Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ



бет42/46
Дата19.05.2022
өлшемі204,45 Kb.
#143935
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені
Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс шығару, Тест жаңа 2020, глоссарий (2), мәтіндік тест, Негіздер (-OH), Наж, Academic Phrasebank, treatise34854, 1 сабақ, 8 test answers, GRADE 9-10 PAST PAPERS - 2019 - EN, 5th cambridge AP
Өртке қарсы кедергілер
Өрт кезінде от жалынның үй көлеміндей жайылып өрістеуін шектеу үшін әр-түрлі кедергілер орнатылады. Олар өртке қарсы жабық қабырға, қалқа, қақпа, люк, тамбурлар, шлеуіздер. Бұл кедергілер жанбайтын материалдардан жасалады.
Өртке қарсы қабырға дегеніміз – отқа төзімділік шегі екі жарым сағатқа жанбайтын және сынбайтын бітеу қабырғалар. Өртке қарсы қабырғаларға – есіктер мен қақпалар жатады. Олардың орта төзімділігі екі сағаттан кем болмауы керек. Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерге арналған. Бұл жабындар жанбайтын немесе құрамы тұтас темір бетон ретінде болады.Түтін өртенген үйдің ішінен адамды шығаруға және от сөндіру жұмыстарын сөндіруге кедергі жасайды. Сондықтан өрт шалған үйлерге арнайы люктер қолдануылуы қажет.
Өрт сөндіру материалдары
Өртке қарсы су қондырғыларына қойылатын талаптар құрылыс проект нормасымен анықталады.
Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдар сөндіргіш заттар деп аталады. Өрт сөндіргіш заттар арзан қолданылып, қәуіпсіз материалдар мен бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығындар мен жоғары сөндіргіш нәтежие беру керек. Негізгі өрт сөндіру заттар: су, су буы, тұздардың су ерітінділері, инертті газдар, минералды ұнтақтар, көбік, құм, топырақ, әр-түрлі жапқыштар.
Су – отты сумен сөндіру ең қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын өрт сөндіргіш зат. Оның өрт сөндіргіш қасиеттері жылу сыйымдылығымен булану жылулығы жоғары болғандықтан, бұл өрт ошағын салқындатып, жанған заттың температурасын, оның жану температурасынан төмен азайтады. Суға әр-түрлі бет активті заттарды қосса, оның от сөндіргіш қасиеттері жоғарлайды. Бірақ, ондай суды от сөндіруге көп қолдануға болмайды. Себебі: химиялық реакцияға түсетін заттарды, бағалы бұйымдар мен металлдарды, электр тогы бар қондырғыларды, тез тұтанғыш сұйық заттарды қасиеттерінен айырады.


Өртті көбікпен сөндіру

Химиялық көбік – натрий бикорбанатты немесе сода ерітіндісі және қышқыл ертіндісінің арасындағы химиялық реакциядан туады.
Ауа механикалық – ауа және көбік шығаратын заттың су ерітіндісін араластырғанда пайда болады.
Көбіктердің өрт сөндіргіш қасиеттері оның меншікті салмағы аз болғандықтан жаңған заттар бетін жауып оларға ауаның оттегінің өткізбей жану процесін тоқтатады.
Инертті газбен сөндіру – оларға: көмір қышқыл газы, азот, ардон, гелий, титан және пайдаланылған газдар өрт сөндіргіш қасиетті өрт зонасында ауа оттегісінің концентрациясын азайтады. Температурасын төмендетеді және жану процессін тоқтатады.
Минералды ұнтақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет