Бақылау жұмысының мазмұны мен орындау тәртібін таныстыру.
Жұмысты оқушылардың өздігінен орындауын қадағалау.
Сабақты қорытындылау.
Аралас сабағының құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
Жаңа материалды түсіндіру.
Оны пысықтап, бекіту.
Сабақты қорытындылау және үйге тапсырма беру.
Мұндай сабақта сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері, бөліктерінің ұштасуы орын алады. Сабақтың бұл түрі бастауыш кластарда кеңінен қолданылады. Төменгі кластарда кеңінен қолданылады. Төменгі класс оқушылары біркелкі жұмыстан жалығады, жылдам шаршайды. Ал, аралас сабақтағы оқу жұмысының әртүрлі, бірінен кейін бірі ауысып отыруы балалардың таным белсенділігін арттыруға, зейіндерінің тұрақтануына мүмкүндік береді
Дүниетану пәні бойынша ерекше сипаттағы сабақ типтері жүзеге асады. Мысалы, түсіндіріп оқыту сабағы, заттық сабақтар, тәжірибе көрсету сабағы.