Зерттеу объектісі - интелектуалдық және түзету әдістері бар балалар
Зерттеу пәні - интелектуалдық және түзету әдістері бар балалардың агрессивті мінез – құлқын теориялық зерттелуі.
Зерттеудің мақсаты - интелектуалдық және түзету әдістері бар балалардың агрессивті мінез – құлқының сипаты мен ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
Ғылыми – әдіснамалық еңбектерді талдау негізінде интелектуалдық бұзылыс және түзету әдістері бар өзге бұзылыстарға теориялық талдау арқылы сипаттама беру;
Интелектуалдық және түзету әдістері бар балалардың агрессивті мінез – құлқының сипаты мен ерекшеліктерін зерттеуді теориялық тәжірибе арқылы бекіту, нәтижелеріне сандық – сапалық талдау жүргізу;
Алынған нәтижелердің негізінде интелектуалдық және түзету әдістері бар балалардың агрессивті мінез – құлқын жеңілдету, жою мен алдын- алуға байланысты ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеудің теориялық – методологиялық негіздерін арнайы педагогика саласының авторлары (А.Т.Баймуратова, В.В.Воронкова, А.М.Змушко, Л.Р.Муминова, Л.И.Солнцева және т.б) мен агресивті мінез – құлықты зерттеу бойынша жұмыстардың авторлары (Венгер Л.А., Власова Т.А., Певзнер М.С.,Бандура А., Уолтерс Р., Бережкова Е.И., Битянова М.Р.) құрайды.
Зерттеу базасы:
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, зият кемістігі бар балалардағы вербалды емес агрессияны сабақтан тыс әдістер арқылы түзетсек, оң динамика байқауға болады, өйткені, сабақтан тыс әдістердің тиімділігі жоғары болып саналады.
Зерттеу әдістері: Психологиялық-педагогикалық, философиялық және әдістемелік әдебиеттерді оқу және талдау.
Бақылау, педагогикалық эксперименттік тәжірибелерді жүргізу.
Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық жағынан талдау .
Жұмыс кезеңдері: Бірінші кезеңде ғылыми - теориялық материалдарды жинақтау, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды.