Диссертация м. О.ӘУезов шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы



бет3/11
Дата20.01.2023
өлшемі331 Kb.
#165983
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сатып алған дис пейзаж
Әмірбаева Шолпан, резюме.
Тақырыптың өзектілігі: Қай заманда, қай қоғамда болмасын адам мен табиғат егіз. Бұларды бірінен бірін ажырату мүмкін емес. Сол себепті де табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы, әрбір адамның денсаулығына, рухани және табиғи өсуіне, сол сияқты болашағы үшін ауадай қажет екендігіне адамдардың көзін жеткізу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Ғылыми-техникалық революция дәуірінде қоғам мен қоршаған ортаның қарама-қайшылығы шиеленісе түсіп, адам мен табиғат арасындағы байланыстың адамгершілікке негізделген «шекарасын» анықтауға өнер атаулының бар саласы белсене қатысып, оның әлеуметтік маңызын көркем ойдың әсері арқылы адам жанына ізгіліктің дәнін себуге, табиғаттың жұмбақ құбылысын бейнелей отырып ойлантуға тырысып отыр.
Адам табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан адам табиғат ананың қадірін біліп, өмір бойы оны аялауы, мейріммен қарауы қажет. Әйтпесе, табиғаттың құдіретті тепе-теңдігі бұзылады да, ол жер бетіндегі тіршілікке қауіп төндіреді. Біз бұған ұзақ жылдар бойы табиғаттың даму заңдылықтарымен санаспай жасаған қадамдарымыздың нәтижесінде көз жеткіздік. Бұл тұста өзін бүкіл тіршіліктің иесіміз, сондықтан бәрі де бізге қызмет етуі тиіс деп ойлап, табиғаттың бермесін тартып аламыз, жерді адамға табындырамыз, техникалық прогресстің шексіз жетістіктерімен ғарышты бағындырамыз деген адамзат қатты қателесті. Шындығында адамзат Ф.Бэконның атақты «табиғатты табындыр» деген ұранынан бастап, О.Сүлейменовтың «Адамға табын, Жер енді!» дастанына дейінгі кезеңде табиғатты табындырып қана қоймай, «жалындыра» бастаған болатын. Осыдан түрлі экологиялық апаттарға душар болдық. Ата-бабадан мирасқа қалған ұлан-байтақ туған жеріміз қаншама зардап шекті.
Семей полигонында түрлі атом бомбаларын сынау жарылыстары жерді аздырып тоздырды. Шексіз өнім аламыз деп суармалы егістің көлемін есепсіз көбейтіп, су ысырабына жол берілді. Ғұмыр бойы ағып жатқан өзендер кесіліп қалды. Арал теңізі тартылып, адам айтса нанғысыз дәрежеге жетті. Қазір осы экологиялық апаттардан бүкіл әлем зардап шегіп отыр. Бұл оқиғалар адамның рухани өміріне ықпал жасап, көркем ой қорытуға жетелейтін өмірлік деректерді алдыға тартты. Табиғат, қоршаған орта – өмір сүрудің негізгі күре тамырына айналған тұста, оның көркем өнерге, оның ішінде әдебиетке әсер етпеуі мүмкін емес. Бұл тұста көркем сөз өнерінің атқарар қызметі орасан зор.
Адамға экологиялық жауапкершілік пен сана-сезімді сіңіріп, экологиялық тәрбиені өрістетуде көркем әдебиеттің рөлі қандай, жалпы табиғатқа жанашырлықтың әдебиетіміздегі бейнеленуі, насихатталуы, көріністері қай дәрежеде десек, қазақ әдебиеті де бұл аса күрделі мәселеге өз шама-шарқынша үн қосуда.
Бұл күндері планеталық маңыз алып отырған экология, оның арғы жағындағы халық мүддесі әр уақытта қаламгердің де бас мақсаты болуы хақ.
Айталық тәуелсіз қазақ мемлекетінің әрбір азаматын қоршаған ортаны, яғни, өзінің отанының байлығын құрметтеуге баулу – моральдық-этикалық, педагогикалық және эстетикалық мәселе.
Ал қоғамды толғандыратын мәселеден сөз өнері шет қалмақ емес, әрине, әдебиет немесе жазушы бұл мәселелерді шешпейді, алайда олар табиғаттың қазіргі халін өзі көріп отырған дәрежеде оқырманға жеткізуші, олардың арасын байланыстырушы ғана. Бұлар апаттың алдын алуға ұмтылған жазушы табиғатқа жан бітіре отырып, оның жанын, сезімін, түйсігін суреттейді. Сол арқылы оқырманға ой салғысы келеді. Түйінді тұжырымдарды көркем ой сүзгісінен өткізіп, адамның рухына, танымына ықпал етеді. Демек, жоғарыда аталған мәселелердің барлығы да – әдебиеттің мәселесі болып табылады. Биосфераны, табиғатты қорғау сияқты мәселені шешуде де халқымыз өз жазушылырына үміт артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет