как объект лингвистического исследования» атты кітабында және 
басқа да авторлардың еңбектерінде кездеседі [11,139]. 
Ендігі, 
термин
дегеніміз – ғылым немесе техникалық белгілі саласында 
мамандар пайдаланатын арнайы объекті мен мағынаны білдіретін сөздер мен 
сөз тіркестерін айтады. Термин ретінде тек осы стильде қолданылатын 
сөздерге қоса арнайы мағынаға ие жалпы халықтық сөздер де қолданылуы 
мүмкін [12,143]. Мысалыға: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет