Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Дүниетану» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Уақыт лентасына қазақ халқының қалыптасуынанегіз болған тайпалардың атауын жаз.
тапсырма
а) Сипаттаманы атақты тұлғалардың есімімен сәйкестендір.
Атақты тұлғалар
|
|
Қызметі
|
Әбілхан Кастеев
|
әскери қолбасшы, жазушы
|
Қаныш Сәтбаев
|
тұңғыш қазақ ғарышкері
|
Тоқтар Әубәкіров
|
академик, ғалым, геолог
|
Бауыржан Момышұлы
|
атақты суретші
|
b) Ә. Қастеевтің еліміздің дамуына қосқан үлесі туралы жаз.
[5]
[4]
тапсырма
Cуретке қара. Берілген сұрақтарға жауап бер.
[1 ]
а) Елімізде бұл мереке қай күні атап өтіледі?
b) Ол қандай мереке түрі болып саналады?
[2]
тапсырма
ХХ-ХХІ ғғ. Қазақстан ғылым мен мәдениет саласында қандай жетістіктерге жетті? 2 мысалдан келтір.
Ғылым саласында
|
Мәдениет саласында
|
1)
2)
|
1)
2)
|
[4]
тапсырма
Cуретте спорттың қай түрі бейнеленген? Атауын жаз.
[1]
Бұл спортпен шұғылдану кезінде жарақаттану қаупінің алдын алу үшін не істеу керек?
[1]
Балл қою кестесі
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
|
5
|
Ретімен орналастырылған әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады
|
2
|
|
4
|
Әр дұрыс
сәйкестікке
1 балл қойылады.
|
Әбілхан Қастеев—Қазақстанның алғашқы кәсіби суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы/ Қазақстан мен көршілес елдердің бейнелеу өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның шығармашылығы әлемдік мәдениет қазынасына енді/...
|
1
|
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
|
3
|
15-қарашада/1993 жылдың 15 қарашасынан бастап тойланып келеді
|
1
|
|
кәсіби мереке/қаржыгерлердің кәсіби мерекесі
|
1
|
4
|
Ғылым саласындағы жетістіктер:
Жаңартылған оқу бағдарламасы/ оқулықтар кешені/ Назарбаев Университеті, зияткерлік мектептер/ «Болашақ» бағдарламасы/ медицина саласының дамуы/цифрлық және нанотехнологияның дамуы/ Робототехника/ЭКСПО-2017
көрмесінің ұйымдастырылуы/...
|
2
|
Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады. Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
|
Мәдениет саласындағы жетістіктер:
Ұлттық домбыра күнінің бекітілуі/ кино және театр өнерінің дамуы/Д. Құдайберген, Д. Тулешова т.б өнер адамдары арқылы әлемдік аренаға шығу/балет өнерінің дамуы/тарихи-мәдени мұраларды (мысалы, Алтын адам) әлемдік мұражайларға алып шығу/ спорт саласындағы жетістіктер
|
2
|
5
|
волейбол.
|
1
|
|
Жаттықтырушының нұсқаулығын тыңдау керек/Ыңғайлы киім кию керек/ Бұлшық еттерді созу үшін алдын ала жаттығулар жасау қажет/Қауіпсіздік ережесін сақтаған
жөн/Қалтадағы үшкір және басқа заттарды алып қою керек/
|
1
|
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.
|
Барлығы
|
18
|
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |