Пәннің мақсаты: болашақ мамандарды жалпы білім беретін мектептерде биология сабақтарында оқу-тәрбие үдерісін қарқынды жүзеге асыруға дайындығын қамтамассыз ететін әдістемелік білім мен біліктер жүйесін дамыту болып табылады.
Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі түрлі ғылым.
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеу оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялық мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді.
Әдістеме оқу пәнінің мазмұнын және оқу формаларымен тәрбиелеу жолдарын қарастырады.
Әдістеменың аталған бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланысты, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының құралдары мен жабдықтарын да анықтайтын осы әдістеме.
Пәнді оқытудың міндеттері: - болашақ мамандарға биологиялық білім беру жүйесін; биология пәнінің орта мектептерге арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұны мен оларды құру принциптерін; оқытуға қойылатын осы заманғы талаптар мен оларды іске асыру технологияларын меңгерту;
- биологияны оқытуда оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру және пән бойынша элективті курстар мен сыныптан тыс сабақтарды өткізу біліктерін қалыптастыру;
- оқыту үдерісінде техникалық құралдарды және ақпараттық, компьютерлік технологияларды қолдана білуге үйрету.
Орта білім беру құрылымы 1 Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартымен білім берудің сабақтастық және үздіксіздік қағидаттары негізінде қызмет ететін білім берудің мынадай деңгейлерінің негізгі ережелері регламенттелген:
- нормативтік оқыту мерзімі 4 жыл болатын оқытудың бастауыш білім беру деңгейі(1 - 4 сыныптар, оқудың басталуы – 6 жастан);
- нормативтік оқыту мерзімі 6 жыл болатын негізгі орта білім беру деңгейі (5 – 10 сыныптар);
- нормативтік оқыту мерзімі 2 жыл болатын орта білім беру деңгейі (жалпы орта білім беру) (11 – 12 сыныптар).
2 Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу іс–әрекетін меңгеруі және олардың жеке қасиеттерін ашу үшін жағдай жасау.
Бастауыш мектепте оқу-іс әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санауды үйренуге керекті білім, білік, дағдылар жүйесін игертуді, осы деңгейдің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
3 Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.
Негізгі мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру миханизмдерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін меңгеруін, кәсіби ниеттерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Білім алушыларды болашақ оқыту бейінінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастыру қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындығы енгізіледі.
Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.
4 Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.