Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ


Дәріс 12. Электрқауіпсіздік негіздері



бет34/46
Дата19.05.2022
өлшемі204,45 Kb.
#143935
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені
Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс шығару, Тест жаңа 2020, глоссарий (2), мәтіндік тест, Негіздер (-OH), Наж, Academic Phrasebank, treatise34854, 1 сабақ, 8 test answers, GRADE 9-10 PAST PAPERS - 2019 - EN, 5th cambridge AP
Дәріс 12. Электрқауіпсіздік негіздері
Дәрістің жоспары:
1. Электр жабдықтарына қойылатын талаптар
2. Ағзаға электр тоғының әсері және зақымдаушы факторлары
3. Техникалық қорғаныс әдістері
4. Зақымдалудан ұйымдық қорғаныстық әдістері

Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.


Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу -жанасу кернеуі деп аталады.
Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етеді.
Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, қан тамырларының қызуын тудырады.
Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.
Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.
Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымдалулар пайда болуы мүмкін:
күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар.
- Электр күйігі электр тоғының жылулық әсерінде пайда болады. Электр доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып табылады, өйткені оның температурасы +3000-6000° С аралығында болады.
- Терінің металдануы электр тоғының әсерінен металдың майда бөлікшелері теріге сіңуі нәтижесінде болады. Соның нәтижесінде терінің электр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.
Электр белгілері деп, тоқ жүретін бөліктермен тығыз байланыста болғанда, яғни оны қысып ұстағанда теріде сұр немесе ақшыл –сары түсті дақтың қалуын айтамыз.
Электроофтальмия дегенде электр доғасының ультрафиолеттік сәулесі әсерінен көздің сыртқы қабатының зақымдалуын түсінеміз.
Электр соққысы болғанда, адам организмі жалпы зақымданады , яғни нерв және жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады.
Механикалық зақымдалулар (тканның бөлшектенуі, сынықтар) адам бұлшық еттерінің тырысуы және де электр тоғының әсерінен төбеден құлау нәтижесінде болады.
Электр тоғынан зақымдалу сипаттамасы тоқтың тегі мен мәніне, оның жүріп өту жолына, әсер ету ұзақтығына, адамның жеке физиологиялық ерекшелігіне және оның зақымдалған кезіндегі жағдайына байланысты болады.
Көп жағдайларда тоқтың тегі мен мәні зақымдалу сипаттамасын анықтайды. Өндірістік жиіліктегі (50 Гц) кернеуі 500 В дейінгі айнымалы тоқтағы электр қондырғылары тұрақты тоққа қарағанда өте қауіпті. Бұл адам организмі клеткаларындағы күрделі биологиялық процесстерге байланысты болады. Тоқ жиілігі өскен сайын, зақымдалу қаупі азаяды. Мс: бір неше жүздеген кГц жиілікте электр соққысы сезілмейді.
Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық.
Адам айнымалы тоқтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5 тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады.
Жібермейтін тоқтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз еркімен қолын тоқ жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы тоқ үшін – 10-15 мА, ал тұрақты тоқ үшін – 50-80 мА. Тоқтың ары қарай өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қиындайды және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді.
Фибрилляциялық тоқ жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының әлсізденуін, түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде жүректен бүркелетін қан қажетті өмір сүру органдарына бармайды және ең бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы ары кетсе 5-8 минут өмір сүреді, сондықтанда бұл жағдайда зақымдалған адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция тоғының мәндері –80 нен 5000 мА аралығында болады.
Тоқтың жүру жолы зақымдалу сипатына бір шама әсерін тизізеді. Өте қауіпті жол – жүрек, бас миы және тыныс алу кеудесі арқылы өтетін жол болып табылады. Электр травматизмін талдауда «оң қол – аяқ», «қол – қол» жолдары жиі кездеседі, ал «бас – аяқ», «бас – қол», «аяқ – аяқ» жолдары сирек кездеседі.
Адам організмі арқылы өтетін тоқтың мәні берілген кернеуге және дене кедергісіне байланысты болады. Кернеу қаншалықты көп болса, соншалықты көп тоқ адам арқылы өтеді.
Адамның кедергісі тұрақты емес және ол әр түрлі факторлаға байланысты болады. Мс: терінің жағдайы, жанасу тығыздығы және шамасы, берілген кернеудің мәні және тоқтың әсер ету уақыты.
Бақылау сұрақтары
1. Адамның электр тоғымен зақымдануының түрлерін атаңыз
2. Электр тоғының өте қауіпті жиілігі мен түрін көрсетіңіз:
3. Электр тізбегіне қосылып қалған адамның денесі арқылы өтетін тоқтың аса қауіпті жолдарын көрсет
4. Адамның денесінің есептік кедергісі қандай
5. Электр тоғымен зақымдану мүмкіндігі бойынша аса қауіпті бөлмелер салыстырмалы ылғалдылықтың қандай шамасымен сипатталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет