Диссертация м. О.ӘУезов шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы


Пейзаждың шығармада кейіпкер характерін ашу рөлі



бет7/11
Дата20.01.2023
өлшемі331 Kb.
#165983
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сатып алған дис пейзаж
Әмірбаева Шолпан, резюме.
2.3 Пейзаждың шығармада кейіпкер характерін ашу рөлі

М.Әуезовтің қазақ халқының буырқанған қайратын күреске толы өмірін, іс-әрекеін табиғат суретері арқылы көрсеткен шығармаларының бірі «Қараш-қараш оқиғасы» болса, екіншісі – «Қилы заман» повесі.


«Қилы заман» повесінде М.Әуезов бейбіт жақан Албан руының 1916 жылғы июнь жрлығының зіл салмағынан іште тұншығып жатқан кегі оянып, дүр сілкініп айбарлы күшке айналғанын суреттеуде өмір шындығына сәйкес өмірлік дерек ретінде 1916 жылғы Жетісу албандары көтерілісінің тарихи оқиғаларын негізге алған. Кез келген шығармасын жазуға үлкен дайындықпен келетін жазушы Жетісуға әдейі келіп, оның әсем жерлерін, заңғар таулары мен жасыл жайлауларын аралап тамашалайды.
Алтаудың белгілі, атақты Қарқара, Асы, Дөңгелек саз, Сырт, Лабасы, Талғар сияқты жерлері өз қалпында алынып, әсем, сұлу, тамаша пейзаж болып қағазға түскен. Осындай өзі ортасында болып, көзімен көрген табиғат суретін жазушы бұл шығармасында да өрнекті, образды көркем тілмен шебер суреттейді.
Жазушының шығармаларындағы пейзаж жайдан-жай суретеу ғана емес, оның өзіндік атқаратын қызметі бар.
Оқиға Жетісудың атағы жер жарған Қарқара жәрмеңкесін суреттеуден басталады.
«Белгілі 1916 жылдың жаз айы еді. Жаз жауынды, мол сулы, қалың шалғынды, қызықты, қалың албанның ертегідей бай сұлу жайлаулары: Үшмерке, Дөңгелек саз, Үшқара сырт, Лабас – жайлау күндерінің жасыл, торғын шымылдығы, көк жібек бесігі сияқты. Тіршілік, молдық, бақыт, байлық қызуымен буы аспанға шығып жатқан өмір жәрмеңкесін көрсеткендей. Жаз күндерінің жарастығы мен қызығы қыр баласын мас қылғндай жалынды, желікті» /27,111/.
Шығарманы қойын құрттап, айранын ұрттап отырған момын ел – қалың албанның қарқара жайлуындағы тыныш, бейқам тіршілігін, «Жаз күндерінің жастығы мен қызығы» басылмаған қызу өмірін суретеуден бастаған жазушы әрі қарай бар тірлігі малға қараған қазақ сияқы қыр елі үшін, қахарлы қыстың қыспағынын құтылып, жасыл жайлауға көшіп араласуының өзі сән, өз жарастығы бар екенін көрсетеді. Көшпенділер үшін, әсіресе жастар үшін жаз жайлауға көші-қонның өзі, қамсыз, қайғы-мұңсыз қыдырып, қымыз ішіп, жиналып серке жасап, марқа жеудің өзі үлкен қуаныш, қызық.
«Киіздей көк шалғынды Қарқара жазығы ерте күнен Албанның құт-берекелі жайлауы еді. Мыңдаған жылқы, сан қара қой ала жаздай ірге аудармай жабысып, жалмап жатқанда, бұл жазықтың жібектей толқыған өскелең шалғыны сыр білдірмей шыдайтын, әрбір жауын екілендіріп, өршелендіріп түсіргендей құлпыртып, жетілтіп отыратын. Астаудай көк жазыққа ирекке шимай салып, үлкен Қарқараның мөлдір сулы мол өзені ағады. Ол мың сан жан иесін шөлдетіп, тарықтырып, шалдықтырып көрген емес»./27,113/
Осылйша суреттелетін жадыраған жаз айы, табиғаттың әсем де сұлу көрінісі осы жерде өмір сүріп отырған елдің ыныш, қайғысыз өмірін көрсеткендей. Бірақ осындай айтып ауыз жекізе алмастай ғажайып әсем абиғатың аясында үйреншікті тіршілігімен күн кешіп жатқан момын елдің, жүрегіне түйткіл түсіріп, қаяу салатын бір ғана көңілсіз көрініс бар еді. Ол бір шеті Сібір, Түркістан, Қашқардан бастап, мына шеті Орынборға дейінгі саудагер байлар, алаяқ қулар қаптаған Қарқара жәрмеңкесі.
Осыдан кейін ашынған халық төзімі ақ патшаның қазақ азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы 1916 жылғы июнь жарлығына бйланысты біржола таусылады – жұртың бәрі абыржып, дүрлігіп, не істерге білмей дал болды. Сергелдеңге түсіп, тығырыққа тірелген ел енді патша әкімдеріне қандай жауап берерін, не істерін білмей шабылды. Жазушы олрдың қарсылықтарын білдіру үшін жан-жақтан жиналып жатқан сәттегі табиғат көрінісін былайша суреттейді: «Жәрмеңке айналасындағы үлкен тау, терең сайлар, кең жылғалардан жазыққа қарай шұбартып ақтарылып, ағылып жатыр. Ұшы қиыры жоқ шегі жоқ тасқын сияқтанып төгілуде, жиылуда. Басы қарлы, жат сырлы қалың таулар бұл заманға шейін қатпарлы қойнына тығып келген сырын ашқандай қойын-қонышының барлығынан лек-лек атылы дәміл-дәміл тау құсындай ағызып, көк даланы бастырып жатты. Тау алғашқы рет етегінде жазылып жатқан далаға қабағын түйіп, қасын сілкіп, қолын жайғандай еді». Жазушы бұл суреттеу арқылы халықтың жайынан хабар береді «қойнына тығып келген сырларын ашып жатқан тау бойындағы талай жылғы көрген зорлық-зомбылықтан ашынған халықтың шыдамының шегі жетіп, тасқындай тасығанын көрсетеді. Халықтың тұңғыш рет өз жерінде өздерін жем еткен, өмір бойы мойын ұсынып келген Ресей империясына, өз арасынан шыққан би-болыстарға қабақ түйіп қарасуларын да осы көрініске сыйғызып, салыстыра суреттеген. Шығармада Ұзақ батырдың қызы Бәкейдің өлімі табиғатпен байланыстырыла суреттелген.
Бұл жерде Бәкейдің соңғы күндерінің куәсі болған өлкенің табиғатын жазушы өте шебер де тартымды етіп берген.
«Балапан қолындай жазықсыз, күнәсіз қанының қара жерге тамған орны да осы өлкеде. Таңбалы тастың солтүстік жағы биік жар. Сол жардың басы шөпті тау болып, бір беті биік қабақ болып барып, желкедегі қарағайлы тауға жалғасады. Соңғы күндерінде ауылдың барлық жаны жатырқап, жалғыз тастаған Бәкей қара шапанын бүркеніп, құп-қу болған жүзбенен осы қабақтан асып барып қайтқанда, екі көзі қып-қызыл боп ісініп, жасаурап келуші еді. Ауылдың тұсындағы көкбеттің орта шенінде таздың теңге-теңге болған аласындай қызыл-қызыл тақырлар бар. Желкедегі қарағай кей жерінде қара қошқылданып бірігіп, иықтан баспалап қарап тұрған самаладай әскер сияқтанады. Кейде бергі беттегі дән желкедегі тоғай, қара быжырық болып, жас ойға түскен қайғыдай, көлеңкеленіп, көкшілденіп жүдеп кетеді» деген көріністер Бәкейдің жанындағы қайғыны сол жердің табиғатымен байланыстыра суреттейді. Табиғат та қоса қайғырғандай. Осы жердегі пейзаждан жоғарыдағы шығармадағыдай қайғы-мұң, жамандық, өлім бояулары сезіледі. Мұнда «Қараш-қарш оқиғасындай» болар оқиғаны болжап, мегзеп білдіру немесе кейіпкердің күй-жайын айтпай, оны тек пейзаж арқылы жеткізу көрінбейді. Осылайша берілетін табиға көрінісін не үшін пайдаланғанын, не мағына беріп, не айтқысы келгенін жазушы өзі талдап береді.
«Осы суреттеудің бәрі де Бәкейдің өмір сағатынан үзік-үзік қанды таңба сақтап қалғандай. Өлкеде болған сұмдықты көрген табиғаттың жүзіне қайғы әжім, қан ізі түсіп сақталып қалғандай. Бәкейдің өлер шағындағы көңілінен ұшқындап-ұшқындап кеткен қайғы қауіп ойларындай болып, үздік-үздік, қотыр-қотыр, ажарсыз сурет айналаның барлық пішінінде әлі күнге түгел тұрғандай. Қарқара жазығына қарай жіңішкелеп созылып жеткен кішкене өзен де күн батысқа таман барғанда көкшіл мұңды сұр дала да теңге-теңге болып тағы да қотырланып жарқырайды. Сай – қайғы мұң сайы. Әр жерде шашылған ауылдарда, қаралы кеште шашылған қандай болып, кешегі шашылған өмір шоғы сияқтанып, кешкі оттар жылтылдайды. Кешкі табиғат көзінен оңашада домалап шыққан ыстық жаспен бірге жұтап, тоңазып, жетімсіреп тұрып, жас балапан Бәкейді жоқтайды». Міне, не деген сурет, не деген шеберлік? Жазушы осы бір кішкене ғана көрініске қаншалықты үлкен, терең мағына сыйғызған. Бәкейдің өлер алдындағы шағы, оны қоршаған табиғат көрінісі өлгеннен кейінгі қызды жоқтаған табиғат, бауыр еті баласын іздеп, көңілі ортайған әкенің халі – бәрінен де хабар береді.
«Қарш-қараш оқиғасында» үнемі Бақтығұлдың іс-әрекетімен астастырыла қатар суреттеліп отырса, жазушы «Қилы заманда» табиғаттың кейбір көріністерін жалпы халықтың тұрмысынан, жағдайынан хабардар етуде пайдаланады. Бұл сәттегі табиғат халықпен бірге қайғырып, қарсыласып тұрғандай. Шығармада халық көтерілісінің толқынын табиғатпен тығыз бйланыста көрсетеді. Түс кезінде жәрмеңке жазығының үстінен құйындтып, дуылдатып бір қара бұлт өтті. Бұл ата-баба аруағы. Құйындай ұйытқып, тазартып алып кеткен табиғаттың суреттері оқиғаның өрбуіне орай күйін өзгертіп отырады. Бейбіт кездегі ел тірлігі тұсында астаудай көк жазыққа күректей шимай салып, үлкен қарқараның мөлдір сулы мол өзені мың сан жанды тарықтырып, шөл көрсетпесе, оқиғаның соңына қарай Қарқара жазығына беттеп жіңішкелеп созылып кеткен кішкене өзен де күн батысқа таман барғанда көкшіл мұңды сұр далада теңге-теңгедей болып тағы да қатарланып жарқырайды. Сан қайғы, мұң – Ұзақтың көз жасымен қатар өріледі. Азаматынан айрылып үдере көшкен ел, иесіз қалған жұрт, таудың жүдеу көркі, тағдыры күңгірт халқы: «алда белгісіздікке толы тұманды күндері құшағын жаяды». Әсіресе, шығрмадағы Бәкейдің өмірінің соңғы күндерін суретеудегі табиғат көрінісі өте шебер берілген.
Сонымен бірге шығармада Жетісу табиғаты өте шебер үлкен ілтипатпен, зор махаббатпен суретеледі. Кең далда өмір сүрген халықтың жайлауын, олардың кешкі мал қамдайтын мезгілін суретеуде жазушы үлкен табысқа қол жеткізген. Көлемі бірнеше бет болатын ұзақ пейзаждан жазушының Алатау өңіріне деген ыстық ықыласының лебі есіліп тұрады.
«Ауылдың желкесі тіп-тік жасыл биіктер өне бойларын селдір-селдір қрағай басқан. Кей биіктің жота-жотасынан етегіне қарай құлай біткен қарағай қазақтың иегіне шыққан қара бұйра шоқша сақал сияқты. Маңайдағы биік таулардың кешкі көлеңкесі созылып түсіп, өлке бойын аламыштап, көлеңкелі, сәулелі қылып құйылып тұр. Жасыл дүние көрікті нұрын әлі жоғалтқан жоқ. Алдыңғы таулар көлденең созылған жасыл белдер қарағайсыз, жалаңаш. Бірақ ол да жасыл».
Осы суретер арқылы мың құбылып тұрған тіршілік кейпін көз алдыңа өзің ішінде араласып жүргендей етіп елесетеді де, әрі қарай: «Беттері жаңбыр суы сүйіп өткен айқын-айқын ажымдай айғыз-айғыз. Су жолы жіңішке жылдай ұзыннан созылып, кей жерінде ғана аз-аз иірілгендей барлығы да биік, тік кезеңнің етегінен басына шейін шұбатылады. Түйілген қабақтың арасындағы ежелгі суық ажымдай. Өлкенің жазығында әр жерде су сойған, жіңішке сызықтары бар. Алдыңғы белдердің кейбірінің жотасынан арғы беттегі қарағайлардың бастары қылтиып көрініп иек артып баспа қылып қарап тұрғандай», деп тау-тасқа жан бітіре сөйлейді.
Ал «Асы – Алатаудың қыр арқасында ойып алған астаудай, ұзын кең жасыл өлке өсін жоғары беріп, керіліп, түскен сұлудың оң иығын басқан қалың қара бұйра шаштай болып, Асының оң жағын қарағайлы таулар басады.
Өлке бойында көк жар болып аққан Асы суына, айналадағы қатпарлы қалың ұлы биік, қыртыс-қыртыс ұзын жоталардан сала-сала мен тұщы бұлақ, мөлдір көк сулар сарқырайды» деген пейзаж көрінісі, теңеу көз алдымызға табиғаттың тамаша бір үздігін, әсем бөлшегін сол қалпында алып келеді. Қазақ ауылының тыныс-тіршілігінен хабар беретін осынау бір табиғаттың көрікті, көркем суреттері көз тартып, жаныңды жадыратады. Мұның бәрі халықтың мамыражай, ел аман, жұрт тыныштағы өмірінің көрінісі. Шығармадағы пейзаж халық басына түскен шырғалаңға байланысты өзгеріп отыратынын байқауға болады. Солдатқа жігіт бермейміз деп қарсылсқан халыққа қарсы көп әскер келіп, күшпен тізім тізбекші болған сәтте жазушы табиғатты да құбылтады. «Түні суыңқырап, дағдылы күзгі жауыны жиілей бастаған» Асының түні ол басына төніп келе жатқан бір жамандықтың ызғарындай еді.
«Жуылып тазарғандай ашылып, көк мөлдір боп тұрған аспаннан Асы өлкесіне жайлаған жарық күннің сәулесі де түсіп еді. Бірақ дәл осы шақ асаудай Асы жайлауын бұлт арасында тұрғандай, ертегі орнындай етіп көрсететін. Өйткені, айналадағы қатпарлы қалың жота, қарағайлы қалың биіктерден ақ сұр тұман әлі айыққан жоқ. Алатау басына шөгіп өткен қара қошқыл қою сұрғылт бұлттың төмендеп ұшқан жартысы қарағайға, жартасқа жабысып, аспан ұйқысындай қаптай жауып, үйіліп, үйіріліп тұр. Жалығып қалғыған ақ тұман Асы айналасындағы тауларға шұбатылған сәлдедей оралып бұралып жүр».
Міне, жазушы осылайша бұлт, тұман секілді табиғат құбылыстарына жан бітіріп, олардың қимыл қозғалыстары арқылы әсем сурет салады. Бұл жерден елдің басына оралған, тұмандай айықпас бір жамандықтың, пәленің лебін байқауға болады. Сол бұлттай төніп келген пәленің арасынан болашақтан жақсылық күткен елдің жылт-жылт еткен үміті де көрініп қалады.
Шығарманың соңында Албан елі табиғаты сұлу құтты мекенін артқа тастап үдере көшуге мәжбүр болады. Кешегі мамыражай отырған елдің артында бүгін ештеңе қалмады.
«Иесіз болып қаңырап Алатаудың жайлауы қалды. Құлазып қыстау, қоңырсып жұрт қалды. Кіндігін кескізіп, кірін жуған момындық күні қалды. Албан албан болғалы қыстың жұтын, жаздың індетін көрсетпеген жер кіндігі –ата қоныс мекені қалды. Тау-таудың саласында иесіз шулап, қора-қора қой қалды. Тау толған арқар, бұғы, елік, қарақұйрық, тау текедей жабайы, жайын көршілері қалды». Осылайша табиғаттың тұлға жасап, шығарма идеясын ашудағы мүмкіншілігін шығармалары арқылы танытқан жазушы өз шеберлігінің де әр қырлы сырын аша түседі.
Жалпы М.Әуезовтің пейзажға көп мән беретіні оның бүкіл шығармашылығынан анық көрінеді. Дегенмен М. Әуезов шығармаларындағы пейзажды «оқырманға мақала тілмен жеткіземін деу бос әурешілік екенін былай қойғанда, бұған тіпті сыншылық көзбен түсіндірме берудің өзіне кісі жүрексінеді» – дейді Б. Сахариев. /21, 29/.
М. Әуезов шығармаларында табиғат көрінестерінің берілуін, пейзаждық көріністерді суреттеуді шығарманың композициялық шешіміне қатыссыз өз алдына дара мәселе деп қарамайды. Оны кейіпкердің көңіл-күйін, іс-әрекеті мен мінез-құлқын тереңдетіп айқындау үшін пайдаланады.
Біз жоғарыда жазушының шығармасындағы пейзаждың көркемдік қызметінің бірнеше қырын көріп отырмыз. Әсіресе пейзаждың кейіпкер характерін ашудағы рөлі ерекше. «Пейзаж жазушының стилін белгілейді. Ал, стиль – адам. Пейзаж образ сырын ашады. Ал образ – адам» /22, 92/ деген академик З. Қабдолов сөзі осыны растайды. Әрине, табиғатты суреткердің тектен-тек қолданылмасы белгілі. Мұның бәрі де жазушының кейіпкер мінезі мен қылығын, болмысын ашып анықтау үшін қолданатын әрекеті.
Жазушы туындыларындағы табиғат суреттері тек жай ғана тамашалаудың құралы болмай, үлкен қызмет атқаратын жанды бөлшекке айналатынын көрдік. Шығарманың бәрінде де табиғат суреттері уақытына кезеңіне, жай-жағдайына қарай өрнектеледі. Белгілі ғалым Р.Бердібаев: «Табиғатта соншалық ғажайып көрік, таусылып, көнермес ажар бар екенін қазақ әдебиетінде Әуезов творчествосынан таныдық. Ол халқымыздың ең таңдаулы табиғат жаршысы десек ағат болмас» деп өте дұрыс айтқан /23, 158/.
Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік, экология тақырыбына жазылған, тілінің көркемдігі мен бейнелік қуаты жағынан үлкен бағаға ие болған «Көксерек» повесі адам мен табиғат арасындағы қайшылықты, бітіспес күресті философиялық тұрғыдан шебер суреттесе, «Қара-қараш оқиғасы» повесінде әдебиеттегі психологиялық параллелизм әдісінің теңдесі жоқ үлгісін танытады, қазақ аулын, жайлауын, тұрмыс-тіршілігін бейнелеуде әр қырынан әсем, жүйелі көрінетін табиғаты, сұлу да көркем суреттері арқылы пейзаждық бояулармен сан түрлі сурет салады. «Көксеректі» жазушы пейзаждық, символдық философиялық астар бере суреттейді. Шығармадағы табиғаттың берілуі адам бейнесін ашу үшін көмектесе отырып, өзіндік жеке образ дәрежесіне көтеріледі. Повесте тірі табиғатты кейіпкер ретінде бере отырып жазушы үлкен философиялық мәні бар тақырыпты көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет