Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу»


Маркетингтегі ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты



бет4/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,27 Mb.
#32564
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

1.3 Маркетингтегі ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты


Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпараттық жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Маркетингтегі ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан тұрады: сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету. Экономикалық ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:

- ішкі есеп берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету;

- сатып алушы қажеттіліктерін зерттеуде қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;


маркетингтік талдауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;

- ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;

- талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз ету;

- қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін арттыру;

- қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсарту.
Маркетингтегі ақпарат жүйесінің тағайындалуының негізгі шарты сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету үрдістерін жүзеге асыруды автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін "достық интерфейсі " және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек, ол тәуекелдікті алдын ала болжап, банктің барынша зиян шекпеуін қадағалайды.

АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономика - математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ны жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі - бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.

Басқарма АЖ-сі ақша құралдарын тиімді бақылау үшін, сонымен қатар тұтынушы сұранысына байланысты ақпаратты жинау сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үшін арналған. Кез-келген АЖ оның қолдану саласына тәуелсіз толық және дұрыс ақпаратты ұсынады.

Жүйенің функционалды, ақпаратық құрылымы әрі қарай даму үшін және қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек.


АЖ құру мақсаты - ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады. Бұл басқарма қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі келісім-шарт, анықтама-қағаз, сертификат және басқа құжаттарды толтыруға, Басқарманың қаржы-несие бойынша ақпаратын өңдеуге уақыт жұмсалмайды.


АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.

Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:



  • есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты түрінде автоматтандыру;

  • АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамассыз етуді жаңарту;

  • нақты уақыттағы Басқарманың қаржы-несие шаруашылығын толық талдау;

  • алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;

  • есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;

  • бірегей МБ құру.

Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:

  • жұмыс жеделділігі;

  • ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;

  • қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе.

АЖО қолданушының персоналды электронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.

Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі құрамында процессор, монитор, клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты негізінде персоналды компьютер (РС/ПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен қатар физикалық модульқұрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар барлық құралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т.б. қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.

1.4 Маркетингтегі ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.

Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді [8]. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.

Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын.

Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.

АЖ құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз [7]. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.

АЖ ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:


  • ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • ақпаратты қорғауға және программа құралдар жабдығына қойылатын талаптар.


Кесте 4. Ақпарат жүйесі құрылымына қойылатын талаптар





Есеп кешені

Есеп атауы

Кіріс ақпарат

Шығыс ақпарат

Қолданушылар


Маркетинг

тік зерттеулер және талдау жүргізуді автоматтан

дыру

Ішкі есеп беру








Маркетолог




Ағымдағы ақпаратты жинау



Сұраулар

Зерттеу ақпараты

Маркетолог


Маркетингтік зерттеулер жүргізу




Қажеттіліктер

Зерттеулер негізінде есеп беру


Маркетолог

Маркетингтік ақпаратты талдау



Ұсынылымдар

Талдау негізіндегі болжамдық көрсеткіштер


Маркетолог

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар


Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.

Ақпараттық жабдықтау экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпараттық жабдықтау төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:



  • Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;

  • Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат толық болуы керек;

  • Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;

  • Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;

Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), олады жүргізетін құрлдардан тұрады. Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды. Ақпараттық жабдықтау 5 кестеде көрсетілген.
Кесте 5. Ақпараттық жабдықтау


Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет