1.
Мақсаты мен қолдану саласы
1.1 Осы Ереже университетте магистрлік диссертацияны (жобаны)
орындау шарттарын белгілейді.
1.2 Магистрлік диссертация (жоба) орындау ережесі (ары қарай –
Ереже) университет ішінде пайдалануға арналған.
2.
Жалпы ережелер
1.
Магистрлік диссертация - магистрлік жұмыс, ол
магистранттың
өзекті ғылым саласының нақты мамандықтарының өзекті мәселелерінің
тәуелсіз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін қорыту болып табылады.
2.
Магистр академиялық дәрежесін алу үшін диссертация
білімгердің тиісті саласында ғылыми
мәселелерді шығармашылық
қалыптастырып, шешуге қабілетті ғылыми қызметкер ретінде түлектің
біліктілігін көрсететін нақты бағыт бойынша ғылыми жұмыс болуға тиісті
3. Диссертациялық жұмыста автордың қоғамдық қорғауға ұсынған
ғылыми ережелері немесе ғылыми-техникалық
шешімдері бойынша
қорытындыларының жиынтығы болуы тиіс.
4. Магистрлік диссертация ретінде ғылыми сипатқа ие кәсіпкерлік
немесе инновациялық жобаларды қорғауға болады.
5. Магистрлік диссертация білімнің осы саласында белсенді жұмыс
атқаратын, ғылым докторы немесе
кандидаты ғылыми дәрежесі бар, PhD
докторы академиялық дәрежесі бар ғылыми жетекшінің жетекшілігімен
әзірленуі тиіс.
6.
Магистрлік
диссертацияны
әртүрлі
мамандықтардың
қиылысында орындаған жағдайда, ғылыми жетекшісіне қоса ғылыми кеңесші
қосымша тағайындалуы мүмкін.
7. Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелер
кемінде бір жарияланымда
(облыстық, республикалық, халықаралық конференциялардың тезистері)
ұсынылуы тиіс.
8. Магистрлік диссертация магистранттың кәсіби біліктілік деңгейін
және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
білім беру ұйымының
талаптарына сәйкес ғылыми білімдердің әдіснамасын меңгеру деңгейін
анықтайды және тиісті мамандық бойынша магистранттың магистр
дәрежесін тағайындау үшін негіз болып табылады.