Дістемелік кешені



бет13/58
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#14976
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
Орыс тілінен еркін аударма түрінде аударыңыз.


ҚОЙДЫ ҚЫРҚУҒА ЖІБЕРУ ТӘРТІБІ

Қой отарлары белгіленген тәртіп бойынша тұқымына, жасына, жынысына, жүнінің өсіп жетілуіне қарай қой қырқу пунктіне кемінде бір күн бұрын айдап әкелінеді. Бұның себебі, біріншіден, қойды тынықтыру, екіншіден, жауын бола қалса, жүнін суға тигізбей сарайға кіргізу, үшіншідей, қырқым жұмысын үзбей жүргізу үшін қажет. Қырқуға әкелінген: қойдың жүні таза болуға тиіс. Егер қырқуға әкеле жатқанда қой жаңбыр астында қалып, жүні дымқылданса, әбден кептіріп барып қырқу керек. Өйткені ылғал тартқан жүн көп сақтауға жарамай тез қызып, бүлінеді.


Қырықтықшыларды іске дағдыландыру мақсатымен ірі қой шаруашылықтарында ең алдымен жүнінің құны төмендеу 2—3 отар қой қырқылады. Одан кейін қыста қоздаған саулықтар, тұсақ, бойдақ қойлар, көктемде қоздаған саулықтар мен қошқарлар қырқылады. Саулықтар сақман бойынша қырқылады, қозылардың жасына қарай саулықтарды қырқу марқа қозылар сақманынан басталады. Тұқымдық қошқарларды және басқа да аса құнды қойларды қырқу неғұрлым тәжірибелі қырықтықшыларға тапсырылады. Егер шаруашылықтағы қой тұқымы әр түрлі болып келсе, бірінші кезекте қылшық жүнді, одан соң будан қойды, ең соңында биязы жүнді қойларды қырыққан жөн. Әр текті жүннің бір текті жүнге қосылып кетпеуі үшін қылшық жүнді және биязы жүнді қойларды бір мезгілде бір жерде қырқуға болмайды, себебі жүннің технологиялық сапасы төмендеп, бағасы кемиді. Мысалы, ірі қылшық араласқан биязы жүннің бағасы 15 процентке кемиді.
Қырқуға жіберер алдында қойға 10—14 сағат бойына азық, су берілмейді, ал неғұрлым жүні бағалы қойларға бір тәулік шамасы азық берілмейді. Тоқ және тоя су ішкен қойлар әсіресе ыстықта қырқуды көтере алмайды, тіпті қырқу кезінде оқыс қайшылардың әсерінен қойдың асқазан органдары қабынып, өліп қалатыны да кездеседі. Ал қойды ашықтырған жағдайда оның ішек-қарыны босайды да, қырқылған жүннің құмалақпен және несеппен ластануы азаяды. Қойды ұзақ уақыт тым ашықтырып жіберуге де болмайды, өйткені қойдың қарны қабысып, қырқу жұмысы қиындайды.
Қотыр және басқа жұқпалы аурулары бар қойларды қырқу жұмысын, олардың сол бағылатын жерінде бөлек пунктте ұйымдастырған дұрыс. Олардың жүнін де басқа қырықтықшылар қырқады, себебі олардың киімдері немесе басқа да заттар араласпау қойларға жүғуы мүмкін. Бұл қойлардан алынған жүн ұқыпты түрде жеке қапталып, бөлек өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет