9
талабымен сипатталады. Мәтіннің жекелігі әдеби бейнені өзімен алып
жүрген заттық форманың шексіз вариациялық нәтижесімен сипатталады.
Р. Барттың мәтін жайында берген анықтамасында былай делінген:
«байланысқан мәтін мазмұны жағынан біртұтастықты білдіретін, ішінара
ұйымдасқан және коммуникативтік мақсатқа арналған аяқталған тілдік
ілеспелілік» [7,18].
Сонымен, мәтін дегеніміз – жоғарғы тәртіптелген бірлік, ақпараттық,
құрылымдық
және
коммуникативтік
мағынасында
байланыстылық,
біртұтастық қызметке ие жазба түрінде берілген шығарма. Сондай-ақ, мәтін –
өз алдына негізгі қасиеттері байланыстылық пен біртұтастық болып
табылатын, мағыналық жағынан біріккен таңба бірліктерінің бірізділігі. Ол
функционалдық, семантикалық, құрылымдық бірлік ретінде бір құралу
ережесіне ие, өзін құрайтын бірліктердің формальды және мағыналық
заңдылықтарын айқындайды деген тұжырымдамаға тоқталдық.
Достарыңызбен бөлісу: