Дипломдық жоба тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларына сабақтан тыс жұмыстар арқылы экономикалық білімін қалыптастыру» 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


Анықтау эксперименті бірнеше бағытта жүзеге асырылды



бет4/7
Дата09.07.2022
өлшемі152,82 Kb.
#147362
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Бастауыш сынып оқушыларына сабақтан тыс жұмыстар арқылы экономикалық білімін қалыптастыру»
131762, 4 дәріс, 4 дәріс, Places of rest, Тесты по «Основам менеджмента», жылдық жоспар (2), чек лист Республика күні

Анықтау эксперименті бірнеше бағытта жүзеге асырылды.

  • Анықтау эксперименті бірнеше бағытта жүзеге асырылды.
  • 1) бастауыш сыныптың «Дүниетану» оқулығының ұлттық тәрбиелік
  • мазмұнын талдау;
  • 2) мектепте педагогтардың бастауыш сынып оқушыларына сыныптан
  • тыс жұмыстарда ұлттық тәрбие беруге даярлығы;
  • 3) сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру деңгейлерін анықтау.
  • Анықтау экспериментінің бірінші бағыты бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытуға бағытталған білім мазмұнын анықтау үшін бастауыш сыныптарда оқылатын “Дүниетану” пәнінің мазмұнына талдау жасадық.
  • Дүниетану пәні «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан топтастырылған. Олардың басты мақсаты - интегративті пән ретінде оқушыларға біртұтас дүниедегі адамның орны мен ролін түсінуге көмектесу. Пәнді оқыту барысында мынандай нақтылы міндеттер қарастырылған: табиғат объектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың касиеттері, сапалары, күйі, туралы ұғымдарды меңгерту, табиғи объектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттық және кеңістіктік өзгерістерін түсінуді қамтамасыз ету. Мұнда адам алғаш рет әлеуметтік тұлға ретінде жеке оқылады. Әр блоктың материалы білім мазмұнына жаңа түсініктер меы ұғымдарды жүйелі түрде енгізу есебінен сыныптан-сыныпқа қарай күрделене түседі. Адамның сезім мүшелерінің қызметі мен маңызы, тілдің әлеуметтік ерекше ролі, ойлау, бақылау, тыңдау, оқу және ойға тоқу, басқаға айту, тәжірибе, дүниені зерделеу әдістері қарастырылады.
  • Бұл ұғымдарды меңгеруден алған білім, біліктері оқушының өзін-өзі тануына көмектеседі. Осыдан айналадағы дүниені зерделей білуге мүмкіндігі бар екеніне оның көзі жетеді, сенімі артады.
  • Бірінші сыныпта өтілетін материал 10 тақырыптан тұрады. Бұл тақырыптар аясында әр түрлі мазмұндағы 14 мақал және қанатты сөздер, 1 жұмбақ, 2 тыйым сөз, 5 өлең ендірілген. Мұнда қазақ ауызекі шығармашылығының тек 7 үлгісі ғана табиғат, табиғатты қорғау, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру мазмұнында. «Айналадағы дүние», «Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер» сияқты тақырыптарда қазақ ауызекі шығармашылығы назардан тысқалған. Екінші сыныпта өтілетін 8 тақырыптың аясында «Сулы жер - нулы жер» мәтелі ғана қолданылған. Үшінші сыныпта өтілетін 10 тақырыптарда «Таза су - денсаулық кепілі. Суды үнемдеп жұмса» деген тыйым сөз орын алған.Төртінші сыныпта өтілетін 11 тақырыптарда қазақ ауызекі шығармашылығы мүлде пайдаланылмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет