Жауабы:
Бізде берілген жағдайда метан бутанды ығыстыруда. Температура
150°С және қысымы 1500 psi болған жағдайдағы критикалық нүкте төменірек
орналасқанын графиктен көре аламыз. Демек, критикалық нүктеден төмен
жағдайда тек екі фаза болатыны белгілі, сондықтан олар араласпайды.
Келесі қысымы 2000 psi болғанда
бұл жерде ешқандай өзгеріс
болмайды. Себебі, бұл жерде де бутанның метанмен ығыстырылуы
критикалық нүктеден төменірек орналасқанын анық байқауға болады. Бұл
жағдайда да екі фазалы болады. Метанмен бутанды ығыстыру кезінде бутан
қабатта қалып қоюы мүмкін, ол бутан арқылы мұнайды ығыстыру процесінің
тиімділігін төмендетеді.
Мұнайға айдалған газдың араласатынын тудыратын тиімді фаза ол бір
фаза болып табылады. Бір компанентті жүйеде критикалық нүктеден
төменірек болған жағдайда ол екі фаза болып саналады.
Тапсырма-2
Төменде 2 қабаттың үштік фазалық диаграммалары берілген. Әр қабат
үшін қабат мұнайы мен айдалынған газ араласатынын не араласпайтынын
анықтаңыз, себебін жазыңыз. Егер араласатын болса, түрін анықтаңыз,
себебін жазыңыз.
Жауабы
1-
қабат жағдайында қабат мұнай мен айдалынған газ араласпайтын
болып табылады. Себебі, екеуі critical tie line
аймағының сол жағында
жатыр. Егер мұнай оң жағында немесе бойында, ал газ нүктесі сол
жағында жататын болса араласатын ығыстыру болар еді. Және газ
мұнайдың аралық компоненттерімен қанығуы критикалық нүктеге
жетпей тоқтайды. Сол себепті бұл қабат үшін араласпайтын ығыстыру
процесі жүзеге асырылады.
2-
қабат үшін араласатын ығыстыру, соның ішінде (МСМ)
конденсация
режимі жүзеге асырылады. Конденсация режимінде қабатқа
айдалынатын газ майлы газдар болып табылады. Бұл процесте
газдың
аралық компаненттері конденсацияланып, мұнаймен араласады. Яғни,
мұнай құрамын өзгертеді. Суреттен мұнай мен газдың бір-бірімен екі
фазалы аймақта байланысатынын көруге болады. Бірақ, құрамын
өзгерткен мұнай белгіленген нүктелерде қоспалар түзіп, критикалық
нүктеге
жеткеннен кейін, газбен толықтай араласады, яғни бір
фазалы
аймаққа өтеді. Және тағы бір себеп айдалынатын газ critical tie line-ның
сол жағында, ал мұнай оң жағында орналасқан. Демек, бұл араласатын
ығыстыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: