Диссертация м. О.ӘУезов шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы



бет2/11
Дата20.01.2023
өлшемі331 Kb.
#165983
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сатып алған дис пейзаж
Әмірбаева Шолпан, резюме.
Қорытынды..................................................................................................... 46-бет


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................49-бет

Реферат


Зерттеу жұмысының тақырыбы: М.О.Әуезов шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы


Зерттеу жұмысының көлемі: 50 бет


Пайдаланылған әдебиеттер саны: 30


Зерттеуде қолданылған терминдер: пейзаж, пафос, фабула, психологиялық параллелизм, романтизм, идеализация, психологиялық сипаттама.


Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Қазіргі таңда ең өзекті, қоғамдық мәселелердің бірі – бұл экологиялық проблемалар. Ал қоғамды толғандыратын мәселеден сөз өнері де шет қалмай өз үлесін қосуда. Әрине, әдебиет немесе жазушы бұл мәселелерді шешпейді, алайда олардың мақсаты табиғаттың қазіргі халін өзі көріп отырған дәрежеде оқырманға жеткізіп, олардың арасын байланыстыру. Апаттың алдын алуға ұмтылған жазушы табиғатқа жан бітіре отырып, оның жанын, сезімін, түйсігін суреттейді. Сол арқылы оқырманға ой салғысы келеді. Түйінді тұжырымдарды көркем ой сүзгісінен өткізіп, адамның рухына, танымына ықпал етеді. Осы айтылған мәселелерді ұлы жазушы М.Әуезов шығармаларынан үзінділер келтіре отырып дәлелдеу.


Зерттеудің жаңалығы: Зерттеуде экология туралы: табиғат әдебиетте бұрынғыдай елеусіз нәрсе емес, ол ұлттық характер, әлеуметтік қатынастар мен адамгершілік идеалдар қалыптасатын орта екендігіне баса назар аударылды.


Кіріспе
Адамзаттың табиғатты ойсыз да күрделі күйзеліске ұшыратуының зардаптарынан соңғы жиырма жыл төңірегінде экология ғылымына деген көзқарас біршама жанданды. Алғаш рет экология терминін неміс биологы Эрнст Геккель 1866 жылы санамызға енгізген және бұған «табиғат тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым» деп анықтама берген. Дегенмен, экологияның қалыптасуына төлнегіз болған алғашқы ғылыми тұжырымдар сонау ежелгі Греция мен Рим кезеңдеріндегі табиғат құштар философтардың еңбектерінен туындаған болатын. Қазақ аңызында жарғақ құлағы жастыққа тимей, желмаямен бірге жер кезіп, елге жайлы жер іздеген Асан қайғы даланы ерсілі-қарсылы аралап, әр мекенге әртүрлі баға береді. Арман қуған Асан атаның сын сөздері мен терең ойлы тамаша толғаулары бүгін де соншалықты ғибратты, соншалықты мәнді…Өйткені, адамзаттың табиғатқа зәрулігі күн санап ұлғайып келеді. Адам мен табиғат арасындағы тұтынушылық тепе-теңдіктің бұзылуы және бұл теңсіздіктің қатерлі бағыт алып, жердегі тіршілік атаулыға тікелей қауіп төндіруі – бүкіладамзаттық ортақ тұжырым жасауға мәжбүр етіп отыр.
Экологиялық проблемалардың зардаптық ауқымы өсуіне байланысты ғылымның өзімен пейілдес генетика, демография, география, әлеуметтану, топырақтану, гидрология, климотология сияқты ғылым салаларымен байланысы да күшейді. Аса күрделі және қарама-қайшылыққа толы бұл мәселе тек экономикалық-ғылыми түйткілге емес сонымен қатар қазіргі исі адамзатқа ортақ рухани-мәдени мәселеге айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет