Дипломдық жұмыс орындаған: тексерген: Жоспар Кіріспе



бет6/8
Дата23.08.2017
өлшемі1,2 Mb.
#25736
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

Жаңа заң лизингті технологиялық қалыс пен қазақстандық кәсіпорындардың негізгі қорларының тозуы жағдайында өте көкейкесті инвестициялық қаржыландырудың бір формасы ретінде таниды. Лизингті келісімдердің өте маңызды обьектілері ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеуге арналған, 1 кешеннің әскери-өндірістік, фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіп, өндіріске арналған құрал-жабдықтар мен машиналардың болуымен көрініс тапты. Сонымен бірге, жаңа заң шетелдік инвесторларға заңмен қаралған жағдайды қоспағанда алдын ала келісілген контракттар талаптарының тұрақтылығына кепілдік береді.
Бұдан басқа ҚР Салық кодексінде салық төлеушілердің жеке категорияларының салық төлеу ерекшеліктерін орнататын арнайы ережелер қарастырылған. Олар экономиканың маңызды салаларының дамуына ынталандырушы жағдайлар жасау және Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытынан құтылу қажеттілігімен байланысты.

Сондықтан мұнай химия өндірісінде, ақпараттық технология саласында және «Морпорт Ақтау» еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) территориясында қазмет атқаратын ұйымдарға салық төлеудің арнайы жеілдетілген жүйесі белгіленген.

Сонымен қатар, өзінің жасаған өнімдерін қосымша құнымен сататын өнеркәсіптерде жоғары технологиялық өндірісті қалыптастыруға одан әрі ынталандыру мақсатында 2005 жылдың 1-қаңтарынан бері корпоротивтік түсім салығын анықтаудың жеңілдетілген түрі енгізілді. Оны халықаралық сапа стандарты және экологиялық менеджмент талаптарына сәйкес қосымша жоғары құны бар өнім өндіретін, менеджмент жүйесін қолданатын, кәсіпорындар жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған шаралар Қазақстанда инвестиция жағдайын жақсартуға, бизнес-ортаның іскерлік белсенділігінің өсіну ынталандыруға және Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, ҚР салыққа қатысты заңдарында салық қарыздарын кешіру мәселелері қарастырылмаған.

Республика экономикасына шетелдік инвестицияны тарту үшін Қазақстанда жасалып жатқан қолайлы жағдайлардың бірі – екі рет салық салудан сақтандыру туралы және мүлік пен табыс салығынан бой тасалауды болдырмау туралы (бұдан әрі «Салықтық конвенциялар») Қазақстанның шет мемлекеттермен жасасқан халықаралық келісімдері мен оларды қолданудың жеңілдетілген тәртібі. Салықтық конвенциялардың негізгі мақсаты – еркін тауар айырбасы мен қызметтерге кедергі болып тұрған салық барьерлерін азайту арқылы халықаралық сауда мен капиталды инвестициялауға әсер ету.

Бүгінгі күнде Қазақстан мен басқа мемлкеттер арасында 35 Салықтық конвенция жасалып, жұмыс істеуде. Осыған қоса, бұл бағытта басқа да шетелдік мемлекеттермен жұмыс жасалуда.

Салықтық конвенцияны ҚР Салық кодексі тарапынан басқаруды жетілдіру мақсатында оны басқарудың халықаралық тәжрибеге сәйкес және республиканың фискальді органдары мен салық төлеушілердің арасындағы қарым-қатынасты жақсартатын жеңілдетілген тәртібі белгіленді.

ҚР территориясында қызмет ететін бейрезиденттердің пайдасының салығына қатысты Салық кодексінде түсім салығын шартты банкілік салымдар арқылы төлеу тәртібі қарастырылады. Бұл тәртіпке сәйкес ҚР қызмет етуші бейрезиденттердің пайдасынан салық агенттерімен алатын төлеушінің түсім салығының сомасы қазақстандық банкте шартты банкілік салымға аударылады. Ол банкілік салым туралы үшжақты, яғни бейрезидент, салық агенті және банк-резидент арасында жасалған келісімге негізделеді.

Салық конвенциясындағы ереженің қолданылуын жүзеге асыру мақсатында бейрезидент салық органына төлеушіден ұсталған түсім салығын қайтару туралы өтініш береді. Салық конвнциясының шарттарын орындау барысында ұсталған түсім салығы сомасы банкілік марапаттаулармен қатар бейрезидентке қайтарылады.

Салық конвенциясының шарттары орындалмаған жағдайда шартты банкілік салымда орналасқан түсім салығының сомасы мен банкілік марапаттау сомасы ҚР мемлекеттік бюджетіне аударылады. Және де бейрезиденттердің мұндай өтініштері салық органына өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса түскен күнінен бастап 30 жұмыс күні мерзімінде қарастырылады. Бейрезиденттердің басқа да табыстарына ҚР тарапынан салынатын салықтар:


  • дивиденттер, марапаттаулар, рояльти;

  • кастодиалдық қызмет көрсету және сенімділікпен басқару комиссиясы;

  • Салық кодесінің 178-бабының 2-тармақшасында көрсетілген ҚР тыс жерде қызмет көрсетуден түскен табыс, т.б. ҚР-на түсетін табыстар;

  • бір тарабы ҚР болып табылатын халықаралық көлік тасымалдарынан түсетін табыс;

  • заңды тұлға-бейрезиденттің тұрақты мекемесі арқылы ҚР-на түсетін табыстары.

Салық кодексінде салық конвенциясын қолданудың жеңілдетілген түрі қарастырылған. Оған сәйкес қосымша әкімшілік шараларсыз-ақ резиденттілігін дәлелдейтін құжаттардың негізінде бейрезиденттердің жоғарыда көрсетілген қызметтерінен түскен табыстар ҚР-да салықтардан босатылады.

Азаматтықты дәлелдейтін құжатттар негізінде қосымша әкімшілік шараларсыз-ақ жеке түлға-бейрезиденттердің табысы ҚР-нда салықтардан босатылады.

Алайда әлемдік кеңістікте республиканың ішкі экономикалық байланысының дамуы шетелдік капиталдың әсерінен елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және ұлттық мүдденің қорғалу кепілдігін талап етеді. Сараптық бағамдарға сәйкес, республиканың өндірістік күшінің 80% шетелдік инвесторлардың қолында шоғырланған. Бұл ел экономикасына айтарлықтай қауіп тудырады. Әсіресе, шетелдік капиталдың республикаға дендеп енгенін шетел компанияларының мұнай-газ саласындағы қызметінен көруге болады.

Сонымен қатар, шетел инвесторлары пайдасының көп бөлігі қайтадан өндіріске салынбай, сыртқа шығарылады. Кәсіпкерлік пайдасының жоспарлы аударылымы капиталды қабылдау және шығарудың стандартты формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Олар: трасферттік бағаның қолданылуы, басқару мен рояльти төлемінің өсуі, оффшорлық компанияның пайдаланылуы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің экономика институтының сарапшыларының мәліметтері бойынша мұнайды сыртқа шығару бойынша (газ конденсатымен қоса) Қазақстанның трансферттік бағадан ұтылуы 1993 жылдан 2000 жылдың қазанына дейінгі уақытта 270 млрд. теңгені құрайды.(31)

Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тартудың мемлекеттік шараларын жасауда позитивті әсер ететіндігін есепке ала отырып, біржақты әдіске сүйенеді. Алайда әлемдік тәжрибе қабылдаушы елдің экономикасына капитал импортының позитивті әсері тек импортер мемлекет белсенді саясат жүргізгенде ғана қол жеткізілетіндігін көрсетіп отыр. Яғни атап айтқанда, шетелдік инвесторларды қадағалаусыз енгізу ел егемендігі мен тәуелсіздігіне қаупін тигізетіндігін ескере отырып, ұлттық шаруашылық және саяси мақсаттарды шешу үшін шетелдік капиталдан түсетін нақты пайданы есептеу саясатын ұстану жөн. Ашық және ырықтандырылған, айқын, тиімді және қатаң ұсталатын заңдармен жүргізілетін инвестициялық саясат, шетел инвестицияларын тарту үшін күшті ынталандырушы фактор болып табылады.

3 Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларын талдау және оларды бағалау әдістері


3.1.Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық: салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізі болып табылады .

Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындығы , аралық және дайын өнім , өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау , өндірістік және жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау аралырындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дегеніміз – қоғамның табиғи - шикізат, материалдық- техникалық және интеллектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктеоін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Мұнда аталған мәселені шешуді тездетудің негізі әрдайым аз шығын жұмсап көп нәтижге қол жеткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің нарықтық моделі.



Кесте 3 - Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың технологиялық құрылымы


Миллион теңге




2002

2003

2004

2005

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – барлығы :

369084

595664

943398

1099986

құрылыс - монтаж жұмыстары

96408

159995

251950

420060

жабдық , құрал , мұқаммал

113380

223636

376832

350916

өзге де күрделі шығындар

159296

212033

314616

329010




Пайызбен

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – барлығы :

100

100

100

100

құрылыс - монтаж жұмыстары

26,1

26,9

26,7

38,2

жабдық , құрал , мұқаммал

30,7

37,5

39,9

31,9

өзге де күрделі шығындар

43,2

35,6

33,4

29,9

Дереккөз: ҚР Статистика Агенттігі
Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

Болашақтағы салалық өзгерістерді негіздеуде ескерілетін маңызды фактор – жиынтық сраныс құрылымы жайлы болжамды мәліметтер . Олар ішкі қорлар мен импортты алмастыратын өндірісті ұйымдастыру есебінен тиісті жиынтық ұсыныс құрылымын қажет етеді. Әлемдік тәжірибе , басқа елдерден алынатын ресурстар экономикалық егемендікті нығайтуға септігін тигізбейтіндігін дәлелдеп отыр. Ал, егерде мәселе азық- түлік өнімдеріне деген сұранысты өтеу жөнінде болса, онда импортқа бағытталу елдің азық- түлік бойынша қауіпсіздігін айтарлықтай нашарлатады.

Дағдарысты жағдайдан шығу және экономиканы дамыту – ұлттық табыстағы өндірістік қор жинау үлесін арттыруға байланысты . Ал бұл, өз кезегінде , әсіресе барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын шығаратын салаларда өндірістің өсу қарқынын арттыруды қажет салаларда өндірістің өсу қарқынын арттыруды қажет етеді. Мұнда да шетелдік технологиялық инвестицияларға бағытталуға болады және бағытталу керек деген жаңсақ пікірлер бар. Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағытталу , біріншіден, отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін; екіншіден, елде техникалық процестің негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қажеттілік төмендеуі мумкін. Бұл екі жағдайда да өндірісте интеллектуалдық ұтылыс анық байқалады , ал оны болдырмау үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын қалыптастыруда халық шаруашылығының инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану тиімділігін арттыру мүдделері көзделуі тиіс.

Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру – шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет . Сол арқылы экономиканың , оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жою мүмкін болар еді.

Егер әлемдік шаруашылық байланыстарда өз орнымызды таппасақ, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу мәселесі назарға алынбаса, онда құрылымдық саясат ғылыми негізделген болмайды . Аталған жағдайда “өз орнымызды табу ” дегеніміз экспортқа бағытталған салаларды дамыту , ал “еңбек бөлінісіне қатысу”- маманданған салалардың пайда болуы мен дамуын білдіреді.

Бұл жерде біз халық шаруашылығы салалық құрылымының тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі факторларына ғана тоқталдық. Сондай-ақ , ең алдымен елдің өндіргіш күштерін орналастыруды оңтайландыру мәселесін қамтитын ету ісі де маңызды екендігін атап өту керек. Бұл тұста, экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын оңтайландыруда шешуші рөл атқаратын екі факторды бөліп қарастыруға болады . Мәселе табиғи қорларды тиімді игеруде және қоғамдық өндіріс пен халықтың өмір сүру деңгейінің тиімділігін арттыруға қол жеткізуде болып отыр.

Алайда, халық шаруашылығының аймақтық құрылымын ғылыми негіздеуде ерекше сипаттағы факторлар да ескеріледі. Атап айтқанда, әр түрлі аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін теңестіру қажеттігі жөнінде , өйткені, егерде аймақаралық ауытқулар деңгейі жоғары болса, әлеуметтік шиеленісу мәселелері күшейе түседі.

Аталған жағдайдан аймақтық құрылымды қалыптастырудың келесі факторы – жергілікті халықтың жұмыспенқамтылу коэффициентінің мөлшерін арттыру арқылы экономикалық және әлеуметтік тиімділікке қол жеткізудің жалпы мемлекеттік мүдделелігі туындайды. Аймақтық жұмыспен қамтылудың әртүрлілігін талдау және есепке алу әрқашанда мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруда бастапқы негіз болуы шарт. Бұл мәселе біздің республикамыздың жағдайында өте өзекті болып отыр. Себебі, материалдық өндірістің аса маңызды салаларында аймақтық ерекшеліктерді ескерместен әкімшілік әдістермен Жекешелендіру шараларын жүзеге асыру түптеп келгенде жұмыссыздықтың өсуіне , халықтың ауылдан қалаға көшуін күшейтіп, экономиканың аграрлық секторының матриалдық- техникалық және ғылыми- интеллектуалдық базасының құлдырауына алып келді.

Қазақстан экономикасына ұлттық және шетелдік инвестицияларды тарту Қазақстанда тұрмыстың жоғары деңгейімен сипатталатын өркениетті, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған қоғам құрудың ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына негізделеді. Ал оның негізінде меншіктің түрлі формаларының бірлескен қарқынды қызметін сипаттаушы ғана емес, сонымен қатар, тауар нарығы, жұмыс күші мен капиталдың интернационализациялануы да жатыр. Ал шетелдік капитал арқылы Қазақстанға ғылыми-техникалық дамудың жетістіктері мен алдыңғы қатарлы ұйымдастырушылық тәжрибе келеді. Сондықтан Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа енуі мен шетелдік капиталды тарту – елде қазіргі заманға сай азаматтық қоғам құруға қажетті жағдай. Қазақстанның тәуелсіздік тұсындағы экономикалық даму деңгейін бағалай отырып, 2004 жылы ЖІӨ өсімі 1991 жылмен салыстырғанда 105,3% құрағанын атап өту керек. Бұл көрсеткіш арқылы Қазақстан 1990 жылдың тоқырау көрсеткішіне жақындайды, ал 2005 жылдың нәтижесі бұл көрсеткіштен дамығандығын көрсетеді. Қазақстандағы 1991-2006 жылдардағы ЖІӨ нақты өзгеруінің динамикасы 4-кестеде көрсетіледі.

Кесте 4- 1991-2006ж.ж. ЖҰӨ нақты өзгеру динамикасы







Жылдар

1991

1995

1996

1997

1998

1999

2001

2002

2003

2004

2005

2006

ЖҰӨ % 1991ж

100

61,4

61,4

62,7

61,5

663,2

69,4

78,8

86,5

94,5

100

102

ЖҰӨ % 1992ж

100

69

69,3

70,5

69,2

71,1

78,1

88,6

97,3

106,3

108,2

109

Дереккөз: ҚР Статистика Агенттігі
Қазақстан 5 жыл бойы әлемге экономикалық дамудың жоғары қарқынын, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның бірте-бірте жақсаруын, халық өмірі мен тұрмысының деңгейінің өсуі үлгісін көрсетуде.

Елдің экономикалық саласында тағы да басқа маңызды өзгерістер болды: 1) Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінде алғашқы болып әлемдік ұйымға нарықтық экономикалы ел ретінде танылды және алғашқы болып инвестициялық елдік рейтинг алды; 2) Әлемдік банк Қазақстанды инвестициялық қызығушылық тудыратын ел ретінде 20 әлем елдерінің құрамына енгізді.

Осыған байланысты жылына 2 рет (наурыз, қыркүйек) жарияланатын «Euromoney» атты ағылшын журналының аналитикалық баяндамасында әлемдегі инвестициялық жағдай мен тәуекел жөнінде қызықты мәліметтер жасалады. Осы мәліметтерге сәйкес 2005 жылы зерттеліп отырған 185 елдің ішінде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай тудыратын шарттарды Люксембург, Швейцария, Норвегия, Германия мен АҚШ ұсынды. Қазақстан жалпы 48,38 балл көлемімен 69-ыншы орында ТМД басқа елдерінен озық тұр.

Әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктер ғалым-экономистер мен жетекші сарапшылармен қатар халықаралық іскер, қаржылық және саяси орталықтардың Қазақстанға деген, оның мемлекеттік саясатына, ресурстық, өндірістік, ғылыми-техникалық кадрлық күшіне қызығушылықты арттыруда.

Халық шаруашылығы аймақтық құрылымының өзгерісі көбінесе республиканың әкімшілік аумақтары мен ірілендірілген аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенділік қағидасына байланысты. Аталған қағида аймақтық құрылымды қалыптастырудың маңызды факторларының бірі.

Жоғарыда, мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:


  • мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;

  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық- салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

Іс жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

Ал бұл, өз кезегінде, мүдделер, ресурстық база, механизмдер,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .

Болашаққа әзірленген , мақсаттары мен әдістерін ескере отырып салалаық және аймақтық деңгейлерге жасалған матрицалық модельдердің мәліметтерін талдау – халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселелерін жоспарлы түрде шешудің негізін құрайды. Осы тұрғыдан ғана экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизмдерін қолдау мәселелерін қарастыруға болады. Өз тәжірибемізді өзге елдердің экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжірибесін талдау, мұндай жағжайда механизмдер құрамы мен басымдығы көбінесе құрылымдық өзгерістер бағыттарының бастапқы жағдайына тәуелді екенін байқатты. Егерде бұл бағыттар мақсатты міндеттерге сәйкес болып, құрылымдық өзгерістердің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру үшін “бағытты”шамалы ғана өзгертуді талап ететін болса жақсы . Мұндай жағдайда халық шаруашылығының төменгі бөлімшелерінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі басымды болар еді.

Ал егер, ел экономикалық құрылымдық дағдарыс орын алып, құрылымдық өзгерістердің тиімсіз бағытталуы қалыптасатын болса – бұл мүлдем басқа жағдай. Қазақстанда бүгін екі түрлі жағдай да орын алып отыр. Ол жөнінде келтірілген республика өнеркәсібінің салалық құрылымы дәләлдейді.

Осылайша, қазіргі кезеңде республика экономикасындағы құрылымдық дағдарысты жою үшін тұтастай мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясатының бағытын айтарлықтай өзгеру қажет және оны ауыл шаруашылығы мен аграрлық өнеркәсіптік инфрақұрылымның әлеуметтік –экономикалық рөлін қалпына келтіруге бағыттау керек. Құрылыс кешеніне де осындай көзқарас қажет.Осыдан келіп экономикадағы құрылымдық өзгерістерді реттеудің механизмдері арасында бюджеттік қаржыландыру , несие бөлу және салық салу басымды болып табылады.

Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:

- дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық беру;

- ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту ;

- негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;

- халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету ;

- экономиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет