Жұмысты орындау тәртібі
1. Теориялық мәліметпен танысыңыз.
2. Өзіндік жұмыс тапсырмасын орындаңыз.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1. СТУДЕНТ класын құру. Өрістері: аты, курсы, жынысы. 1-курс студенттері туралы мәліметтерді экранға шығаратын әдіс құру.
2. АДРЕС класын құру. Өрістері: көше аты, үй номері, үй иесінің аты-жөні. Клавиатурадан енгізілген адресте орналасқан үй иесінің аты-жөнін экранға шығаратын әдіс құру.
3. ЦЕХ класын құру. Өрістері: аты, басшысы, жұмыскерлер саны. Клавиатурадан енгізілген цехтың басшысы және жұмыскерлер саны туралы ақпаратты экранға шығаратын әдіс құру.
4. МЕМЛЕКЕТ класын құру. Өрістері: аты, жер көлемі, халық саны. Халқының саны берілген аралықта жататын мемлекет туралы ақпаратты экранға шығаратын әдіс құру.
5. ҚЫЗМЕТКЕР класын құру. Өрістері: аты-жөні, жасы, жұмыс стажы. Қызметкерлер тізімінен клавиатурадан енгізілген қызметкер туралы ақпаратты экранға шығаратын әдіс құру.
6. ЖАНУАР класын сипаттау. Өрістері: аты, класы, орташа салмағы. Клавиатурадан енгізілген класқа жататын жануарлар тізімін экранға шығаратын әдіс құру.
7. ЕМТИХАН класын сипаттау. Өрістері: студент аты, күні, бағасы. Емтиханнан өтпей қалған студенттер тізімін экранға шығаратын әдіс құру.
8. АВТОМОБИЛЬ класын сипаттау. Өрістері: маркасы, қуаттылығы, бағасы. Автомобильдер тізімін маркасы бойынша топтап экранға шығаратын әдіс құру.
9. КВИТАНЦИЯ класын сипаттау. Өрістері: нөмірі, күні, суммасы. Квитанциялар бойынша жалпы сумманы есептеп, экранға шығаратын әдіс құру.
10. ТОВАР класын сипаттау. Өрістері: аты, саны, бір бірлігінің бағасы. Жалпы товарлардың бағасын есептеп, экранға шығаратын әдіс құру.
Жұмыс есебі
- Жұмыс тақырыбы мен мақсаты;
- Жұмыстың орындалуы кезінде қойылған сұрақтарға жауап беру;
- Өзіндік жұмыс программасының листингі.
Достарыңызбен бөлісу: |