3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, жалпылау есімдіктерін атаңдар. Олардың сөйлемдегі қызметін анықтаңдар. 1. Ол ақырында бәрін де жеңіп, еңбек зейнетін көріп отыр. 2. Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды, бәрі де көңілді. 3. Ел басына төнген қиыншылықтардың бәрінің артта қалғанына шүкіршілік айтып қояды. 4. Жұмыс тоқталып, бас көтерер ер-азамат тегіс үйде отырған. 5. Барша жұрт ұйқысын қандырып, жаңа ғана тұрған кез екен, оны халық түгел көріпті.
4-жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, жалпылау есімдіктерін тауып, оларды тұлғасына, сөйлемдегі қызметіне қарай талдаңдар. 1. Оның барлық іске сабырмен, ақылмен, адалдықпен қарағаны көрініп тұр.2. Осылардың бәрін өзіңнен артық көріп, сүйе біл, туған еліңнің даңқын арттырып оқи бер, еңбек етебер! 3. Жоспарланған бүкіл тыңды игеру көп техниканың, көп адамның күш-қуатын тілейді. 4. Осынша көп жерде отырған Балқаш ауданының үй саны мың жарымдай ғана, оның күллі егісі —5-ақ мың гектар.