Мектепішілік инновациялық жағдай - мектеп басқаруды қайта құруға жағымды не жағымсыз әсер ететін маңызды жаңа енгізулер жиынтығы. Оған мемлекеттік және әлемдік білім практикасындағы инновациялық процестер ықпал етеді.
Мораль – адамгершілік, адамның қоғамға және өзіне басқа адамдарға қатысты мінез-құлық нормалары мен принциптерінің жиынтығы, қоғамдық сананың ежелден бергі нысаны, адамның мінез-құлқын реттеу функцияларын атқаратын әлеуметтік институт. Мораль тұлғаға қатысты адамгершілік тәрбие мазмұнының негізі болып табылады.