Химия және биология пәндері басқа да жаратылыстану пәндерімен өтетығыз байланыста болады. Қазіргі кезде білім беру саласына қойылып отырған басты міндет – білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды оқулық дайындау және пайдалану. Бұлардың барлығының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын арттыруда тигізер әсері мол. Қазіргі таңда оқытылатын пәндер оқушылардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше мән беріле бастады. Бұл мақсатқа жету үшін оқушының өзі арқылы ойлау қабілетін дамытады. Оқушы белгілі білім жинақтайды, оны өз тұжырымына салып қорытады, қабылдайды. Ең бастысы ҰБТ таңдауында жоғары балл жинауға мүмкіндік алады. «Нені ұғындым, қалай ұғындым?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің жинақтаған білімін ойелегінен өткізеді. Ендеше сабақтардағы пәнаралық байланыс мектеп материалы ретінде химия, биологияда қарастырылған барлық мәліметтерді байланыстыра оқыту оқушының бүкіл дүниесімен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасауына бағыт болып саналмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |