6. Мақсат (Цели) не үшін? неге? не? мақсатпен? (зачем? для чего? с какой целью?) әдейі, жорта, қасақана, көре тұра, біле тұра, әдейілеп
7. Себеп-салдар (Причины и следствия) неліктен? не себепті? қалай? (почему? отчего? как? по какой причине?) бекерге, амалсыздан, боска, текке,
лажсыздан, шарасыздан, қүр босқа, амалсыздан, әншейін
8. Топтау (Разделительное) қалай? қаншалап? (как?) екеулеп, үшеулеп,
бір-бірлеп, рет-ретімен, он-ондап, аз-аздан, көп-көп-тен, бас-басына, жұп-жұбымен
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Үстеулердің мағыналық топтарын толық қамтитын грамматикалық таблица құрыңыз.
Мәтінді ауызша мазмұндаңыз.
ИНФЕКЦИЯ, ЖҰҚПАЛЫ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ ҰҒЫМДАРЫ
Адам баласына көптеген жұқпалы аурулары (шешек, құтыру, оба, сіреспе, мерез және т.б.) ерте замандардан белгілі болған, бірақ олардың қозғыштарының бар екендігі 19 ғасырдың екінші жартысында ғана белгілі бола бастады.
Инфекция латынның infection – жұқтырамын деген сөзінен шыққан (термин 1842 жылы Хуфеланд деген ғалым ұсынған болатын). Бұл терминді бастапқы кезде мерез (сифилис) ауруына ғана қатысты пайдаланады. Ал «жұқпалы аурулар» деген атауды және оларды жеке топқа бөлуді Р. Вирхов ұсынды. Ол аурудың торшалардан (клеткалардан) басталатынын дәлелдеді.
Ертедегі Греция мен Рим ойшылдары (Гиппократ, б.э.д. 460-377 ж; Вергилий б.э.д. 70-19 ж.; Д. Фракастро, 1478-1553 ж.) адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларының табиғатын зерттеп, олардың қозғыштарының болуы мүмкін деген қорытындыға келген. Д. Фракастро жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының бір организмнен екінші организмге әртүрлі жолдармен (жанасу арқылы, бөгде заттар арқылы және арақашықтық – аралық арқылы) берілуін болжады.
Қазіргі кезде инфекцияға мынандай анықтама берілген. Инфекция зардапты микробтардың организмге енгенінен соң, олардың өсіп-өнуінің әсерінен организмде пайда болатын биологиялық, химиялық және патологиялық құбылыстардың жиынтығы болып табылады.
Жалпы биологиялық тұрғыдан алғанда инфекция – микро және макроорганизмдердің тіршілік үшін өзара күресінің белгісі болып табылады. Инфекцияның негізгі заңы микробсыз инфекция жоқ, микроб инфекцияның негізгі себебі. Инфекцияның дамуы мен соңы недәуір мөлшерде микроорганизмнің қорғаныс күштерінің күйіне әрекеттесулерінің барысы қоршаған ортаның жағдайларына да бағынышты. Осы тұрғыдан алғанда инфекция үш фактордың микробтың – микроорганизмнің – қоршаған ортаның бір-бірімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын күрделі биологиялық процесс.
Инфекция кезінде макро және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастарының өзгеріске ұшарауы жұқпалы процесс деп аталады. Жұқпалы процесс макроорганизмнің бұзылған гомеостазын және оның сыртқы ортамен тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған. Ол негізінде үш түрде байқалады: 1) Жұқпалы ауру, 2) Микроб алып жүру, 3) Иммундеуші субинфекция.
Жұқпалы ауру – инфекциялық процестің ең айқын көрінісі. Алайда кейбір жұқпалы аурулар атиптік түрінде, ал кейде тіпті клиникалық белгілерсіз өтеді (бруцеллез, туберкулез, жылқының жұқпалы анемиясы және т.б.).
Микроб алып жүру деп макроорганизмнің денесіндегі микроб өніп - өссе де, оның ауруға шалдықпауын айтады. Айта кететін мәселе аурудан айыққан адам мен жануарлардың организмінде белгілі бір уақыт аралығында микробтың сақталуы мүмкін. Мұндай организмді микроб тасмалдаушы деп атайды. Бұл екі ұғымды шатастырмау керек. Микроб алып жүру жағдайында аурудың клиникалық белгілері байқалмайды және мұндай жануарларды тіпті иммунологиялық тәсілдермен де анықтау оңайға түспейді. Сондықтан микроб алып жүруші малды тек қана бактериологиялық немесе вирусологиялық зерттеулердің көмегімен тауып алуға болады.
иммундеуші субинфекция дегеніміз микробтың өсіп-өнбей, көбеймей өзі тудыратын ауруға қарсы организмнің иммунитетін қалыптастыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |