Дипломдық ЖҰмыс «Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері» «050207-Аударма ісі»



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата03.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#137708
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ диплом 2010

 
Міндеті:
Мұнай-газ саласындағы мәтіндерді аудару барысында түрлі 
трансформацияларды қолдана отырып мысалдарға талдау жасау; мұнай-газ 
саласындағы
 
техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару 
кезінде кездесетін мазмұндық құрылымдардың ерекшеліктерін айқындау
техникалық мәтіндерді аудару кезінде кездесетін қиыншылықтарды көрсету 
және болашақ аудармашылардың біліктілік дағдыларының дамуына 
көмектесетін жұмысты ұсыну. 
Зерттеу құралдары:
Дипломдық жұмыстың қарастыратын мәселесіне 
байланысты шетелдік және отандық ғалым зерттеушілердің еңбектері, 
әртүрлі электронды сөздіктер мен әдебиеттер енді. 
Зерттеу нысаны: 
Зерттеу барысында жалпы мәтін түсінігінің 
сипаттамасы мен түрлері, одан келе техникалық мәтіндердің сипаттамасы, 
түрлері және оларды аударудағы қойылатын талаптары мен ондағы 
қолданылатын трансформациялар қарастырылды. Жұмыстың қайнар көзі 
ретінде техникалық мәтіндер түпнұсқалары қарастырылды. Өкініштісі 
қазыргі отандық баспада нақты зерттеліп бекітілген техникалық 
терминдердің қазақ тіліндегі сөздіктер мен әдебиеттердің сирек кездесуі 
айқын. Осыған орай біз зерттеу жұмыс барысында техникалық мәтіндердің 



аудару барысының құрамдас бөлігі болып табылатын термин мәселесін 
назардан тыс қалдырмауға тырыстық, техникалық мәтін, термин және 
олардың мемлекеттік тілге адекватты түрде берілу мәселесін дипломдық 
жұмыста сөз қылғанды жөн көрдік. 
Теориялық мәні
: Қазақ терминологиясымен техникалық аударманың 
қалыптасуы үздіксіз үрдіс және терминдердің мемлекеттік тілдегі 
баламасының жасалуы жан-жақты дамытуды қажет ететін бүгіннің талабы 
екендігін рас. Сол себепті, біз дипломдық жұмыста мұнай-газ, кен өндірісіне 
қатысты әр түрлі мәтіндердің аудару барысын сатылап мысалдар арқылы 
ерекшеліктерін көрсетуге және нақтылауға тырыстық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет