Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Ауызекі сөйлеу тілінің басты ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет41/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)
Дипломка әдістеме
Ауызекі сөйлеу тілінің басты ерекшеліктері: 
а) ауызекі сөйлеу стилі диалогке құрылады. Қатысушы екі адам 
арасындағы сұхбат тілдесімі арқылы, бірнеше топ арасындағы пікірталас, 


51 
жарыссөз арқылы сөйлеу стилі қалыптасады. Бұндай жағдайда интонация 
ерекше қызмет атқарады.
ә) Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшелігі - монолог. Бір кісінің сөзі 
көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс формасында жүзеге асырылады. 
Бұл ерекшелігінде сөйлеушінің сөйлеу мәнері, шешендік қабілеті, ойды 
айқын жеткізу шеберлігі негізге алынады. 
б) ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің келесі түрі оның 
эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға 
тырысады. Мысалы, «Көбірек сөйлеп кетті» (бәсеңдеу түрі, бірақ эмоция 
сезіледі), «Мылжыңдап кеттің ғой!» (эмоцияның катаң түрі); 
в) ауызекі сөйлеу стилінде әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен 
мінезін таныту үшін жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта 
қолданылады; 
г) ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі 
қолданылады. Мысалы, «Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын». 
Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек 
пайдаланылады; 
ғ) ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де 
қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., «
Өгіздей
біреу алдымнан 
шыға келді»; 
Аяқ-қолы балғадай
келін түсті. 
д) ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, 
ең алдымен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бұл түрінде сұраулы, 
лепті сөйлемдер жиі катысады. Көбінесе диалогке құрылады. ауызекі сөйлеу 
стилінде ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады. 
Диалог түрлері: 
а) Қостау диалогі – екі сөйлеуші де бір-бірінің пікірімен келісіп, бірін- 
бірі толықтырып отырады. 
ә) Полемикалық диалог – сөйлеушінің бірі екіншісінің сөзін қақпайлап, 
сөзбен қақтығысып отырады. 
б) Нақтылау диалогі 
в) Эмоционалды қарсылық білдіру диалогі 
г) Сұрақ – жауап диалогі 
д) Сұраққа кері реакцияны білдіретін диалог 
е) Жауапқа қарама-қарсы сұрақ бағыттау диалогі 
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша 
түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі 
- бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтің өзіне тән 
байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) 
таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл 
аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем 
монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т.б.), функционалдық-
коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. 
б.) әр түрлі монологтер көрініс береді.


52 
Ауызекі сөйлеу стилінде сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы 
бірден келісіп, мойынсыну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас 
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет