- тау жыныстарының өткізгіштігі төмен;
- қабат біркелкі емес;
- қабат мұнайының тұтқырлығы жоғары.
2. Тығыздығы орташа: Sc = 16 . . . .30 га/скв
- тау жыныстарының өткізгіштігі орташа;
- салыстырмалы түрде
біркелкі қабат;
- қабат мұнайының тұтқырлығы орташа.
3. Тығыздығы сирек орналасқан тор: Sc = 32 . . . . 81 га/скв
- тау жыныстарының өткізгіштігі жоғары;
- біркелкі қабат;
- қабат мұнайының тұтқырлығы төмен
Игеру кезінде ұңғы торының тығыздығын таңдау күрделі мәселелрдің
бірі. Сол себепті бірнеше жағдай үшін
гидродинамикалық есептеулер
жүргізіп, тиімдісін таңдайды.
Айдау шығыны - су айдау жобаларын бағалаудағы маңызды
экономикалық параметр болып саналады.
Айдау шығыны судың ұңғыны
жарып шығу уақытына әсер етеді.
Айдау шығынының мәні келесі параметрлерге байланысты:
Тау жынысының қасиеттері
Тау жынысы/ сұйықтық байланысы
Ұңғы торының орналасуы
Қысымның төмендеуі
Егер жылжымалылық коэффициенті = 1 болса, айдау шығыны тұрақты
болып қалады. Егер
жылжымалылық коэффициенті <1.0, ығыстыру процесі
кезінде айдау шығыны азаяды. Егер жылжымалылық коэффициенті >1.0,
ығыстыру кезінде айдау шығыны қабаттың суға қанығу коэффициентімен
бірге өседі.
Достарыңызбен бөлісу: