Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Техникалық факультет Көлік техникасы және технологиялар кафедрасы
Дисциплина: Философия
Тақырыбы: «Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі»
Философия – ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырымас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік (біреудің көп, біреудің аз) үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ.