Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ


талап 1 класс – 1000 м 2 класс – 500 м 3 класс - 300 м 4 класс – 100 м 5 класс – 50 м 2 талап



бет14/46
Дата19.05.2022
өлшемі204,45 Kb.
#143935
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені
Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс шығару, Тест жаңа 2020, глоссарий (2), мәтіндік тест, Негіздер (-OH), Наж, Academic Phrasebank, treatise34854, 1 сабақ, 8 test answers, GRADE 9-10 PAST PAPERS - 2019 - EN, 5th cambridge AP
1 талап
1 класс – 1000 м 2 класс – 500 м 3 класс - 300 м 4 класс – 100 м 5 класс – 50 м
2 талап Құрылыс алаңындағы салынатын ғимараттың тығыздығы төмендегідей болу керек:

  1. астық өңдеу өндірісінде тығызық 40 пайыз;

  2. консерві, шарап, кондитер өндірісінде тығыздық 50 пайыз;

  3. нан өндірісінде 45 – 50 пайыз;

  4. май өндірісінде 30 – 35 пайыз болу керек.

3 талап Өндіріс алаңын жобалау кезінде төмендегі шаралар ескеріледі:

  1. қатынас жолдарын дұрыс игеру;

  2. жауын – шашын суларын аймақтан алшақтау;

  3. темір жолдарды ескеру;

  4. алаңда бір жағына қарай еңкіштігін ескеру;

  5. аяқ жолдарды ескеру және түрлі нұсқамалар қою.

Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі тұрақты немесе уақытша болатын орны.
Әр қызметкердің жұмыс орны – түрлі жұмыс бабының бір немесе бір-неше түрін орындауға бөлінген мекеменің бір бөлігі. Ол бөлмелер машиналармен, аппараттармен, агрегаттар немесе станоктармен т.б. мекемеге керекті қауіпті техника түрлерімен қамтамасыз етіледі. Қанша қауіпті техника болғанымен ол орында қауіпсіздік шаралары басым болу керек. Ол үшін мекеме әр техника құралдарының талаптарын, ережелерін қатаң түрде сақтауға тиіс. Сондықтан әр мекеменің тұрған орны, санитарлық гигиенасы, әр техниканың орнықты болуы, қауіпсізідік шараларына қарсы құрал – жабдықтары мен арнайы киімдері және ереже талаптары алдын – ала қарастырылса, қызметкерлерге мекеменің көрсеткен ең 1-ші жеңілдігі деуге болады.
Өндіріс ғимараттарына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Өндірістік ғимараттар стандарт бойынша қойылған талаптарға сай болу керек.
Ол өндірісте қанша адамның жұмыс істеу санына байланысты өндірістік нормалар бекітіледі, және де, ер адамдар қанша әйелдер саны қанша соған байланысты күнделікті тұрмысқа қажетті – себезгі, гардероб, дәретхана, демалыс бөлмелері, асхана т.б.бөлімшелер тұрғызылады.
Құрылыс бөлімшелерінің көлемі 15 м3-тан көп болмау керек. Әр жұмысшыға 4,5 м2 бөлмелердің биіктігі 4,8 – ден өте биік болмау керек, қоймалардың биіктігі 3 м-ден кем болмау керек. Еденмен негізгі салмақ көтергіш элементтердің арақашықтығы 2,1 м. Еденмен инженерлік жүйелердің арақашықтығы (газопроводные) 1,9 м кем болмау керек. Сонымен қатар бөлме ішіндегі қысым ылғалдылығының, ауаның тазалығы, гигиеналық талаптарға сай болу керек.

Негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болып табылатындар: көп мөлшерде шаң басу және жұмыс аймағындағы ауаның газдануы; жұмыс аймағындағы ауаның жоғары немесе төменгі температурасы; жұмыс аймағындағы ауаның жоғары немесе төменгі ылғалдылығы және ауаның қозғалысы; шудың және дірілдің жоғарғы деңгейде болуы; әртүрлі электромагниттi сәулеленулердiң деңгейінің жоғарылығы; табиғи жарықтың кемшілігі немесе оның жоқтығы; жұмыс аймағында жарықтың жеткіліксіз болуы және тағы басқалар.


Өндірістік жұмыстың нәтижесінде алатын түрлі зиянды заттардың адам басына және қоршаған ортаға әсерінің дәрежесі, олардың қауіптілік классымен анықталады – барлығы төрт класс болады, және олар 3 кестеде келтірілген нормалар мен көрсеткіштерден байланысты белгіленеді.
Зиянды заттардың қауіптілік кластары көрсеткіштерін нормалау



Атауы

Қауіптілік классының нормасы

1-ші (аса қауіпті)

2-ші (жоғары қауіпті)

3-ші (орташа қауіпті)

4-ші (аз қауіпті)

Жұмыс аумағының ауа-сындағы ШШЖ зиянды заттар, мг/м3
Жұмыс аумағының ауа-сындағы орта ажалдық шоғырлануы, мг/м3

0,1 кем

500 кем


0,1-1,0

500-5000


1,1-10,0
5000-50 000

10,0 астам
50 000 астам

Шоғырланумен шектеліп жіберілетін (ШШЖ) ауадағы зиянды заттарды шоғырлану деп атайды, ол кезде сегізсағаттық жұмыс күнінің (демалыстан басқа) немесе одан да ұзақ уақыт, бірақ аптасына 40 сағаттан аспайтындай жұмысшы күн сайын болған кезде жұмыс стажының барлық уақытында денсаулық күйінің ауруларын немесе кемшіліктерін болдырмайды.
Жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың құрамын – қауіптіліктің 1-ші класты заттар үшін үздіксіз және басқа класты заттар үшін кезеңдеп бақылаған жөн. ШШЖ барлық жұмыс орындарда (бөлмелерде, ашық алаңшаларда және т.б.) тарала береді.
Зиянды заттардан жұмысшыларды қорғау үшін, егер өндірістік бөлмелердің ауасына зиянды заттардың түсуін толығымен жоюға болмайтын жағдайда, өндірістік бөлмеде ұйымдастырылған және тұрақты ауаалмасуды, жайлы метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ауа ортасын құрамының жайлығын құруды қамтамасыз ететін – желдетуді пайдаланады. Ауаның ауысуын шақыратын күштен байланысты табиғи және жасанды (механикалық) желдету болады.
Табиғи желдетуде ауа алмасуы бөлмедегі ауа температурасынан және сырттағы жылудың режімінен, әрі желдің әсерінен іске асырылады. Ол ұйымдастырылмаған (инфильтрация) және ұйымдастырылған (аэрация) болып бөлінеді. Инфильтрация бөлмедегі саңылаулар немесе ғимараттың құралымдық тығызсыздығы арқылы кіретін, сондай-ақ желдің әсерінен ауаның алмасуын білдіреді. Аэрация терезе, форточкалар, желдеткіш арналар, дефлекторлар арқылы іске асырылады, табиғи желдету қарапайым және пайдалануда үнемді болады, бірақ оның кемшілігі – келетін ауа бөлменің температурасын, ылғалдылығын және сондағы қосымша шаңдардың құрамын өзгертпейді.
Механикалық желдетуде ауаның алмасуы ауа арнасы жүйесі арқылы желдеткіштің көмегімен іске асырылады. Қызметінің қағидасы бойынша ол кірме ағындық желдету, сыртқа тарта желдету, кірме ағындық-сыртқа тарта желдетулер болуы мүмкін. Осы жағдайда ауа параметрлері мақсатты (бір бағытта) өзгеріп және реттеле алады.
Микроклиматтың оңтайлы параметрлері құрудың көзқарасынан ең дұрысы ауабаптағыш қондырғыларды пайдалану болып табылады. Ауаны баптау - өндірістік бөлмелердің жұмыстық аумағында тұрақты немесе автоматты іске асырылатын ауа ортасының берілген программасы бойынша өзгеріп отыратын ауаның параметрлерін құру және ұстап отыру болады.
Қолайсыз микроклимат болған жағдайда жеке қорғаныс құралы (ЖҚҚ) ретінде өндірістік киімдер – халат, комбинизон, резеңкелі алжапқыштар, шалбарды қолданады. Қолды улы заттардың, майдың, судың тері арқылы өтуіне кедергі жасайтын крем немесе пастаның көмегімен қорғайды. Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгілейтін және оқшаулайтын аспаптар – респираторлар, сондай-ақ ауаны тазартатын шлангті противогаздарды пайдаланады.
Егер бөлменің көлемі бір жұмысшыға 20м3 кем болса, санитарлық нормаға сәйкес әр жұмысшыға 20м3/сағ және 30м3/сағ кем емес таза ауа беріліп отыру керек. Зиянды заттар жоқ болған кезде бір жұмысшыға 40м3 астам көлемді бөлмелерге берілетін ауаның саны есептелмейді.
Жұмыстық сумақтың ауасындағы зиянды заттардың құрамын әртүрлі тәсілдер арқылы жүйелі бақыланып отырады.
Өндірісте жұмыс процестері бөлмелерде, жұмыс орындарында жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарға сай ауаның температурасын, ылғалдылығын және тазалығын микроклиматтық стандарт бойынша қабылдайды.
Метрологиялық талаптар бойынша әр өндірістің (мал және құс өндірістерінің, ұн, астық сақтау қоймаларының, мұздатқыш орындарының т.б. өндірістердің) талаптарға сай өз нормалары болады. Тек қана далада, таулардағы аймақтарда, жер асты жүргізілетін жұмыстардың стандартқа сай микроклиматы есептелінбейді.
Өндіріс аймағының ауасы әр мезгілге (сезонға) байланысты, жұмыстың түрлеріне байланысты қабылданады. Ол жердегі ауаның тазалығына, жұмыс баптарына, бөлмелердің жылылығына мән беріледі.
Өндірістегі 50-1002 жердің көлемі бойынша жұмыстың түрі жеңіл болса 120С, 100С – ауырлау жұмысқа, 80С - өте ауырлау жұмыстардың түрлеріне стандарттағы норма бойынша қабылданады. Әр мекемелерде, өндірістерде, цехтарда жұмыс атқарушы қызметкерлер және жұмысшылар адам организіміне кері әсерін тигізетін қандай зиянды заттардың болатынымен алдын-ала танысу керек. Бөлмеде зиянды, улы заттар басым болса, қорғаныс құрал-бұйымдарын талап етуге құқұлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет