Дизайн без названия


h Тереңде қалған түбір сынықтарын жұлу



бет7/8
Дата08.11.2023
өлшемі8,55 Mb.
#190299
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дизайн без названия - 2023-10-15T135919.207 (копия)

h


Тереңде қалған түбір сынықтарын жұлу. Толық немесе жартылай ретенциялы тістерді, сынып қалған түбірдің ұштарын жұлуға қысқыштар жарамайды, тіпті элеваторлармен же жұлу оңайға түспейді. Мұндай кезде атипик элеваторлармен де жұлу оңайға түспейді. Мұндай кезде атипик операциялар керек; кесу мен қашау. Ретенциялы тістер үшін бұл операциялар қалыпты жағдай. Оларды белгіленген операция күнінде жасайды. Оған дәрігер мен мейіркеш мұқият дайындалады. Операция жергілікті анестезия немесе наркоз арқылы жасалады. Кесу мен қашау операциясы. Тіс ұясының босаған тұсынан ретенциялы тістердің сауытына жақын тұстап трапеция немесе ойық тәрізді етіп тінді, сүйек қабығын сүйекке дейін кеседі. Кесілген кілегей мен сүйек қабығының құрағы көрші тістердің тұсына дейін қамтитын үлкен болғаны дұрыс. Себебі сүйек тесіп, қашап, оятын алаңқай жаңағы құрақтың ортасында орналасады. Құрақтың табаны көшпелі қатпарға бағытталады, сонда одан келген қан тамырлары арқылы қоректенуі сақталады.

г


Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім Тіс жұлу кезінде тіс, түбір т.б. алынған заттар табақшаға жиналуы керек. Операциядан соң жиналған заттарды зерттеп, егер гранулема қалып қойса оны кюретаж қасықшасымен тазалайды. Түбір, сүйек сынықтарын да ұядан шығарады. Тісті ырғағанда орнынан сырғаған ұя қырларын, саусақпен немесе тампонмен басып орнына келтіреді. Сүйек пен далданың үшкір қырларын қысқыштармен тістеп тегістейді. Дөңгелек сіңір де қалыпты жайына жақындайды. Қиын жұлынған тіс, қатарынан жұлынған тістер орынына кетгут жіптер салынады. Кілегей қырлары бір-біріне жақындаса да жеткілікті, олар сүйекке жабысып, ұядағы ұйысқан қанды ұстап қалады. Ауызды шаю керек емес. Сонан соң стерилді тампонды ұя үстіне қойып 10 – 15 минуттай ұстау керек.
Тіс ұясының жазылуы Тіс ұясы ұйысқан қанмен бітіледі. А.Е.Верлоцкийдің итке жасаған тәжірибесі бойынша, ұя түбі мен бүйірлерінен ұядағы тромбқа қарай грануляция тіні өсіп 7 – 8 күн ішінде кілегей қабықтан өскен эпителий тромбты түгел жабады. Ол 12 – 14 күннен соң бекиді, үш аптадан соң барып қалыпты жағдайға келеді. 7 – 8 күннен бастап ұя түбіндегі грануляция остеоид тіндермен алмаса бастайды. Жараланған өткір сүйек қырлары да ыдырайды. 4 аптадан соң ұяда сүйек нұсқасы пайда болды. 2 – 3 ай өткен соң ұядағы остеоид тін мен оның айналысында айырмашылық негізінен жоғалады, альвеола қыры 1/3 биіктігіне отырады, айналасы жұмырланады. Ал 6-ай өткен соң ұядағы сүйек жақ сүйегімен бірдей болып қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет