Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер» жобасының үйлестірушілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық



бет16/30
Дата06.02.2022
өлшемі294,5 Kb.
#76609
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
2. Мектептегі физикалық орта
Денсаулықты нығайту мектептері өмір сүру, жұмыс істеу және оқу үшін денсаулықты нығайтуға әсер ететін ортаны құруға ықпал етеді. Бұл орта екі фактордан құралады:

  • Физикалық орта (ғимарат, демалыс аймағы, мектеп ішіндегі және сыртындағы, мектеп төңірегі аумағындағы жабдықтар , жарық беру, желдету, сумен жабдықтау жүйелері);

  • Ұйымдастыру құрылымы (басқару, қауіпсіздік шаралары)




Компоненттері

Бақылау пункттері

Мектеп бүкіл мектеп қауымы үшін қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Жаң ойын немесе спорт жабдықтарын таңдау кезінде мектеп қауіпсіздік принциптерін басшылыққа алады және қажет болған кезде, оларды сол жерде пайдалану бойынша барлық қажетті нұсқаулықтардың болуын тексереді. Мектеп барлық құрылғылардың, қондырғылар мен жабдықтардың қауіпсіздігі бойынша мерзімдік тексерулер жүргізеді. Жергілікті қауыммен бірлесіп мектеп мектепке жақын жолдардағы жылдамдықты шектеу арқылы көлік жарақаты қаупін азайту шараларын әзірлейді. Мектеп оқушыларды кездейсоқ келушілерден қорғау шараларын қарастырады.

Қажетті санитарлық жағдай мен сумен жабдықтау қауіпсіздігін қолдау саясаты

Таза су ішу және қол жуу үшін үнемі қолжетімді болуы тиіс. Санитарлық жабдықьарды жууға қажетті су жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Әйелдер мен ерлер дәретханасы қажетті мөлшерде болуы тиіс.

Мектеп қоршаған ортаны қорғау шаралары жөніндегі саясатты жүргізеді



Оқушылар жабдықтардың сақталуына жауапты болады.
Оқушылар мектептің таза болуына ат салысады.
Оқушылар мектепті безендіруге ат салысады, мысалы қабырғаға сурет салу, ағаштар мен бұталарды отырғызу. Бос пластик контейнерлерді пайдалану. Мектепте қоқыс тастайтын арнайы орындар болуы тиіс. Мектептің бүкіл аумағында желдету желісі болуы тиіс.

Мектеп оқушылары мен мектеп қызметкерлері үшін өте қолайлы жағдай жасауға талпынады

Жарық болуы тиіс. Шудан қорлалған болу керек. Жылу жүйелері бұзылмаған, әрі олар қажетті жерлердің бәрінде болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет