1.5. Критерийлер Жобаға қатысушы мектептердің әрқайсысы келесі критерийлерге қол жеткізу үшін күш салады деп болжамдалады: Мектеп оқушыларының әрқайсысына мектеп өміріне өз үлестерін қоса алатынын көрсету арқылы, барлығының жеке адамгершілік қасиеттерін арттыру жолында белсенді жұмыстар жүргізу;
Оқытушылар құрамы мен оқышылар арасында, сонымен қатар мектеп оқышыларының өздерінің арасында күнделікті мектеп өмірі барысындағы өзара жақсы қарым-қатынастарды қалыптастыру;
Оқытушылар құрамы мен мектеп оқушылары арасында мектеп алдында тұрған әлеуметтік мақсаттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Мектеп оқушыларының мектептегі қажетті іс-шараларға қатысуына ықпал ететін ынталандыру шараларын қалыптастыру;
Мектептегі дене қимылының белсенділігін арттыру үшін мүмкіндіктерді пайдалану;
6. Мектептің, оқушының отбасы мен қоғамның арасында өзара жақсы қарым-қатынастар қалыптастыру;
Медико-санитарлық ағарту бағдарламаларын біртіндеп енгізу мақсатында мектептің бастауыш, орта және жоғары тізбектері арасындағы сабақтастықты қалыптастыру;
Мектептің барлық қызметкерлерінің денсаулық деңгейі мен тұрмыс деңгейін арттыру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу;
Денсаулыққа қатысты еліктеп, өнеге алу үшін оқытушылардың рөлін арттыру мүмкіндіктерін қарастыру;
10. Мектепте тамақтандыру ісін ұйымдастыру және оны жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру;
11. Консультациялық және басқа да көмектер көрсету үшін қоғамдағы қазіргі бар қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің ықтимал мүмкіндіктерін жүзеге асыру;
12. Медицина қызметкерлерін әзірлеу және денсаулық сақтау мәселелері бойынша мектеп қауымын ағарту ісіне оларды жұмылдыру;
13. Профтексеру деректері нәтижесінде денсаулық жағдайын кешенді бағалау көрсеткіштерінде оң өзгерістер анықталған оқушыларды тіркеуге алу;
14. Оқушылардың сырқаттану бойынша сабақтан қалуын азайту, сырқаттану жағдайларының санын өзгерту.
15. Мектеп оқушылары мен педагогтар, мектеп оқушылары мен ата-аналар арасындағы жанжалды жағдайларды азайту.
Дивиантты мінез-құлқы бар оқушылар санын азайту.
Ыстық тамақпен тамақтандыру ауқымын арттыру.
Оқу процесі барысында жақсы физикалық дамуы тіркелген оқышылардың саны.
Жарақаттануды азайту.
Жас айырмашылығы мен гигиеналық талаптарға жиһаздың сәйкестігі.