«Дүниежүзі тарихы» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет2/2
Дата16.01.2022
өлшемі263,79 Kb.
#112217
1   2
Байланысты:
Д тарих

Суреттер

Суреттің атауы және авторы

Автор ойы

Суреттің ерекшеліктерін, жанрын анықтаңыз

1-сурет



Герника» картинасы берілген. Авторы әйгілі испан

суретшісі Павло Пикассо. 1937 жылы салынған



Герника" атты

еңбегінің салынуына солтүстік Испаниядағы соғыстан зардап

шеккен қираған үйлердің көрінісі түрткі болыпты. Бұл суреті

арқылы Пикассо сол кездегі күшейіп келе жатқан фашизмге

наразылық білдіріп, Испанияның республикалық құрылыста

өмір сүргенін жақтады. Болашақта туындауы мүмкін соғыс

қаупіне алаңдаушылық білдіріп, әлемді бейбітшілікке

шақырды.


Герника суреті өнердегі кубизм стиліне жатады.

Сурет әлемдегі халықтар мемлекеттерді бейбітшілікке,

соғыспауға үндеуімен идеологиялық маңыздылығымен

ерекшеленеді.



2-сурет



картинаның атауы «Айқай» (Крик) 1893-1910 жж аралығында

үзілістермен салынған. Авторы норвег суретшісі Эдвард Мунк



Қанды қызыл ымыртта екі қолымен басын ұстап

айқайға салған адам бейнеленген. Суреттегі адамның

бейнесінде қорқыныштың белгісі бар. Бұл арқылы автор келесі

ғасырда болуы мүмкін соғыстар мен әлемдегі жантүршігерлік

оқиғаларды болжап отыр. Автор капиталистік мемлекеттерді

өзара түсінісушілік пен бейбіт өмір сүруге шақырды.



Сурет

экспрессионизм жанрында салынған. Суреттің негізгі

ерекшелігі адамдарды тату-тәтті өмір сүруге, бейбіт өмірге,

қақтығыстар мен соғыстарды болдырмауды насихаттауымен

тәрбиелік маңыздылығы зор.


[6]

4. Қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін кестеде анықтаңыз.



Рухани-адамгершілік құндылықтар саяси оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді?

Рухани-адамгершілік құндылықтар экономикалық оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді?

Мәдениет пен ҒТР-ның әсерінен рухани-адамгершілік құндылықтар қалай өзгерді?

Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан және

әлемде қалыптасқан жаңа әлемге ықпал ету бойынша «Қырғи-қабақ» соғыстың алдын алу мақсатында әлемде бейбітшілікті

жақтайтын, зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған,

мемлекеттерді қарусыздануға шақырған, ұлттарды тату-тәтті

өмір сүруге үндеген пацифистік көңіл күй өрістеді. Әлем

халықтары отарсыздану деген үндеуге қосылып, отар

халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізуіне қосылды. Әйел

адамдардың теңдігі мен қоғамдағы белсенділігі жолындағы

қозғалыс феминизм өрістеді.



1929-1933 жж болған экономикалық дағдарыс, 70-жылдары

орын алған мұнай дағдарысы әлем тұрғындарын азық-түлікті,

қуат көздерін үнемдеуге итермеледі. Еуропада тұтынатын

заттарды үнемдеу теледидарға насихатталып жатты. Отбасы

құндылығына үлкен соққы тиіп, Батыс елдерінің азаматтары

тұрмыс пен материалдық жағдайды басты орынға қойды,

бұның салдары ауыр болып, Еуропада демография құлдырауға

ұшырады. Адамдар отбасы құрып, балалы болуға асықпайтын

болды.


Музыка мен киноиндустрия бұқаралық сипатқа ие болып,

бұқараның жеңіл-желпі сұраныстарын орындады, мағыналы

бейнелі кино музыка туындылары азайып кетті. Аға буын мен

кіші буын арасындағы рухани құндылықтың өлшемі жер мен

көктей болды. Ешбір талғамы жоқ, көпшіліктің ғана сұранысын

өтеуге жарамды жеңіл-желпі туындылар жастардың тәрбиесіне

теріс әсерін тигізіп отыр.


Ортақ әсерін көрсетіңіз.

1 Адамдар бир бирине кайырымдылык корсете бастады.



2Әлем халықтары отарсыздану деген үндеуге қосылып, отар халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізуіне қосылды.



[5]

Жалпы балл саны: 24

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет